В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
belka1006
belka1006
23.02.2021 00:02 •  Қазақ тiлi

Көшпелілер өркениеті - мал шаруашылығымен айналысатын, белгілі бір қалыптаслан жүйемен көшіп-қонып тіршілік ететін адамдардың қауымдастығы, өркениеті.Көшпеліліктің
шығуына географиялық орта мен ауа райы әсер етті. Көшпелілік белгілі бір геофизикалық
табиғи-климаттық аймақтарда қалыптасады. Бұл қандай аймақтар, олардың экологиялық
жүйесі қандай? Әдетте, бұл – далалы, жартылай шөлейт, шөл және құрғақ далалар, тау
бөктері, тау қойнаулары, Мұндай жерде көбінесе жаңбыр аз, жылдың ылғалдың мөлшері 200-
400 мм арасында ғана болады. Осындай аймақтарға Қазақстан да кіреді.
2. Көшпелі өмір салты ол халықтарды табиғатқа жақын болуға, табиғатты қадірлеуге, оның
сырын тануға мүдделі етті. Сондықтан көшпелі елдерде «жабайы табиғат» деген ұғым мүлде
жоқ. Көшпелілердің табиғат аясындағы өмірі жайында тарихшылар, философтар, орта ғасыр
ойшылдары тамсана жазды.
Сақтар туралы өзге елдердің зерттеушілерінің құнды жазбалары сақталған. Олар
көшпелілерді «рухы биік, жаны таза, бейбітшілік сүйгіш, әділ, батыр, ұйымшыл халық» деп
бағалады. Біздің заманымызға дейінгі V ғасырда өмір сүрген тарихшы Геродот көшпелі скиф-
сақ тайпаларын мадақтап жазды.
3. Алайда, көшпелілер туралы теріс түсініктер бұрын да, кейін де кездесіп отырды. Көне
Қытайда «көшпелілер - жабайы, мәдениеттің қас жауы» деген түсінік қалыптасты. Еуро-
пада да көшпелілерді «тағы, жабайы, өркениеттің жауы» деп есептеді. Себебі сақтар соғыс
өнеріне жетік, жауынгер, батыр, ержүрек халық болды, сондықтан айналасындағы көршілері
олардан қауіптеніп отырды. Ал кеңестік идеология көшпелілер туралы мүлде кері көзқарас
қалыптастырды. Өйткені бұл саясат кез келген халықтың тарихын, дәстүрі мен мәдениетін
жоюды мақсат етті.

перевести текст и выписать предложения жіктеу есімдігі, сұрау есімдігі, сілтеу есімдігі​

Показать ответ
Ответ:
abbasovamadina2
abbasovamadina2
27.04.2021 06:09

Алматы (орыс. Алматы́, Ресейде — Алма́-Ата́[3]; 1921 жылға дейін — Верный; орта ғасырларда — Алмату (Алмалы)) — Қазақстанның ең үлкен қаласы. Ол Тянь-Шань тауларының солтүстігінде, Іле Алатауының баурайында, Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында орналасқан. Алматыда 1 434 755 адам тұрады (2011).[4] Алматының ЖІӨ 2010 жылы 18.8 млрд АҚШ долларын, ал жан басына шаққанда 19 мың АҚШ долларын құрап Қазақстанның ЖІӨ бестен бір бөлігін өндіреді.[5]

Мазмұны Географиясы

Қаланың аумағы — 170 шаршы километр.

Алматының ғарыштан көрінісі Климат

Алматы климаты континентік. Ен ыстық ай— Шілде –Тамыз. Ен суық ай — Қаңтар. Орташа жылдық температурасы 10 °С кұрайды, қаңтардың орташа температурасы шамамен -4.7 °С, ал шілдеде +23.8 С°. Үсіктер қараша айында бастап, сәуірде аяқталады. Қатты аяздар 67 күн болады — желтоқсаның 19 бастап мен ақпанның 23 аяқталады. Ыстық күндер температураның дейін 30 С° — 36 күн болады. Жылда 600-650 мм жауын-шашын болады. 15 күнде Алматыда жиі-жиі жел соғады (15 м/с). 50-70 күндер туман болады. Алматыда кеш қар болу мүмкін. Егер көрсе, осы қар: 13.05.1985, 1.05.1989, 5.05.1993 және 18.05.1998. Абсолют — 17 маусым, 1987. Алматыда қыста жаңбыр жауса мүмкін.

0,0(0 оценок)
Ответ:
222812
222812
12.06.2022 00:08

Мен Павлодарда тұрамын, ол менің туған қалам, кіші Отаным. Сондықтан туған өлкемді қадірлеп, мақтан тұтамын. Мектебім де қаланың орталығында орналасқан. Мен үшін Павлодардың орны ерекше.

            Павлодар қала ретінде  XIXғасырдан таныла бастаған. Өзіндік тарихы бар туған қаламның бүгінгі көрініс көз тартарлық. Ертіс жағалауы – павлодарлықтардың, қонақтардың демалыс орны. Жыл барысында өткізілетін дәстүрлі мерекелер осы жағалауда орналасқан орталық алаңда ұйымдастырылады. Павлодарды мәдени орталық ретінде көпшілік мақтаныш етеді. Мұнда Ж. Аймауытов атындағы қазақ музыкалық драма театры, А.Чехов атындағы орыс театры, Өлкетану мұражайы,  Бұқар жырау, Майра Шәмсуддинқызы  атындағы және көркемсурет  мұражайлары бар. С. Торайғыров атындағы ПМУ, ПМПИ, ИНЕУ секілді ЖОО,  көптеген лицейлер мен орта арнаулы оқу орындары бар. Облыс орталығы болғандықтан ірі өнеркәсіп зауыттарынан алюминий, мұнай-химия,  сүт өнімдерін т.с.с өндіріледі.. 

             Мынадай бақытты өмірде, тыныштығы жарасқан қазақ жерінде , Павлодардай көркем қалада өсіп келе жатқаныма ризамын. Келешекте өмірден өз орнымды тауып, кірпіш болып қалану- басты мақсатым.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота