В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
112811281128
112811281128
25.06.2021 22:51 •  Қазақ тiлi

Казахский язык 5 класс стр 121

Показать ответ
Ответ:
cat73309owz9do
cat73309owz9do
09.04.2023 11:34
Синоним (гр. 'synonymos' — мағыналас, мәндес) — тұлғалары әр түрлі, мағынасы жақын сөздер. Тілдердің дамып жетілуі, оның сөз байлығынан, оралымдағы синонимдерінің молдығынан көрінеді. Синоним ретінде жұмсалатын мәндес сөздер тобы синонимдік қатар немесе синонимдік ұя деп аталады. Синонимдік қатар құрамындағы мағыналық тұрғыдан ұйыстырып тұрған сөзді тірек сөз не доминант дейміз. Синонимдік қатарға енген сөздердің мағыналық тұрғыдан айырмасы болады. Мысалы, құлшыну — белсену, соғыс — ұрыс, жабу — кілттеу сөздерінің мағыналық салмағы әр түрлі.
0,0(0 оценок)
Ответ:
tarnopolska99
tarnopolska99
28.05.2020 16:00

Термин мәселесі – күн тәртібінде тұрған, өзектілігін жоймайтын тақырыптардың бірі. Әсіресе олардың бірізділігі, шет тілінен аударылуы сияқты мәселелер әлі күнге дейін шешімін тапқан жоқ. Елімізде тіл мамандарының, ғалымдарымыздың терминдердің қалыптасуы жайлы түрлі зерттеу жұмыстары жоқ емес, бар. Бірақ сол жұмыстар бір жүйеге келтірілсе, әлі де тереңірек зерттеле түссе деген тілек басым. Өйткені термин – тілімізбен бірге дамып, үздіксіз қозғалыста болатын тірі ағза іспетті.

Еліміз тәуелсіздік алған жылдары орыс тіліндегі көптеген термин-сөздер жаппай қазақ тіліне аударылды. Бұл мәселеге қатысты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына биылғы Жолдауында: «Егер біз қазақ тілі ғұмырлы болсын десек, оны жөнсіз терминологиямен қиындатпай, қазіргі заманға лайықтауымыз қажет» деді. Сәтсіз аудармаларды негіздеу тәсілдерін қайта қарастырып, терминология тұрғысынан қазақ тілін халық­аралық деңгейге жақындату керектігін айтты.

Академик Ә.Қайдар аталған мәселеге қатысты: «Терминнің бәрі – сөз, ал сөздің бәрі – термин емес» депті. Айтса, айтқандай, бір жылдары «балкон» сөзі – «қылтима», «фонтан» – «шаптырма» болып аударылды. Бірақ бұл аудармалар таразыға салынып, Мемлекеттік Терминология коммиссиясында бекітілмеді. Осы жерде айта кететін мәселе – бұрыннан шет тілінен еніп, құлағымызға сіңісті, тілімізге жатық болып кеткен, айтуға жеңіл сөздердің бәрін бірдей аудара бермеген жөн. Мысалы, «наркотик» – «есірткі» деп аударылып, бекітілді. Ал емдеу орталығы – наркодиспансердің атауы сол күйінде қалдырылды. Оны қазақшалағанмен, дыбыс­талуы жағынан құлаққа ерсі естіліп қана қоймай, мағынасы жағынан да қораш болатын еді.

Жалпы термин жасау тарихының әріден, яғни Ахмет Байтұрсынұлы, ­Халел Досмұхамедұлы, Телжан Шонанұлы тәрізді ағартушы ғалымдарымыз өмір сүрген кезең­нен бастау алатыны белгілі. Тіл ғылымы са­­ла­сындағы терминология дамуының әр ке­зеңінде шет тілдерден енген сөздерге көзқарас пен ұстаным әртүрлі болды. Менің ойымша, қазақ терминологиясы саласының дамуын үш кезеңге бөліп қарауға болады: біріншісі – 1920-1990 жылдар аралығы, екіншісі – 1990-2015 жылдар және үшіншісі – 2015 жылдан қазіргі кезге дейінгі кезең. Бірінші кезең негізінен лингвист ғалым Ахмет Байтұрсынұлы жасаған терминдер жүйесі­нен тұрады. Бұл жолда Х.Досмұхамедұлы, Н.Төреқұлұлы сынды қоғам қайраткерлерінің терминжасамға қосқан үлестері орасан зор.

Бала кезімде әжемнің «август» айын «ағұс», «профессор» сөзін – «пропесұр» дейтініне таңғалатынмын. Бәлкім, орыс тілінен енген сөздерге тілі келмейтін шығар деп ойлайтынмын. Жақында Астана қаласындағы Мемлекеттік архивте энциклопедист-ғалым Телжан Шонанұлының жазбаларына көз жүгірте отырып, ойымның мүлде қате болғанына көзім жетті. Ғалымның жиыр­масыншы жылдары ба з бетінде жарияланған мақалалары мен жазған ең­бектерінде «август» – «ағұс», «география» – «жағрапыйа», «трактор» – «тырактұр», «агроном» – «ағыраном», «фосфор» – «поспұр», «профессор» – «пропесұр», «сепаратор» – «сепаратұр» деп жазылыпты. Зерттеу материал­дарына сүйенсек, ол кезде Алаш зиялылары қазақ тілінің табиғатына жат сөздерді ғана өзгеріссіз, сол күйінде алуды көздеген. Мысалы, Т.Шонанұлы өз еңбектерінде терминдерді қазақ тілінің дыбыстық заңдылығына, ерекшелігіне қарай жасау керектігіне баса назар аударған. Өз әріптестерін термин жасауда қазақ тілінің заңдылығын сақтауға, тілдің өзіндік таби­ғатына, ерекшелігіне аса мән беруге, қазақ тіліне жат нәрсені таңбауға шақырған.

Тіл мамандарының уәжіне сүйенсек, «тіліміздегі терминдердің 70-80 пайызы қазақтың төл сөздері болуы керек те, қалған 20-30 пайызы кірме сөздер болуы қажет». Ал осы 20-30 пайыз бөтен сөздер тіліміздің табиғатын, құрамын, құрылысын бұза алмайды екен.

Объяснение:

из интернета

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота