Халық ішінде әншілер де,сазгерлер де көп.Алайда бір сазгердің әнін бүкіл халық-қарты да,жасы да сүйіп айтуы сирек құбылыс.Сондай сазгерлердің бірі-Шәмші Қалдаяқов.
Шәмші Қалдаяқов-осы заманғы қазақ эстрадасының негізін салушылардың бірі,Қазақстанның халық артисі. Ол жас кезінен-ақ тамаша әндер шығара бастайды.Шәмшінің әндері ерекше жұсақ,жылы сазымен ел назарын бірден аударады.Ұлы жазушы М.Әуезов Шәмші саздарын Ақан,Біржан, өнерпаздығынан кейінгі үздік құбылыс ретінде бағалағаны мәлім.Жұрт аузында бүкіл қазақ еліне ән салдырған Шәмші атауының сыры сонда.
Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» туындысы 2006 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны болып бекітілді.
1-тапсырма.
Мәтінді оқып,ат қой.
2-тапсырма.
Мәтінге 3 сұраулы сөйлем құрастыр
3-тапсырма.
Мәтіннің мазмұны туралы пікіріңді «Төрт сөйлем» құрылымына салып жаз.
1.Пікір
2.Дәлел
3.Мысал
4.Қорытынды
4-тапсырма.
Болжалдық,шектік демеулік шылаулардың тиістісін қойып,сөйлемдерді толықтырыңдар.
* шынайы қарым-қатынас достықты көркейтеді
* Тәлім-тәрбие...адамды парасатқа жеткізеді.
* Оның айтуына қарағанда,келесі жылы мүшелге толады-
* Көркем мінез,еңбексүйгіштік...ардақты адам атандырады.
* Ақылды перезент...ата-анасына сөз келтірмейді.