и 5 звезд и лайк Шығармадан үзінді Идеясы 1 «..-Ертеде бір жетім бала бопты..-деп Аян екінші ертегісін
бастады.
Сыбырлай шыққан даусында өз айтқанына қалайда қалтқысыз
сендіретіндей керемет бір күш бар.. Ғажап ертегілер еді..
Дүниедегі жақсылық атаулының бәр-бәрі: ерлік те, ізгілік те,
сұлулыұ пен ақылдылық та, әйтеуір адамға тән не бір асыл
қасиеттің барлығы да сол Аянның ертегілерінде болушы еді.
Аян батырлық туралы ертегі айтқанда, біз-алым-жұлым киінген
қара борбай балалар бір сәтке жадау қалпымызды ұмытып,
шетімізден: көк семсерді жарқ-жұрқ еткізіп, ат ойнақтатып
жауға қарсы арыстанша шабатын нағыз қас батырдай сезінуші
едік өзімізді..»
2 «..Мен таяп келгенде шеттеу тұрған Есікбай сыбырлап қана:
-Аян балалар үйіне кеткелі жатыр,-деді.
-Қарағым, жолың болсын,-деді жыламсырап. –Жақсыдан
қалған тұяқ ең, қайда жүрсең де аман бол. Адам болсаң, тауып
келерсің әлі...
Аян балалардың бәрімен қол алысып қоштасты.
-Мен әлі бәріңе де хат жазып тұрамын,-деді күлімсіреп.
Біз,балалар, Аянды кеп уақытқа дейін еске алып, сөз қылушы
едік.
Шынында да бұл күнде Аян қайда екен? Тірі ме екен? Ондай
бала тірі болуы тиіс. Ондай бала алдына нендей мұрат қойса да
жетеді. Ал тірі болса Жусандытөбеге бір оралмауы қалай?!
Жусанның иісін сағынбауы мүмкін емес қой»
2. Автордың: «Тебем деп тірі болсам надандықты, Серт ет
1. Әрбір қазақ Абай шығармаларымен таныс болуы міндет. Мен оның 45 қара сөзін жаттаймын.
2. Мұқағалидің өлеңдерін жатқа білуім керек.
3. Қазақтың көнерген, қолданыстан шыққан сөздерін және олардың мағыналарын білуім қажет.
4. Қазақ халқының тарихы туралы деректі тарихи фильмдерді көп көремін.
5. Қазақ тілім мен Отаным жайлы эссе шығармалар жазуым керек.
6. Түрлі Қазақ тілі мен әдебиетіне қатысты қоғамдық іс-шараларға көптеп қатысуға тиіспін.
7. Бүгіннен бастап мейілінше тілдің тазалығын сақтап сөйлеймін.
Дыбыс үндестігі
Сөзбен сөз арасында, түбір мен қосымша арасындағы дыбыстардың бір-біріне ықпал етіп, өзгеріп, айтылуын немесе жазылуын үндестік заңы дейді. Үндестік заңы 2-ге бөлінеді: буын үндестігі, дыбыс үндестігі. Буын үндестігі сөз ішіндегі дауысты дыбыстардың бірыңғай жуан немесе бірыңғай жіңішке болып келуін айтады. мысалы: Әже, инелік. Ата, инабат, уақыт. Дыбыс үндестігі сөз ішіндегі қатар келген 2 дыбыстың бір-біріне ықпал етуі. Дыбыс үндестігі 3-ке бөлінеді: ілгерінді ықпал, кейінді ықпал, тоғыспалы ықпал.