https://illinoisvalleyweb.org/events/123movies-black-is-king-2020-on-putlocker-full-watch-online-free/ https://illinoisvalleyweb.org/events/watchonline-black-is-king-full-movie-online-free/ https://illinoisvalleyweb.org/events/watch-hd-black-is-king-2020-full-movie-online-123movies/
Қазақстан ең тату мемлекет деп айтсақ болады. Қазақтың кең байтақ даласы 130-дан астам ұлт өкілін қара шаңырақ астында біріктіріп отырған киелі мекен. Өзара сыйластығы мол, бауыры үшін барын беруге даяр қазақ ешкімді де жатсынбайды. Түрі басқа болғанмен әр адамды туғанындай көреді. Бір үзім нанның өзін бөліп жеп, жанына жақын тарту – бізге тән қасиет.
Бүгінгі таңда қазақ халқы өзге де ұлт өкілдерімен көк аспан астында бақытты да баянды күн кешуде. Олардың өзара сыйластығы ерекше. «Бірлік болмай, тірлік болмас» деп атам қазақ айтқандай, олар берекелі өмір үшін мереке-жиынға асығады. Сондықтан 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні болып саналады. Сонымен қоса қазақтың қонақжайлығы да адамды риза етеді.
Мұсылман халқында амандасу «Ассалаумағалейкум» деген сөзден басталады. Ол «Сізге Алланың нұры жаусын» деген сөз екен. Жасы кіші адам жасы үлкен адамға қос қолын ұсынып, алдымен сәлем береді. Ал сәлем алушы «Уағалейкумассалам» деп оң қолын береді. Ол «Алланың нұры сізге де жаусын» дегені екен.
Таныстарға сәлем беріп, сәлемге жауап алғанда екі арадағы татулық, ынтымақ нығайып, сыйластық артады. Ол адам жөнінде күдікті, жаман ойларға бармайсың . Қазақ дәстүрінде бірнеше сәлемдесу дәстүрі бар. Алайда олардың бәрінде де жасы кішілер бірінші болып сәлем береді. Әдетте сәлемдескенде қол алысады. Онда адамдар алақандарын бір-біріне түйістіріп ұстайды. Ол – «мусафих» деп аталады. Қол алысқанда саусақтың ұшын беріп сәлемдесу — әдепсіздік. Жасы үлкен, кіші болсын, көп адам жиналған жерге келген кісі ең бірінші көпшілікпен сәлемдеседі. Сырқат, мүгедек жанға сау адам ең бірінші сәлем бергені абзал.