Кешпелілер деген кімдер? 1. Көшпелілер өркениеті
мал шаруашылығымен айналысатын, белгілі бір қалыптасқан
жүйеу мен көшіп-қонып тіршілік ететін адамдардың қауымдастығы, өркениеті.Көшпеліліктің
шығуына географиялық орта мен ауа райы әсер етті. Көшпелілік белгілі бір геофизикалық,
табиғи-климаттық аймақтарда қалыптасады. Бұл қандай аймақтар, олардың экологиялык
жүйесі қандай? Әдетте, бұл – далалы, жартылай шөлейт, шөл және құрғақ далалар, тау
бөктері
, тау қойнаулары. Мұндай жерде көбінесе жаңбыр аз, жылдық ылғалдың мөлшері 200-
400 мм арасында ғана болады. Осындай аймақтарға Қазақстан да кіреді.
2. Көшпелі өмір салты ол халықтарды табиғатқа жақын болуға, табиғатты қадірлеуге, оның
сырын тануға мүдделі етті. Сондықтан көшпелі елдерде «жабайы табиғат» деген ұғым мүлде
моң, Көшпелілердің табиғат аясындағы өмірі жайында тарихшылар, философтар, орта ғасыр
ойшылдары тамсана жазды,
Сақтар туралы өзге елдердің зерттеушілерінің құнды жазбалары сақталған. Олар
көшпелілерді «рухы биік, жаны таза, бейбітшілік сүйгіш, әділ, батыр, ұйымшыл халық» деп
бағалады. Біздің заманымызға дейінгі V ғасырда өмір сүрген тарихшы Геродот көшпелі скиф-
Сақ тайпаларын мадақтап жазды.
3. Алайда, көшпелілер туралы теріс түсініктер бұрын да, кейін де кездесіп отырды. Көне
Қытайда «көшпелілер — жабайы, мәдениеттің қас жауы» деген түсінік қалыптасты. Еуро-
пада да көшпелілерді «тағы, жабайы, өркениеттің жауы» деп есептеді. Себебі сақтар соғыс
өнеріне жетік, жауынгер, батыр, ержүрек халық болды, сондықтан айналасындағы көршілері
олардан қауіптеніп отырды. Ал кеңестік идеология көшпелілер туралы мүлде кері көзқарас
қалыптастырды. Өйткені бұл саясат кез келген халықтың тарихын, дәстүрі мен мәдениетін
жоюды мақсат етті.
Жаңа жылға жаңа жыр
Жасыл шырша жанында
Билеп барлық бала жүр
Жаңа жылым мол болсын
Баскан қадам он болсын
Төрле Төрле Жаңа жыл
Бізге Құтты жыл болсын
Ақ қар жапты даланы
Ақ жамылды айнала
Жарқыратып шамдарын,
Шырша келді ортаға
Ауыл маңы қар аппақ,
Қызықтар көп не түрлі.
Ақ дәптерді парақтап,
Қыс отырған секілді.
Жаңа жылда, балалар,
Тек қуаныш көріңдер.
Ауырмаңдар ешқашан,
Мықты болу өзіңнен.
Әкем таңдап әкелді
Ең үлпілдек шыршаны,
Иісі аңқыған шыршаны,
Жарқыраған шыршаны...
Жұпар иісі аңқыды,
Апамды да мәз қылды!
Жаңа жылда, балалар,
Тек қуаныш көріңдер.
Ауырмаңдар ешқашан,
Мықты болу өзіңнен.
Тамаша, тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.
Жаумай жауын жалғыз тамшы,
Еккен егін өнбей жерге,
Еткен еңбек ұшты желге...
Қайтсем жауын жаудырамын,
Ел сусынын қандырамын,-деп Толағай еркелеп анасынан сұрады.Сонда анасы:
Қарлы,шыңды тау жерінде,
Тарбағатай өңірінде,
Үзілмейді жылда жаңбыр,-деп жауап берді.Толағай Тарбағатай тауына жолға шықты.Аман-есен тауға жетіп,арасынан басында қары мен бұлты,етегінде жайылған аңы,ағаш бұтағымен бір шоқыны икемдеп арқасына салып алып,еліне жол тартты.Шаршап белі талсада,демалсам орта жолда қалып қоярмын,-деп демалмастан еліне жетті.Еліне жетуі сол екен тау басындағы бұлттардан жаңбыр жауып берді.Жер суланып,халық қуанып мәз болды.Тауды қоямын дегенде,Толағайдың аяғы тайып кетті.Шаршап келген дене таудан шыға алмай, тау астында қалды.Анасы көз жасын бұлап қала берді.Толағай батыр өзі өлседе елін қуантып,жерін көгертіп кетті.Жаңбыр жауған сайын елі Толағайды еске алатын болыпты.