Халқымыздың ертеден-ақ өзіне тән дәстүрлі музыкасы болды. Қазақтың әндері мен күйлері еліміздің әр кездегі тіршілік-тынысын танытады. Қазақтың әншілік өнері жанрлық сипаты жағынан алуан түрлі. Музыка зерттеушілері қазақтың дәстүрлі ән өнерін тұрмыс-салтқа байланысты ғұрыптық әндер, халық әндері және кәсіби әндер деп жіктеп қарастырып жүр. Ғұрыптық әндердің өзі – бесік жыры, тойбастар, беташар, жоқтау, көрісу, сыңсу, жар-жар, жарапазан болып тармақталса, әншілік өнердің кең өріс алған кезінде пайда болған кәсіби ән өнері – халық әндері және кәсіби халық композиторларының әндері болып тармақталады. Ауыл-ауылды аралап ән салып, күй тартқан сал-серілер мен ақын-жыршылар сол дәуірдің музыка мәдениетін таратушылар болды. ХV ғасырда өмір сүрген Асан қайғы мен Қазтуған – қазақ музыка өнерінің дүлдүл өкілдері. XIX ғасырдың ортасы мен XX ғасырдың басында Абай, Біржан, Жаяу Мұса сияқты композитор-әншілер қазақ музыкасын жоғары сатыға көтерді. Дәулеткерей, Ықылас күйлері туған жерді дәріптеуге, халық мерекелерінің көріністеріне, тұрмыстық сюжеттерге құрылды. Құрманғазы күйлері халық тағдырын, қазақтың кең байтақ дарқан даласын суреттеп, ұлттық әуен құрылысын байытты. Әнші-композиторлар Мұхит, Ақан, Балуан Шолақ, Тәттімбет, Қазанғап, сыбызғышы Сармалай шығармалары халық музыкасының классикалық қорына қосылды.
ХХ ғасырда қазақтың музыка өнері жаңа жанрларда өрістеді. Аз ғана уақытта классикалық музыканың опера, симфония, балет, кантата, ансамбль, оркестрлік және хор орындаушылық түрлері жаңа кәсіби композиторлық мектептің негізін қалады. ХХ ғасырдың 30–40-жылдарында ұлттық мазмұндағы және еуропалық форма негізінде қазақ опера өнерінің классикалық туындылары жарық көрді. Олар – Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек», А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай», М.Төлебаевтың «Біржан мен Сара», Е.Рахмадиевтің «Қамар сұлу» және басқа опералар.
2-тапсырма. Жалқы есімдерді теріп жаз.
(Найдите собственное существительное)
О, Ақтан жас, Ақтан жас,
Сенде жетер ме екенсің?
Жетімдіктің белінен
Асып өтер ме екенсің?
Жарық сәуле көре алмай,
Ел шаңына ере алмай,
Сол бойы кетер ме екенсің?
Жапанға біткен жапырақ
Жамылсан тонар ма екенсің?
Жазғы шыққан бүлдірген
Сұғыңсаң тояр ма екенсің?
Күрек тісін қасқайтып
Сұлу сүйер ме екенсің?
Бадана көз, тоғыз тор
Сауыт киер ме екенсің?
Білтеліні тұтатып,
Түтінін үзбей оқ атып,
Жау қашырар ма екенсің?
Тұлпар атты жаратып,
Құйрық - жалын таратып,
Бежін ерді ерлетіп,
Жорыққа жортып, терлетіп
Сырты қырлы, жүзі алмас,
Салған дағы жоғалмас
Сапы асынар ма екенсің?
Босағасын борлатқан,
Таңдайға дәмі татымас
Керегесін торлатқан,
Тегерішін манаттан,
Жібектен ызып бау таққан
Үйге кірер ме екенсің?
Тең құрбыңмен теңеліп,
Шаруа жиып кенеліп,
Бала сүйіп, мал жиып,
Керсеніңе бал құйып,
Өмір де сүрер ме екенсің?
Жетімдіктен өтерсің,
Шаң бермей әлі кетерсің.
Қажыма, Ақтан, қажыма,
Жетерсің, әлі жетерсің.
Өмірде ештеңе көп қиындықсыз берілмейді. Қиындықсыз біз жануарлардан еш айырмашылығы жоқ, бірақ олар өздері үшін тамақ алуға күш салуы керек. Бұл өмірде адам болып қалуға көмектесетін жұмыс, өйткені жалқаулық адамның барлық жаман қасиеттерін көрсетуге ғана ықпал етеді. Еңбек бізді көтереді, бізді өмірдегі ең маңызды нәрсені таңдауға мәжбүр етеді, ұсақ-түйектерге шашырамаңыз. Еңбек бізді ең қажетті нәрсеге назар аударуға мәжбүр етеді, және біз көп нәрсені байқамаймыз, өйткені жақсы жұмыс істегеннен кейін мен демалғым келеді және қажетсіз нәрсемен айналыспаймын. Бір нәрсеге қол жеткізу керек жерде үлкен жұмыс қажет. Біз білген кезде бір нәрсені түсінуге, білім алуға көп уақыт пен күш жұмсаймыз. Біз сүйікті мамандығымызды игергіміз келгенде көп күш жұмсаймыз. Спортшы жақсы нәтиже көрсетіп, жеңіске жету үшін көп және көп жаттығу керек, шаршауға назар аудармау керек. Өнер адамдары өз бейнелерін бірнеше рет жасап, сурет салуы керек
Объяснение: