Сырдария – Орталық Азиядағы ірі өзендердің бірі. Бастауын Орталық Тянь-Шань сілемдерінен алады. Нарын мен Қарадария өздерінің қосылған жерінен бастап Сырдария деп аталады. Арал теңізіне құяды. Жалпы ұзындығы 2219 км, су жинайтын алабы 462 мың км кв. Орта және төменгі ағысы Қазақстан жерінде; республикадағы ұзындығы 1400 км, су жиналатын алабы 240 мың км кв. Өзен бастауын тау деңгейінен жоғары 3300 – 4400 м биіктікте жатқан таулы өңірден алады. Алабында өзен суын толықтырушы, жалпы ауданы 2208 км кв болатын 1713 мұздық бар.

Жүйрік тоқтығын білдірмес,
Жомарт жоқтығын білдірмес.
Жоқшылық жомарт ердің
Қолын байлар.
Жомарт бергенін айтпас,
Ер айтқанынан қайтпас.
Жомарт жоқты білмейді, батыр көпті білмейді.
Шын жомарт жоқтығын білдірмес.
Қонақтың қаржысымен қой сойсаң,
Атымтай Жомарттан нең кем.
Арғымақтың желісінен,
Аруананың өрісі кең.
Берген жомарт емес,
Алған – жомарт.
Адамның жаманы — мылжың,
Жақсысы — жомарт.
Азат жанды құл қылайын десеңіз,
Шүлен тарат, қайтар содан есеңіз.
«Жомарт» ат берген ерге тағылады,
Ел-жұрты соған қарай ағылады.
Ақылды деп айтса болар
Айттырмай өзі білгенді.
Жомарт деп айтса болар
Сұратпай өзі бергенді.
Жомарт бергенін айтпас.
Бақылдық жүрген жерде
Жомарттық жасап болмайды.