Көмектесіндерш Төменде дауыссыздары бірдей, тек дауыстылар арқылы мағыналары ажыратылатын сөздер берілген. Осы сөздерді «жуан-жіңішке», «еріндік-езулік», «ашық-қысаң» айырым белгілері бойынша жазып шығыңыз.
Көл, ал, төс, бір, бал, күл, жал, жөн, сәл, күң, жең, қар, үн, том, жым, зікір, күн, көм, жұм, түс,
Кіндік қаным тамған киелі өлкеге келіп, топырағын басып, ауасымен тыныстап, суынан құмарың қанғанша ішудің өзі қаншама жылдар бойы қала тірлігі шаршатқан денеңнің құрышын жазып, қала өмірі басқан еңсеңді тіктейді. Ауылдағы туған-туыстарымның үйіне сәлем беріп, әр үйде арқа-жарқа болып сыр тартысып, қойныңа сыймайтын қуаныш арқалаумен біраз күндер өтті. Достарыммен, көз көрген таныстарыммен кездесіп, балаша асыр салып, бұрынғыны еске түсіріп, тағы да бірнеше күннің қалайша лезде өтіп кеткенін де аңғармай қаласың.
Ауылдың табиғаты табиғат-ау, шіркін. Өзенге барып, Баршатастың басы аталатын Баршатас өзенінің таудың құшағына еніп, мамыражай аққан суына барып, рахаттана суға күмп бересің. Өзен жағасында отырып алып, қиырышық тастарды суға лақтырып, тасты емес-ау, құдды бір санаңды шырмаған тұманды ойларды, еңсеңді езгілеген қиындықтарды лақтырғандай боласың. Мұнан соң тауға шығып, кермиық кең даланың төсіндегі бір нүкте ғана бола тұра, осы бір даланы өзің ғана иемденетіндей құшағыңды айқара ашып әрлі-берлі жүгіріп, топырағына аунап, тұтас жерді қойныңа сыйғызардай боласың. Қырдан гүл теріп, жусанның көкірегіңді жарар иісін құшына иіскеп, балалықтың артта қалып бара жатқан бал күндерімен қайта табысасың. Тау басына шығып, күнге қарап көсіле отырып, алдағы күнге деген арман-мақсатыңды тізіп, бойыңа жігер жиясың.
Осылайша ауылдан қайтар уақыт та келіп жетеді. Қимастықпен қол бұлғап, қайтадан тынысы тар қаланың тірлігіне асығасың. Бірақ ауылда өткізген әр күннің өзі жанға шипа. Дәміл-дәміл есіңе түсіп, аңсатқанымен, бойыңа бір жылға жетерлік күш-қуат сыйлайды.