В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
Vikaa1111
Vikaa1111
24.08.2020 14:50 •  Қазақ тiлi

Кітапхананың адам өмірінде маңызы қандай ЭЭССЕ​

Показать ответ
Ответ:
angelina0512200
angelina0512200
12.08.2020 20:54

«Кітап – білім бұлағы, білім – өмір шырағы» деген ұлағатты сөзде қаншама мағына, қаншама терең ой жатыр десеңізші?! Өйткені а керекті рухани байлықтың бәрі кітаптан табылады. Ал енді білімнің қайнар бастауы болып саналатын кітапты сақтайтын, жинақтайтын, оны оқырманына жеткізетін қасиетті орын – кітапхана. «Адамға ауа қандай қажет болса, кітапхана да сондай қажет» деген көрнекті жазушы Оралхан Бөкейдің сөзі кітапхананың өмірдегі орнын дәл айқындап тұрған жоқ па? Бүгінде ғылыми-техникалық прогресс пен адамзат өркениеті қаншалықты жедел қарқынмен дамып, әлемді ақпараттық технологиялар билеп, кез келген кітаптың мәтінін әп-сәтте интернеттен тауып алатын жағдайға жетсек те, кітапхананың орны бөлек. Қалаған кітабыңды қолыңа ұстап, парақтап оқып, керекті ойларыңды белгілеп, жазып алып, еркін пайдаланғанға не жетсін?! Интернет қорында да ондай жағдай бар-ау, бірақ кітаптың аты кітап қой!

Еліміздегі тарихы тереңнен бастау алатын, абырой-беделі жоғары, кітап қоры бай кітапханалардың бірі – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ғылыми кітапханасы. Бүгінде кітап қоры 2 млн данадан асып, Алматы облысындағы 12 жоғары, 13 орта арнаулы оқу орындары кітапханаларының ғылыми-әдістемелік орталығына айналып отырған бұл мекеменің тарихы сонау 1928 жылдан, Қазақстандағы тұңғыш жоғары оқу орны – Абай атындағы ҚазПИ-дің ашылуынан бастау алады. Қазақтың алғашқы жоғары оқу орны өмірге келген соң, оған оқулықтар мен оқу құралдарының, әдістемеліктердің көпшілігі Мәскеу мен Ленинградтан әкелінгені белгілі. А.Байтұрсынұлы, О.Жандосов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Әуезов, С.Сейфуллин сияқты ұлт зиялылары да университет кітапханасын кітап қорымен толықтыруға өл­шеусіз үлес қосқанын бүгінгілер біле бермейді. Олар өздерінің әдеби көркем шығармаларымен бірге оқу құралдарын да жазып, студенттерді білім нәрімен сусындатуға аянбай еңбек сіңірген еді. Университет ғалымдары да өз еңбектерін кітап­ханаға тегін өткізген. Сөйтіп, алғашқы оншақты жылдың ішінде-ақ кітап қоры 20 мың данаға жеткен екен. Ұлт зиялылары өткен ғасырларда жарық көрген кітаптарды іздеп тауып, тарих пен ғылым үшін үлкен құндылықтар келгенін бүгінде кітапхананың сирек кітаптар мен қолжазбалар қорында тұрған көне басылымдардан көруге болады. Бұл қорда қазір тұңғыш қазақ мемлекеттік университетіне (қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне) Верный гимназиясынан берілген әдебиеттер, сонымен қатар ХVIII-XIX ғасырларда шыққан орыс және шетел тілдеріндегі аса құнды ғылыми, мәдени және тарихи мәні бар басылымдар көптеп жинақталған.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота