В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
drblk3282
drblk3282
24.04.2021 21:31 •  Қазақ тiлi

Кәдесый қай кезде беріледі? (Когда вручают сувенир?)
Кәдесый беріп не алып көрдің бе? (Что вы даете в качестве сувенира?)
Помгите плееез

Показать ответ
Ответ:
Bakeneko77
Bakeneko77
14.12.2020 19:05
Ұлы Отан соғысы - адам жүрегінде үлкен эмоциялық жазылмас жара. Бұл қорқынышты трагедия жиырма екінші маусымда  бір мың тоғыз жүз  қырық бір жылы басталып , төрт жылдан кейін аяқталды, төрт қиын жылдардан соң мамыр айының  - бір мың тоғыз жүз т  қырық бесінші жылы аяқталды..Бұл адамзат тарихындағы ең үлкен соғыс болды. Адамдардың көбісі осы соғыста қайтыс болған. Балалар он немесе он төрт жаста - бұл трагедияға құрдастары қатысты деп ойлаудың өзі қорқынышты. Адамдар өз жолдастарын, ел тағдыры үшін өз өмірлерін қиған. Біздің қазір өмір сүріп жатқанымыз солардың  арқасында.
0,0(0 оценок)
Ответ:
agargo228
agargo228
08.10.2021 22:11
Ауыл — дәстүрлі қазақ қоғамында ежелден қалыптасқан қауымдастық. Қазақ халқындағы “Ауыл түбі — бірлік, қауым түбі — тірлік” деген мақал ауылдың  және рухани маңыздылығын білдіреді. Мен даланы қоныс еткен көшпелілер үшін табиғатпен үйлесімді тіршілік ету жеткіліксіз еді. Олардың әлеуметтік ортасы да адамға қолайлы болуы қажет. Бұл қажеттілік жеті аталық үрдіс деп аталатын қоғамдық құрылымды тудырды. Дәстүрлі қазақ ауылы бір атадан тараған (аздаған кірме, қоңсыларды қоспағанда)  мүшелерінен тұрды. Ауыл ішінде негізінен некелік қатынастарға тыйым салынған. Жеті аталық үрдіс дегеніміз экзогамиялық  ең қатты сақталатын түріне жатады. Фольклордағы ғашықтар  осы дәстүрді бұзғаны үшін өлім жазасына кесілген. Мұны басқа тұрғысынан қатыгездік деп те бағалауға болады. Алайда, рулық экзогамияның жағымды жақтары да айқын. Осындай некелік қатынастар аралары жүздеген-мыңдаған шақырым ауылдарды бір-біріне жақындатты, туысқан етті. “Құда — мың жылдық” деген ұғым осыдан пайда болған. Қазақ тілінде диалектілердің жоқтығы да осыдан. Ауылдар арасындағы ынтымақтастықтың артуы тұтастықты нығайтып, бүкіл ұлт адамдарын бір әулет сияқты туыстастырды (“Қарға тамырлы қазақ”). Ауылдың әлеуметтік құрылымына келсек, онда батыстық тұрғыдан қаралып жүрген тап, тап күресі, феодал, шаруа, қанау тәрізді ұғымдардың мәнсіздігін аңғарамыз. Біріншіден, рулық-ауылдық қоғамда отырықшы мәдениеттердегідей жерге деген жеке меншік дамымаған. Ол рудың меншігі болып есептелген. Бай ауылдастардың малы да бүкіл ауыл мүшелерінің игілігі ретінде табыс көзіне айналған. Тіпті, басқа ауылдан түскен қалыңдық та бүкіл ауылдың келіні болып есептелген. Әмеңгерлік, жесір дауы сияқты әлеуметтік құбылыстардың да тамыры осында. Екіншіден, ауылдар арасындағы әр түрлі қайшылықтар мен күрделі мәселелерді ауылдың беделді адамдары — ақсақалдар мен билер реттеп отырған. Әдетте, қазақ ауылына 5 — 6 түтіннен 10 — 15-ке дейін құрған. Бұл ортақ шаруашылық жүргізу мүддесіне байланысты пайда болған. Көп малды бір жерде шоғырландырып ұстау шаруашылық үшін тиімсіз. Қазақ ауылын үлкен отбасылық патриархалдық қоғам деген пікір шындықпен сыйыспайды. Себебі, мүмкіндігі бар адамдар ер жеткен балаларына енші беріп жеке шығарған ауылдан ауыл бөлініп, көрші орналасқан. Кенже ұл әкесінің, “қара шаңырақтың” мұрагері болып есептелген.Әрбір ауыл көшпелі, жалдамалы молда (кейінірек мұғалім) ұстаған, кілем, алаша, басқұр, шекпен т.б. тоқитын, үйшілік, зергерлік, ұсталық ететін қолөнершілер болған. Ауыл ән мен күйдің, өлең мен жырдың, ақындар айтысы мен шешендер сайысының орталығы болып, ұлттық дәстүрдің тоғысқан жері, халық өнерінің нағыз бастауы болды. Қазақ ауылнда үйлер алқа-қотан тігіледі, мал қоралау, өргізу үшін, ауылдың бір жақ шеті ашық қалдырылады. Ауыл көрінісіне тән нәрсе: шұрқыраған  маңыраған боздаған , желіде тізілген көгенделген қозы-лақ, асыр салған құлын-тай болып келеді. Ауыл маңында міндетті түрде бұлақ жемесе құдық, оның басында қауға, үлкен ағаш науа болады. Ауылдың көшіп-қонудағы басты мақсаты — мал тойындыру. Қоныс неғұрлым жиі ауыстырылып, өріс жаңғырып отырса, мал соғұрлым күйлі, семіз, сүтті болады. Қазақ жылдың төрт маусымын өрісінің сонылығына, судың молдығына қарай: өре жимас, майқұйрық, ақ бастау, егінді бұлақ, қопалы, миялы т.б. жіктеген. Табиғи апаттар (қуаңшылық,  індеттер), әлеум. және саяси аласапыран оқиғалар (сыртқы жаугершілік, ру-тайпа аралық тартыс, елдік бірліктің әлсіреуі т.т.) адамдық топтасудың бұл түрін күрт өзгерген ортада дәрменсіз етті. 19 ғасырдан бастап қалыптасқан жаңа жағдай қазақтың ауылдық типін күйзеліске ұшыратқаны белгілі. Ол батыстық (ресейлік) қысымға шыдай алмады. Осының нәтижесінде тозу, қақтығыс, мәдени дағдарыс көріністері ауылдық-тектік қоғамды жайлай бастады. 
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота