Кейіпкер портреті (Ақтан жас) Автордың айтқысы келген
мен іс-әрекетін ашудағы өлең жолдары
ойы
Жапанға біткен жапырақ,
Жамылсаң тоңар ма екенсің?
Жазғы шыққан бүлдірген,
Сұғынсаң тояр ма екенсің?
Бадана көз, тоғыз тор,
Сауыт киер ме екенсің?
Білтеліні тұтатып,
Түтінін үзбей оқ атып,
Жау қашырар ма екенсің?
Тұлпар атты жаратып,
Құйрық-жалын таратып,
Сырты қырлы, жүзі алмас,
Сапы асынар ма екенсің?
Тең құрбымен теңеліп,
Шаруа жиып кенеліп,
Бала сүйіп, мал жиып,
Керсеніне бал құйып,
Өмірде сүрер ме екенсің?
2-тапсырма: Өлеңнен алған әсеріңізді білдіре отырып, шығармадағы тірек
сөздерді қолдана отырып жетім бала Ақтан жасқа (50 сөз көлемінде) хат
жазыңыз:
ответ:Автор болашақ өмірінен зор үміт күтіп,бадана көз,тоғыз тор киіп,білтелі мылтық ұстап жау қашырған,тұлпар мініп,сапы асынған Ақтан батыр образын сомдаған.Сенде жетімдіктен өтесің,тең құрбыңмен теңеліп,шаруа жиып балалы-шағалы боласың,тек Ақтан қажыма,- деп күш береді.Автор кейіпкердің болашақ образын аша білген.Іс әрекетін суреттей отырып кейіпкерін алға,болашаққа,жақсылыққа жетелейді.Ақтанның болашақта жақсы өмір сүруін армандайды.
Хат
Құрметті,Ақтан жас!Сен туралы,сенің өмірің жайлы өр ақын Дулат Бабатайұлының өлеңінен білдім.Сен жетім баласың,болашағың бұлыңғыр.Бірақ мен бір құпияны білдім.Саған хат жазуымның себебі де сол - маған сыры мәлім болған бір құпияны сенімен бөлісу еді.
Объяснение: