Домбыра — қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Ол – қазақтар өмірінде маңызды орын алатын, өзіндік музыкалық сипаты бар аспап. Алғаш эпикалық дәстүр шеңберінде жыр, толғау, термелерді сүйемелдеуге қолданылған домбыра кейін аспаптық шығарма – күй жанрының қалыптасуына ықпал еткен. Қазіргі кезде домбыра жеке әнді сүйемелдеуге, күй тартуға, халықтық-фольклорлық музыкада, классикалық шығармаларды орындауға қолданылатын, мүмкіндігі кең музыкалық аспап болып табылады. Домбыра ежелде қазақтың тарихын баяндаған музыкалық аспаптардың бірі.
Алтын Адам - «Алтын адам» — 1970-ші жылдарының басында Есік қорғанында — сақтар тайпасының жас көсемінің зираты табылды.[1] Дәлірек айтқанда: Алматы облысы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі. 1969-1970 жылдары археолог К.А. Ақышев тапқан.
Күміс тостаған - Сонау 1970 жылдары «Есік» қорғанына жүргізілген қазба жұмыстары барысында «Алтын адамның» қасынан төңкерілген түбінде 26 таңбалы жазуы бар күміс тостаған табылғаны белгілі. Аталмыш жәдігердің өңделген нұсқасы қазір бас қаладағы Тәуелсіздік сарайының көрме залында тұр. Бұл бұйымның басты құндылығы – қолданбалы өнер туындысы ретіндегі заттық ерекшелігінде емес, жазуында. Ғылымға «Есік жазуы» деген атаумен енген бұл таңбалар, өкініштісі әлі күнге түбегейлі толық оқылған жоқ. Бүгінге дейін жазу-таңбаларды отандық оқымыстылар – К.Ақышев, О.Сүлейменов, А.Аманжолов, Б.Төлешов және ресейлік түрколог А.Лившич пен әзербайжан тіл-білімі маманы Ж.Гасанов қатарлы 12 адам оқып көрді.