«Кітап - білім бұлағы, білім - өмір шырағы» деген ұлағатты сөзде қаншама мағына, қаншама терең ой жатыр десеңізші?! Өйткені а керекті рухани байлықтың бәрі кітаптан табылады. Еліміздегі тарихы тереңнен бастау алатын, абырой-беделі жоғары, кітап қоры бай кітапханалардың бірі - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ғылыми кітапханасы. Бүгінде кітап қоры 2 млн данадан асып, Алматы облысындағы 12 жоғары, 13 орта арнаулы оқу орындары кітапханаларының ғылыми-әдістемелік орталығына айналып отырған бұл мекеменің тарихы сонау 1928 жылдан, Қазақстандағы тұңғыш жоғары оқу орны - Абай атындағы ҚазПИ-дің ашылуынан бастау алады. Қазақтың алғашқы жоғары оқу орны өмірге келген соң, оған оқулықтар мен оқу құралдарының, әдістемеліктердің көпшілігі Мәскеу мен Ленинградтан әкелiнгенi белгiлi. А.Байтұрсынұлы, О.Жандосов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Әуезов, С.Сейфуллин сияқты ұлт зиялылары да университет кітапханасын кітап қорымен
толықтыруға өл¬шеусіз үлес қосқанын бүгiнгiлер біле бермейді. Олар өздерінің әдеби көркем шығармаларымен бірге оқу құралдарын да жазып, студенттерді білім нәрімен сусындатуға аянбай еңбек сiңiрген еді. Университет ғалымдары да Өз еңбектерін кітап¬ханаға тегін өткiзген. Сөйтіп, алғашқы оншақтыжылдың ішінде-ақ кітап қоры 20 мың Данаға жеткен екен. Ұлт зиялылары өткен ғасырларда жарық көрген кітаптарды іздеп тауып, тарих пен ғылым үшін үлкен құндылықтар келгенін бүгінде кітапхананың сирек кітаптар мен қолжазбалар қорында тұрған көне басылымдардан көруге болады. табиғатынан зиялы, кез келген қиындыққа төтеп бере алатын кітапханашылардың игілікті істері қоғамға әрқашан қажет. Ендеше, бiлiм бұлағының қайнар көзі - кітапханамыз сарқылмай, өркендей берсін.
Ұлт зиялылары
Қолжазбалар қоры
Ғылыми кітапхана
ӘЛЕМНІҢ ЖЕТІ КЕРЕМЕТІ
1. Мысыр пирамидалары
Жеті кереметтің ең ежелгісі де, әрі біздің бүгінгі дәуірімізге жеткені де – осы Мысыр пирамидалары. Пирамидалар Нілдің солтүстік батыс жағалауындағы сансыз қабірлер мен ғибадат-ханалар тұрғызылған өлілер қаласының үстіне салынды. Пирамидалардың ең көнесі – 5000 жыл бұрын тұрғызылған Джосер пирамидасы. Сәулетшісі ежелгі Египетте дәрігерлік, фило-софиялық және ғылыми еңбектерімен танылған Имхотеп атты шебер еді. Джосер пирамидасы – көп сатылы құрылыс. Сансыз басқыштар арқылы аспанға өрлей береді. Мұның идеясы перғауындардың жердегі қарапайым халықтан биік, құдіретті екенін бар әлем-ге паш ету еді. Қаншама қажырлы еңбек пен адам өмірі жұмсалған бұл құрылыс Хеопс, Хефрен және Микрен пирамидаларымен жалғасын тапты.
Көлеміжағынанеңүлкенпирамида – Хеопспирамидасы. Бүкіл жиған-тергеніне көзінің тірісінде Хеопс перғауын 20 жыл ішінде осы пирамиданы салдырды. Биіктігі 147 метр, әр қырының ұзындығы 232 метр бұл құрылысқа 2,5-3 тонналық 2 миллион 300 мың тас блоктары қолданылды.