АТАЛАР СӨЗІ – АҚЫЛДЫҢ КӨЗІ (сынып сағаты) Уразалина А.Д. Пахарь орта мектебі АТАЛАР СӨЗІ – АҚЫЛДЫҢ КӨЗІ (сынып сағаты) Уразалина А.Д. Пахарь орта мектебі Мақсаты: 1.Оқушыларға шешендік сөздердің мәнін ұғындыру 2.Оқушыларды ата сөзіне қызықтыру Көрнекілігі:Үлкейтіліп салынған ата мен немере суреті.Өнегелі сөздер жазылған плакаттар. Құрметті мұғалімдер, оқушылар, ата-аналар! Бүгін сіздер 2 сынып оқушыларының “Аталар сөзі – ақылдың көзі” атты ертеңгілігіне келіп отырсыздар. Алдарыңызда ертеңгіліктің жүргізушісі Дина Ережепқызы. Дина: Жерден ауыр не? Судан терең не? Оттан ыстық не? Көктен биік не? Әуез: Жерден ауыр дегенім – ақыл, білім, Судан терең дегенім – оқу, ғылым. Оттан ыстық дегенім – адамның өмірі. Көктен биік дегенім – тәқаппардың көңілі. Жанат: Алты алаш деген не? Данияр: Алты алаш деген – Алаш ханның алты балалары: Қазақ,Қарақалпақ,Қырғыз,Өзбек,Түркімен,Жайылхан. Қариполла: Не жетім? Маржангүл: Жаңбыр жаумаса – жер жетім, Басшы болмаса – ел жетім, Ұқпасқа айтылған сөз жетім. Алишер: Дүниеде не тәтті, не жұмсақ, не қатты? Жадыра: Ананың сүті тәтті. Ананың қолы жұмсақ. Әкенің жүрегі қатты. Дина: “ӘКІМ” деген сөзді ажырата білесің бе? “Ә” дегені - әділ бол, “К” дегені – кекшіл болма, “І” дегені – ілтипатты бол, “М” дегені – менмен болма, мейірман бол. Салтанат: Үш сауап туралы не білесің? Асылхан: Үш сауап: шөлге құдық қазған, өзенге көпір салған, жолға ағаш еккен. Ақерке: “Қазақ биі”. Дина: Қазақша күн аттарын білесің бе? Ерқанат: Бүгін – дүйсенбі, Ертең – сейсенбі, Бүрсігүні – сәрсеньі, Арғы күні – бейсеньі, Ауыр күні – жұма, Соңғы күні – сенбі, Азына – жексенбі. Фархат: Он ата Әке Бала Немере Шөбере Шөпшек Немене Туа жат Жүре жат Жек жат Жұрағат Әуез: Жеті қазына дегеніміз не? Ботагөз: 1)Ер жігіт.2)Сұлу әйел.3)Ілім-білім.4)Жүйрік ат.5)Құмай тазы.6)Қыран бүркіт.7)Берен мылтық. Дина: Жеті қазына дегеніміз не? Жанат: Қыдыр,бақ,ақ жаулық,ақыл,деңсаулық,тұз,ит. Маржангүл: Жұт жеті ағайынды дегеніміз не? Салтанат: Құрғақшылық, мал жұтау, оба, өрт, соғыс, жер сілкіну, сел жүру. Қымбат: Кім жақын? Тату болса – ағайын жақын, Ақылшы болса – апайын жақын, Баурмал болса – інің жақын, Инабатты болса – келінің жақын, Алдына тартқан адал асың, Қимас жақын қарындасың. Дина: Не қымбат? Лаура: Алтын ұян- Отан қымбат, Құт берекең – атаң қымбат, Аймалайтын анаң қымбат, Мейірмді анаң қымбат, Асқар тауың - әкең қымбат, Бәрінен де ұят пен ар қымбат.
Маған шет елге баруға тандау берілсе Қытайға сапар шегер едім. Себебі Қытай дамыған елдері десемде болады. Жеті кереметтің бірі "Ұлы Қытай қорғаны" орналасқан. Ұлы Қытай қорғанының ұзындығы 8850 километрден асады. Жері кішкентай болғаны мен қонақжаи болып келеді адамдары меніңше. Қытай шет ел тауарларының көшірмесін жасағаннан алдыңғы қатарда. Барлық тауарлар тез көшірмесін шығаратын жылдам елдердің қатарында. Тағы да ең кереметі жібек матасын шығарады. Кезінде жібек мата шығару қатаң түрде құпия сақталған. Қазіргі таңда сыры сәл ғана ашылған деседі. Мен Қытайға сапар шегуге барамын.
Тағы да ең кереметі жібек матасын шығарады. Кезінде жібек мата шығару қатаң түрде құпия сақталған. Қазіргі таңда сыры сәл ғана ашылған деседі. Мен Қытайға сапар шегуге барамын.