Күндерде бір күн ертеде бір шал болыпты. шалдың үш ұлы бар екен. бір күні шал үш қасына алып отырып сұрапты: «қорамда сан жетпейтін малым бар. сандығымда сан жетпейтін алтын бар. мен өлгенде, мені қалай қылып көмесіңдер? » - деп сұраған. көп кідірмей-ақ көңіліндегі барын айтады. - ой, мен сені жібекке орап ақ жуып, арулап, шақырмаған ел қалдырмай, басыңа мыңдап қой, жүздеп жылқы шығарам, - деген үлкен . онан соң «өлгенде мені қалай қылып көмесің? » - деп сұраған кіші шал. біраз ойға қалып отырыпты да: «сенің өлуің біледі, менің көмуім біледі», - деген кіші . с переводом это
іне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 60 жыл өтті. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдаған, станоктың қасынан, егін даласында, күні-түні мал бағып, тынымсыз жұмыс істеген жұмысшылар, ауыл адамдары тойлайды. Бұл мейрамды біздің аяулы да даңқты әйелдеріміз - өздерінің әкелерін, ерлерін, ұлдарын және сүйіктілерін көзінен жасы сорғалай жүріп төзімділікпен күткен, олардың орнын жоқтатпаған аналар мен жұбайлар, қалыңдықтар мен қыздар тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің әкелері мен ағалары қанын төгіп, жанын қиып бақытты өмірін қамтамасыз еткен Ұлы жеңістің құрдастары тойлайды. Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған-туысқандарына, жақын-жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсіреді.
Бұл мейрамды бұрынғы кеңес одағына кірген 15 одақтас республика халқымен бірге, кеңес халқы неміс басқыншыларынан азат еткен Еуропа елдерінің Варшава мен Прага, Будапешт пен Бухарестің, София мен Белградтың, Париж бен Венаның, жер шарының басқа да көптеген қалаларының тұрғындары тойлайды.
Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мен отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан қилы соғыс жүріп жатты.
Бір күшке жиналған орыс пен тәжік, грузин мен белорус, қазақ пен украин қарсы алдындағы жауға алмас қамал болып жұмылды...
Бұл туралы ұлы ойшыл Ибн Сина да өз шығармаларында айтқан. Ол сондай - ақ спортты мағынасына қарай жеңіл, ауыр, ұзын, қысқа сияқты бірнеше түрге бөлген. Денсаулық пен өмірді дамыту үшін кем дегенде спорттың 33 түрінен жаттығу жасау керектігін айтқан.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің “Қазақстан - 2030” стратегиялық бағдарламасында халықты салауатты өмір салтына ынталандыруды басым бағыттың бірі ретінде атап көрсетті. Сондай - ақ Президентіміздің қолдауымен 2003 жыл – денсаулық жылы болып жарияланған. Расында да, бүгінгі таңда еліміздің ақсақалдарынан кішкентай баласына дейін дене тәрбиесіне ерекше мән беруде.
Осындай игі істер Қылмыстық - атқару жүйесі комитетінің Жамбыл облысы бойынша басқармасында да атқарылып келеді. Басқарма бастығы әділет полковнигі Т. Б. Ахметовтің ұйымдастыруымен Басқарма аумағында орналасқан спорттық алаңда Басқарма қызметкерлері арасында «Шынықсаң шымыр боласың», деген қағиданы ұстанып, аптасына екі рет дене шынықтыру сабақтары жүргізіледі. Күнделікті аласапыран жұмыстардан кейінгі бір - екі сағат уақыттың ішінде әріптестерім біраз бой жазып, сергіп қалады. Осы бір тамаша сәттерде балалық шағың да еріксіз еске түсетіндей! Футбол, волейболдан командалар құрылып, қызу ойындар өткізіледі. Сондай - ақ, кермеге тартылу, шахмат, шашка, ұзындыққа секіруден өткізілетін жаттығулар өз алдына бір бөлек.
Ондағы негізгі идея қызметкерлерді салауаттылыққа ынталандыру, дене тәрбиесі мен спортпен айналысуға үгіттеу. Себебі елді күні ертең ілгері апаратын – сауатты, білімді, дені сау жастар. Біздер осы елдің жас толқындарымыз. Сондықтан біздің мақсатымыз уақытты тиімді пайдаланып, сапалы қызмет етіп, өмірде өз орнымызды адаспай табуға барлық жағынан дайын болуымыз керек.
«Оқу - тәрбие процессінің гигиенасы»
Мектептегі оқу тәрбие жұмыс тарының басты міндеті – жастардың ой өрісін дамыту, сабақ үлгеріміне қажетті жағдай тудыру, денсаулығын сақтап, денесін шынықтыру. Ол үшін мектептегі барлық жұмыстар балалардың жасына лайық, организмдерінің ерекшеліктеріне сай жасалады. Оқу - тәрбие жұмыстарының ұзақтығы, ауырлығы оқушылардың жұмыс қабілетіне, жыл маусымдарының организмге әсеріне байланысты жоспарланады. Сондықтан бастауыш сыныптардағы оқу жылы жоғарғы сыныптарға қарағанда қысқа, жазғы демалыстары ұзақ болады.
Оқу бағдарламасы балалардың жасына қарай жылдан жылға күрделеніп отырады. Оқу жылы ішінде әрбір тоқсан сайын оқушыларға демалыс беріп тынықтырады.
Жазғы демалыстан соң балалар еңбекке біртіндеп үйрене бастайды. Бірінші тоқсанның басында оқушылардың сабаққа зейіні төмен болғандықтан оқу жылының алғашқы апталары өткен тақырыптарды қайталап, бекітуге арналады да, жаңа тақырыптарды өте бастайды. Оқу жылының барысында барлық пәндерден мектеп бағдарламасы біртіндеп қиындап, жыл аяғында балалар шаршаған кезде қайта жеңілденеді.