В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
Змей19
Змей19
28.02.2021 19:18 •  Қазақ тiлi

Казактын сазгерлерi найдите любого композитора казахского с биографией♥♥♥

Показать ответ
Ответ:
vikki01092
vikki01092
05.10.2020 12:23
Құрманғазы Сағырбайұлы 1806 жылы дүниеге келіп, 1879 жылы өмірден озды. Қазақ халқы өткерген сұрапыл тарих беттері мен өзінің жеке қасіреті, өмір туралы ойлары мен қазақ даласының, ұлттық мейрамдардың жарқын көріністері оның күйлерінде көрініс тапты.

Құрманғазының көрнекті шығармаларының бірі – «Кішкентай» күйі. Ұлы күйшінің шәкірттері мен ізбасарларының ойынша, бұл күй Исатай Тайманұлының көтерілісіне арналған.

Құрманғазы қандай тақырыпта күй жазса да, онда адам сезімінің барлық түрі – махаббат та, мейірімділік те, жақсылық та, рақымдылық та болды. Оның өзіне тән орындаушылық стилі болатын, өзінің ұлттық домбыра мектебі де болды.

Құрманғазының өмірі көптеген оқиғаларға толы болды. И. Тайманұлы мен М. Өтемісұлының жетекшілігімен басталған Бөкей ордасы қазақтарының ұлттық көтерілісін (1836-1837 жж.) көрді. Сол уақытта Махамбеттің отты жырлары мен Құрманғазының бүлікші күйлері қазақ даласына тарап, халық жүрегінен үміт отын оятты. Бүлікші күйлері мен билікке бағынбаушылығынан Құрманғазы қудалауда болып, қамауға да алынды, сондықтан ол көп уақыт бойы туған жерінен алыста болуға мәжбүр болды.

Құрманғазы орыс мәдениетінің өкілдері – филологтармен, тарихшылармен, этнографтармен таныс болған, олар қазақ музыкасы, музыканттар мен ұлттық аспаптар жайлы материал жинаған. «Ләушкен» күйін Құрманғазы орыс досы ақын Н. Савичевке арнаған, ол Құрманғазыға өмірінің қиын сәттерінде қол ұшын созған. Оның достық сезімі сонымен қатар, «Машина», «Перовский марш» және т.б. күйлерде көрініс тапқан.

«Сарыарқа» күйі Құрманғазы шығармашылығының биік шыңы, қазақтың дәстүрлі музыкасының шыңында тұрған шығармалардың бірі болып табылады. Ұлттық өнерімізді әлемге танытқан бұл күй ұлы күйшінің туған жеріне, қазақтың кең даласына деген махаббатынан туған туынды, халықтың, даланың өзі сияқты кең, өзі сияқты шексіздігін танытатын дауысы. Қуғын-сүргінге ұшырап жүрген шағында жазылған Құрманғазының «Сарыарқасы» бүкіл қазақ халқының еркіндікке, азаттыққа деген құлшынысының көрінісіндей.

Құрманғазының ұлттық домбыра мектебінің дәстүрін сақтаушылар –халық композиторының бай мұрасын біздің уақытқа дейін жеткізген күйші ұрпақ.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота