Эргономика (гр. ergon – жұмыс + nomos – заң) – еңбек құралдары мен үдерістерін оңтайландыру арқылы еңбекке қолайлы жағдай жасау мақсатымен адамды (адамдар тобын) және оның қазіргі заманғы өндірістің еңбек үдерістеріне қатысуын зерделейтін ғылыми пән. “Адам – машина (техника‚ бұйым)”‚ “адам – орта” жүйелеріндегі байланыстарды оңтайлы шешу стратегиясын айқындайды.[1] Адам‚ машина және орта күрделі бүтін ретінде қаралуға тиіс екенін‚ мұнда адам жетекші рөл атқаратынын мойындайды. “Адам – машина – орта” кешенін ұтымды жоспарлап‚ енгізу үшін адам мен машинаның үйлесімділігін ескеретін эргономик. талаптарды қамтамасыз ету керек‚ олар: биофизикалық үйлесімділік – машина‚ басқару органдары және адам (оператор) талап етілетін күш-жігер‚ қуат‚ басқару әрекеттерінің жылдамдығы‚ дәлдігі‚ қарқыны тұрғысынан бір-біріне сай келуге тиіс; антрометрикалық үйлесімділік – адамның антропол. (бойы‚ жасы‚ салмағы‚ т.б.) және физиол. ерекшеліктерін ескере отырып, ұтымды ұйымдастырылған жұмыс орнын жасау; техникалық-эстетикалық үйлесімділік – машинаның тартымдылығын қамтамасыз ету. Эргономикалық талаптар адам мен техника арасындағы атқарымдарды бөлу мен келісуге‚ әрекет үдерістеріне (еңбектің сапасына‚ қауырттығына‚ т.б.)‚ әрекет құралдарына (жұмыс орнының жабдығына‚ басқару органдарына‚ т.б.)‚ әрекет жағдайына (микроахуалға‚ шуылға‚ дірілге‚ т.б.) жатады. Олар техниканы жасап‚ өндіріске енгізудің барлық сатыларында ескерілуге тиіс. Белгіленген талаптарға сай келетін эргономик. көрсеткіштер бұйымның жекелеген түрлерін пайдаланудың қолайлылығы мен қауіпсіздігін сипаттауға мүмкіндік береді‚ еңбектің мазмұнын байытып‚ тартымдылығын жақсартуға‚ өнімділігін арттыруға‚ адамның күш-қуатын‚ денсаулығын жұмыс істеу қабілетін сақтауға септігін тигізеді.[2][3][4]
Дереккөздер
Қаржы-экономика сөздігі. - Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, "Зияткер" ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том
О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. ISBN 9965-752-06-0
Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік/ профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет.
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
Əйгілі ақындраматург, сөз зергері Ілияс Жансүгіров бұрынғы Қапал уезі, Ақсу болысында (қазіргі Алматы облысы, Ақсу ауданы) туған. Ілияс жас күнінен бастап ән мен күйге, өлең-жырға құмар болып өседі. Жас Ілияс ұлы Абайдың поэзиясымен танысқаннан кейін өзінде бір ерекше сергектік, сілкініс, жаңалық сезінеді. Өз үйінде әкесінен хат танып,молда алдын көрген Ілияс жүйелі түрде білім алмақ болып Алматыға келеді, мұғалімдер институты жанындағы қысқа мерзімді курста оқиды. Жас азамат Қазақ ағарту институтында, Жетісу облыстық "Қосшы" комитетінде, губерниялық оқу бөлімінде, "Тілші" газетінің редакциясында қызмет етеді, ауыз өдебиеті үлгілерін жинайды. Газет - журналдарда алғашқы өлеңдері басылып шыға бастайды. 1928 жылы "Сағанақ" деген тұңғыш кітабы шығады. Ілияс Жансүгіров 1925-1928 жылдары Москвадағы Коммунистік журналистика институтына түсіп, орыс, Европа классиктерінің шығармаларын тереңдеп оқиды. Бұл тәжірибе ақын талантының жарқырай ашылуына әсер етеді. Елге оралған соң "Еңбекші қазақ" газетінде істеп, 1934-1935 жылдарда Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы болады. 1935-1937 жылдары көркем әдебиет ба поэзия бөлімін басқарады. КСРО жазушыларының I съезіне қатысады. Қазақ поэзиясының ерен жүйрігі, "қазақ поэзиясының Құлагері" 1938 жылы жазықсыз жазаға ұшырайды. Ол 1927-1938 жылдары өндірте жазып, поэзия, проза, драматургия, сын, аударма саласында жиырмадан астам кітап шығарып, артына мол өдеби мұра қалдырды. Ақынның эпикалық шығармаларындағы бейнелеу тілінің байлығы, сонылығы, стиль өрнегі, құйылған сөз тасқыны, адуынды күші Ілияс Жансүгіров ті қазақ халқының сүйікті қаламгерлерінің бірегейі етті
Эргономика (гр. ergon – жұмыс + nomos – заң) – еңбек құралдары мен үдерістерін оңтайландыру арқылы еңбекке қолайлы жағдай жасау мақсатымен адамды (адамдар тобын) және оның қазіргі заманғы өндірістің еңбек үдерістеріне қатысуын зерделейтін ғылыми пән. “Адам – машина (техника‚ бұйым)”‚ “адам – орта” жүйелеріндегі байланыстарды оңтайлы шешу стратегиясын айқындайды.[1] Адам‚ машина және орта күрделі бүтін ретінде қаралуға тиіс екенін‚ мұнда адам жетекші рөл атқаратынын мойындайды. “Адам – машина – орта” кешенін ұтымды жоспарлап‚ енгізу үшін адам мен машинаның үйлесімділігін ескеретін эргономик. талаптарды қамтамасыз ету керек‚ олар: биофизикалық үйлесімділік – машина‚ басқару органдары және адам (оператор) талап етілетін күш-жігер‚ қуат‚ басқару әрекеттерінің жылдамдығы‚ дәлдігі‚ қарқыны тұрғысынан бір-біріне сай келуге тиіс; антрометрикалық үйлесімділік – адамның антропол. (бойы‚ жасы‚ салмағы‚ т.б.) және физиол. ерекшеліктерін ескере отырып, ұтымды ұйымдастырылған жұмыс орнын жасау; техникалық-эстетикалық үйлесімділік – машинаның тартымдылығын қамтамасыз ету. Эргономикалық талаптар адам мен техника арасындағы атқарымдарды бөлу мен келісуге‚ әрекет үдерістеріне (еңбектің сапасына‚ қауырттығына‚ т.б.)‚ әрекет құралдарына (жұмыс орнының жабдығына‚ басқару органдарына‚ т.б.)‚ әрекет жағдайына (микроахуалға‚ шуылға‚ дірілге‚ т.б.) жатады. Олар техниканы жасап‚ өндіріске енгізудің барлық сатыларында ескерілуге тиіс. Белгіленген талаптарға сай келетін эргономик. көрсеткіштер бұйымның жекелеген түрлерін пайдаланудың қолайлылығы мен қауіпсіздігін сипаттауға мүмкіндік береді‚ еңбектің мазмұнын байытып‚ тартымдылығын жақсартуға‚ өнімділігін арттыруға‚ адамның күш-қуатын‚ денсаулығын жұмыс істеу қабілетін сақтауға септігін тигізеді.[2][3][4]
Дереккөздер
Қаржы-экономика сөздігі. - Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, "Зияткер" ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том
О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. ISBN 9965-752-06-0
Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік/ профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет.
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
Суретті мыннан табуға болады:
Объяснение: