Көше тәртібі. Көше қиылысында өте сақ болу қажет. Доппен жолға жақын ойнауға болмайды. Автобустан шыққанда қарама-қарсы жаққа оның артқы жағынан айналып өту керек, ал трамвайдың алдыңғы жағынан өту керек. Жолдан өткенде көліктің бар-жоғын білу үшін, алдымен сол жаққа, содан кейін оң жаққа қарау қажет. Жүргіншілер тек жаяулар жүретін жолмен жүру қажет. Көлік жүретін жолмен жүруге болмайды.