Алуан түрлі із салғанның өзі еді, Өзінен де пайдалысы өзегі. (Қарындаш)Қабы сояу, Дiнi – бояу. (Қарындаш)Қысқа таяқ дiңi бар, Шиырлаған iзiнде Сайрап тұрар тiлi бар. (Қарындаш)Ойларынды аңсаған, Асыл сөздi ақ алаңға, Түсiруден шаршаған, Мен емеспiн әмәнда. (Қалам)Тiл жоқ өзiнде, Сөзi бар iзiнде. (Қаламсап)Денесi бар шыбықтан, Темiр тұмсық құдықтан, Сусын алып iшедi, Ойы iз боп түседi. (Қаламсап)Жұқа тақтай бөлшегi, Ұзындықтың өлшемi. (Сызғыш)Тау, қыр, жазық, өзен, көл – Қабырғада биік тұр. Нансаң, кел, өзің көр – Бір қағазға сыйып тұр. (Карта)Доп сынды келбетi, Онда бар түп-түгел, Әлемнiң әлпетi. (Глобус)Көкқұтанша ақ айдында, Бiр аяқпен тұрады. Тұмсығымен ол мұнда, Шыр айналып шығады. (Циркуль)Емес ол кітап та, дәптер де, Жүреді бірақ та портфельде. Көрсетіп ондағы бағаңды, Қуантып қоясың ағаңды. (Күнделік)Бiлiм менен тәлiм, Парақты ашқанда Беттерiнен мәлiм. (Күнделiк)Оқушыға күнде ерiп, Жүретiн не? (Күнделiк)Қабат-қабат қаттама, Қаттамадан аттама. Ақылын оның ала бер, Айтқан сөзін жатта да. (Кітап)Сөзі дана, үні жоқ, Сөйлемейді, тілі жоқ. Қолыңа алсаң – шешен, Ақылы асқан көсем. (Кітап)Тақтаны «досым» дейді, Өзін сол досы «жейді». (Бор)Төрт қырлы, өзi аппақ, Тақтадағы iзi аппақ. (Бор)Кең алаң – тақырдан, Шиырлап қайтады. Ақ қант қатырған. (Бор)Үстiне өттiм, Асыл сөз жазып. (Дәптер) .Ұшымен қазық Тор көздi жазық. Үстiне өттiм, Асыл сөз жазып. (Дәптер)Үстiнде есiгi, Өзi орындық, әрi үстел, Оқушылар бесiгi. (Парта)Iлулi тұр кең алаң, Керегiмдi мен одан. Жазып алам көшiрiп, Сүртем сосын өшiрiп. (Тақта)
«Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт – тілі болуы. Ұлттың тілі кеми бастауы ұлттың құри бастағанын көрсетеді» деп М. Жұмабаев айтқандай, мемлекеттік тілдің қызмет аясын кеңейтіп, мәртебесін биіктету – әрбір мемлекет үшін басты мақсат.
Тәуелсіздігін алып, іргесі беки бастаған Қазақстан Республикасы өзінің ана тілін қорғауда үлкен жұмыстар атқаруда. Осыған орай 1997 жылы 11 шілдеде жарық көрген «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы Қазақстан Республикасындағы тілдердің қолданылуының құқықтық негізін, мемлекеттің олардың оқып-үйрену мен дамытуы үшін жағдай жасау жөніндегі міндеттерін белгілейді, республикада қолданылатын барлық тілге құрметпен қарауды қамтамасыз етеді. Қазіргі таңда көптеген мемлекеттік органдарда іс жүргізу мемлекеттік тілде қалыптасуына үлкен мән берілуде. Атап айтқанда, ҚР Үкіметінің «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» қабылданды. Бұл бағдарлама бойынша бірқатар мемлекеттік органдар мемлекеттік тілді дамытуға өз үлестерін қосып келуде. Жоғарыда айтылған Заң бірінші талап ретінде мемлекеттік органдарға мемлекеттік тілді дамытуға барлық жағдайды жасауды міндеттейді. Әділет департаменті де мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және одан әрі дамыту үшін өз үлесін қосып жатыр. Барлық мекемелермен, ұйымдармен хат алмасу тек мемлекеттік тілде жүргізілуде. Ал, басқа мемлекеттерді қоспағанда, егер де хат орыс тілінде келіп түскен болса, онда оған орыс тіліндегі жауабымен қоса мемлекеттік тілде де жауап беруде. Ел тәуелсіздігі – тіл тәуелсіздігі, тіл – ұлттың төлқұжаты, мемлекеттік тұғыры демекші, болашақтың берік іргетасын бүгін қалау қажет. Әсіресе өсіп келе жатқан жас ұрпақ буындарын мемлекеттік тілде жұмыс істеуіне оқу орындарында дайындаумен қатар, мемлекеттік тілдегі іс жүргізу тілін меңгеруін қалыптастыру керек. Сонда ғана ана тіліміздің өсіп-өркендеуі, келешекте тіліміз үлкен мәртебеге ие болып, қазіргі әлемде кең қолданыста жүрген тілдермен терезесі тең болады.
Өзінен де пайдалысы өзегі.
(Қарындаш)Қабы сояу,
Дiнi – бояу.
(Қарындаш)Қысқа таяқ дiңi бар,
Шиырлаған iзiнде
Сайрап тұрар тiлi бар.
(Қарындаш)Ойларынды аңсаған,
Асыл сөздi ақ алаңға,
Түсiруден шаршаған,
Мен емеспiн әмәнда.
(Қалам)Тiл жоқ өзiнде,
Сөзi бар iзiнде.
(Қаламсап)Денесi бар шыбықтан,
Темiр тұмсық құдықтан,
Сусын алып iшедi,
Ойы iз боп түседi.
(Қаламсап)Жұқа тақтай бөлшегi,
Ұзындықтың өлшемi. (Сызғыш)Тау, қыр, жазық, өзен, көл –
Қабырғада биік тұр.
Нансаң, кел, өзің көр –
Бір қағазға сыйып тұр.
(Карта)Доп сынды келбетi,
Онда бар түп-түгел,
Әлемнiң әлпетi.
(Глобус)Көкқұтанша ақ айдында,
Бiр аяқпен тұрады.
Тұмсығымен ол мұнда,
Шыр айналып шығады.
(Циркуль)Емес ол кітап та, дәптер де,
Жүреді бірақ та портфельде.
Көрсетіп ондағы бағаңды,
Қуантып қоясың ағаңды.
(Күнделік)Бiлiм менен тәлiм,
Парақты ашқанда
Беттерiнен мәлiм.
(Күнделiк)Оқушыға күнде ерiп,
Жүретiн не?
(Күнделiк)Қабат-қабат қаттама,
Қаттамадан аттама.
Ақылын оның ала бер,
Айтқан сөзін жатта да.
(Кітап)Сөзі дана, үні жоқ,
Сөйлемейді, тілі жоқ.
Қолыңа алсаң – шешен,
Ақылы асқан көсем.
(Кітап)Тақтаны «досым» дейді,
Өзін сол досы «жейді».
(Бор)Төрт қырлы, өзi аппақ,
Тақтадағы iзi аппақ.
(Бор)Кең алаң – тақырдан,
Шиырлап қайтады.
Ақ қант қатырған.
(Бор)Үстiне өттiм,
Асыл сөз жазып.
(Дәптер) .Ұшымен қазық
Тор көздi жазық.
Үстiне өттiм,
Асыл сөз жазып.
(Дәптер)Үстiнде есiгi,
Өзi орындық, әрi үстел,
Оқушылар бесiгi.
(Парта)Iлулi тұр кең алаң,
Керегiмдi мен одан.
Жазып алам көшiрiп,
Сүртем сосын өшiрiп.
(Тақта)
Тәуелсіздігін алып, іргесі беки бастаған Қазақстан Республикасы өзінің ана тілін қорғауда үлкен жұмыстар атқаруда. Осыған орай 1997 жылы 11 шілдеде жарық көрген «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы Қазақстан Республикасындағы тілдердің қолданылуының құқықтық негізін, мемлекеттің олардың оқып-үйрену мен дамытуы үшін жағдай жасау жөніндегі міндеттерін белгілейді, республикада қолданылатын барлық тілге құрметпен қарауды қамтамасыз етеді.
Қазіргі таңда көптеген мемлекеттік органдарда іс жүргізу мемлекеттік тілде қалыптасуына үлкен мән берілуде. Атап айтқанда, ҚР Үкіметінің «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» қабылданды. Бұл бағдарлама бойынша бірқатар мемлекеттік органдар мемлекеттік тілді дамытуға өз үлестерін қосып келуде.
Жоғарыда айтылған Заң бірінші талап ретінде мемлекеттік органдарға мемлекеттік тілді дамытуға барлық жағдайды жасауды міндеттейді.
Әділет департаменті де мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және одан әрі дамыту үшін өз үлесін қосып жатыр. Барлық мекемелермен, ұйымдармен хат алмасу тек мемлекеттік тілде жүргізілуде. Ал, басқа мемлекеттерді қоспағанда, егер де хат орыс тілінде келіп түскен болса, онда оған орыс тіліндегі жауабымен қоса мемлекеттік тілде де жауап беруде.
Ел тәуелсіздігі – тіл тәуелсіздігі, тіл – ұлттың төлқұжаты, мемлекеттік тұғыры демекші, болашақтың берік іргетасын бүгін қалау қажет. Әсіресе өсіп келе жатқан жас ұрпақ буындарын мемлекеттік тілде жұмыс істеуіне оқу орындарында дайындаумен қатар, мемлекеттік тілдегі іс жүргізу тілін меңгеруін қалыптастыру керек. Сонда ғана ана тіліміздің өсіп-өркендеуі, келешекте тіліміз үлкен мәртебеге ие болып, қазіргі әлемде кең қолданыста жүрген тілдермен терезесі тең болады.