I. Мәтінді екі рет тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. Үш тіл – заман талабы
Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып саналады. Қазақ тілі - әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай тілдердің бірі. Қазақ халқының ана тілі. Тіл әрбір азаматқа ана сүтімен беріледі. Ана сүтімен берілген қасиеттер тілдің арқасында дамиды. Туған тілге деген құрмет пен сүйіспеншілік бала кезден басталуы керек. Отанға деген ерекше сезім де туған тіліңді білуден басталады. Тіл – халықтың рухани, мәдени байлығын дамыту құралы. Қазақ тілі – халқымыздың рухани байлығы, атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа мирас болып қалып отырған асыл мұра. Азаматтың қолындағы барлық асыл заттары ескіреді, жоғалады, ал тіл - ескірмейтін ең қымбат мұра. Қазақтың ақыны М.Жұмабаев: «Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмақ емес, бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмыстіршілігі, мінезі айқын көрініп тұрады» - деген. Тіл байлығы - әрбір ұлттың мақтанышы.
1. Мәтіннің не туралы екенін анықтаңыз.
A. Тіл туралы
B. Өнер-білім туралы
C. Еңбекқорлық туралы
D. Адамгершілік туралы
2 . Мәтіннің негізгі идеясын табыңыз.
A. 22 қыркүйек - ҚР халықтарының тілдері мерекесі
B. Біздің еліміз – көп ұлтты мемлекет.
C. Туған тілді құрметтеп, қастерлеу керек.
3. Мәтіннің түрін ажыратыңыз.
A. әңгіме
B. сұхбат
C. ертегі
D. мақала
4. Мәтін бойынша дұрыс/бұрыс ақпаратты анықтаңыз. (+ белгісімен белгілеңіз).
№
ақпараттар
Дұрыс
Бұрыс
1
Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып саналады.
2
Ағылшын тілі- әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай тілдердің бірі
3
Туған тілге деген құрмет пен сүйіспеншілік бала кезден басталуы керек.
4
Отанға деген ерекше сезім де туған тіліңді білуден басталады
5
Тіл байлығы - әрбір адамның мақтанышы.
II. Эвфемизм деген не?
1
ұры
2
өсекші
3
өлді
4
ашуланды
III.Сын есімнің шырайларын ажыратып жазыңдар.
Жақсырақ, қызылдау, биіктеу, жап-жасыл, қап-қара, ұп-ұзын
Салыстырмалы шырай|Күшейтпелі шырай
іне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 60 жыл өтті. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдаған, станоктың қасынан, егін даласында, күні-түні мал бағып, тынымсыз жұмыс істеген жұмысшылар, ауыл адамдары тойлайды. Бұл мейрамды біздің аяулы да даңқты әйелдеріміз - өздерінің әкелерін, ерлерін, ұлдарын және сүйіктілерін көзінен жасы сорғалай жүріп төзімділікпен күткен, олардың орнын жоқтатпаған аналар мен жұбайлар, қалыңдықтар мен қыздар тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің әкелері мен ағалары қанын төгіп, жанын қиып бақытты өмірін қамтамасыз еткен Ұлы жеңістің құрдастары тойлайды. Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған-туысқандарына, жақын-жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсіреді.
Бұл мейрамды бұрынғы кеңес одағына кірген 15 одақтас республика халқымен бірге, кеңес халқы неміс басқыншыларынан азат еткен Еуропа елдерінің Варшава мен Прага, Будапешт пен Бухарестің, София мен Белградтың, Париж бен Венаның, жер шарының басқа да көптеген қалаларының тұрғындары тойлайды.
Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мен отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан қилы соғыс жүріп жатты.
Бір күшке жиналған орыс пен тәжік, грузин мен белорус, қазақ пен украин қарсы алдындағы жауға алмас қамал болып жұмылды...
Есімшесі бар жұмбақ:
Әуеден айнала ұшқан бөдене екен,
Бөденені біреу атып жеген екен,
Еті арам,сорпасы адал немене екен? (Жауабы:шай).
Есімшесі бар мақал:
Жауда қалған бұлбұлдан,
Отанға қайтқан ит артық.
Есімшесі бар жаңылтпаш:
Циркте қонжық қонжықты он жықты,
Он жыққан қонжық шоң мықты.
Он жығылған қонжық көндікті.
3 есімшесі бар сөйлем:
Самат жазғандарын әкесіне көрсетер кезде,көп нәрсені есте сақтап қалған еді.
8 сөзден тұратын және есімшеге аяқталған сөйлемдер:
Мен бүгін қолым тимейтіндіктен,олардың үйіне ертең барармын.
Оған кеше салқын тигендіктен,бүгін сабаққа келмей қалған.