В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
BraveBeast
BraveBeast
17.01.2021 07:24 •  Қазақ тiлi

керек Жаттығу жұмыстары.
3-тапсырма. Берілген сөйлемдерден сан есімдерді тауып, сөйлемнің қай мүшесі болып тұрғанын көрсет. 1.Біз екеу едік. 2. Жолдасым отыз-қырықтардың шамасындағы адам. 3. Ауылдан он-он бес шақырым шықтық. 4. Бір белеске шықсаң, екінші белес ұшырасады. 5. Қыс қыстаулары басқа болғанмен, жаз көбіне отырады (Б.Майлин).

64-жаттығу. Берілген есептік сан есімдерден реттік сан есім жасап, бірқатарын сөзбен, бірқатарын жай цифр арқылы, енді бір қатарын рим цифры арқылы зат есім сөзіне тіркеп жазыңдар. 2, 5, 6, 9, 20, 17, 21, 147, 1950, 1891, 160, 1941.

68-жаттығу. Сан есімдерден кейін тиісті пунктуациялық белгілерді қойыңдар. 16 ға, 100 ден, 15үй, 5 терде, 25 мектеп, 6 том, XX том, 13 февраль, 27 июль, XYI тарау, 10 ана бес, I жарты жылдық, 2 ақ сағат, 30 даған, 60 тарда. (М.Ә.Қараев, Қазақ тілі, 106- бет)

85-жаттығу. Сан есімді тауып, олардың мағыналық түрлерін үстіне жазып көрсетіңіз. Өтірік екеу, шын төртеу (Мақал). Бір енеден бес едік, Бесеуіміз жүргенде, Алашқа болман деуші едік, Өтемістен туған он едік, Онымыз атқа мінгенде, Жер қайысқан қол едік (Махамбет). Екеудің үлесі үшеуге үнем (Мақал). Механизм бөлшектерінің тоқсан тоғызы дұрыс, бірі теріс болса, сол бірі тоқсан тоғызды бөгейді (Ғ. Мұст.). Екеуінің үйлері де көрші, қораларының қақпасы біріне-бірі қарап тұрады (Н.Ғ.). Біреудің өзі қорқып, біреудің аты үркіп, қиын кедергілерден секіре алмай, бұрылып кетіп жатты (Ә. Нұрш.). Республикамызда табиғи шабындық пен жайылымдар шамамен 180 миллион гектар жерді алып жатыр («ҚӘ»).

Показать ответ
Ответ:
daviduk2509
daviduk2509
06.11.2021 07:47
Қазіргі техника дәуірінде адамның күнделікті өмірі компютермен өтеді. Оны ешкім жоққа шығара алмайды. Компютерге отырған кезде адам жай ғана отырмай интернет пайдаланады. Қазір интернеттен өзіңе керектінің бәрін таба аласын. Тіпті, интернетте отырып-ақ өзіне керектіні сатып алуыңа болады (киім, тамақ,әшекей-бұйымдар т.б.). Әрине, бұл өзіңе пайдалы. Бірақта әрбір заттың өз уақыты, өз орны болу керек емес пе? Ал қазіргі жастар күні-түні сол монитордың алдында отыруға бар. Ол бір жағынан денсаулыққа әсер етеді, ал бір жағынан санаға әсер етеді. Кейбіреулер айтып жатады интернетке отырсаң бәрін білесің, бәрінен хабардар болып отырасың деп, ол да дұрыс бірақ ол адамның өзіне байланысты. Ол жақсы бірдеңелер біліп жатама немесе ойын ойнап, агентте отырама. Мысалы, қазіргі ата-аналар интернетті балаларына қосып беріп жатады. Өзі білмесе де баламның көзі ашық болсыншы, білсін, оқысын деп. Ал бала болса құр ойнаумен уақытын өткізеді. Ал сабақ жайында қалады.
0,0(0 оценок)
Ответ:
Shtager1501
Shtager1501
10.04.2022 12:22

іне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 60 жыл өтті. Бұл  сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдаған, станоктың қасынан, егін даласында, күні-түні  мал бағып,  тынымсыз жұмыс істеген жұмысшылар, ауыл адамдары тойлайды. Бұл мейрамды біздің аяулы да даңқты әйелдеріміз - өздерінің әкелерін, ерлерін, ұлдарын және сүйіктілерін көзінен жасы сорғалай жүріп төзімділікпен күткен, олардың орнын жоқтатпаған аналар мен жұбайлар, қалыңдықтар мен қыздар тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің әкелері мен ағалары қанын төгіп, жанын қиып бақытты өмірін қамтамасыз еткен Ұлы жеңістің  құрдастары тойлайды. Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған-туысқандарына, жақын-жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсіреді.


        Бұл мейрамды бұрынғы кеңес одағына кірген 15 одақтас республика халқымен бірге, кеңес халқы неміс басқыншыларынан азат еткен   Еуропа елдерінің Варшава мен Прага, Будапешт пен Бухарестің, София мен Белградтың, Париж бен Венаның, жер шарының басқа да көптеген қалаларының тұрғындары тойлайды.


        Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мен отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан қилы соғыс жүріп жатты.


        Бір күшке жиналған орыс пен тәжік, грузин мен белорус, қазақ пен украин қарсы алдындағы жауға алмас қамал болып жұмылды...

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота