Филеас Фогг есімді ауқатты адам — Лондонның Берлингтон Гарденс ауданының тұрғыны. Ол кез келген істі уақытында бітіргенді ұнататын тиянақты, ұқыпты әрі уәдесінде тұратын сенімді адам болатын. Бірде Филеас Фогг өзіне Паспарту есімді жас жігітті жұмысқа алады. Филеас Фогг пен Паспарту Пэл-Мэл көшесіндегі еңселі ғимаратқа орналасқан Реформ-клубқа келеді. Клубқа мүше дәулетті мырзалар «Әлемді 80 күн ішінде шарлауға бола ма?» деген тақырыпқа қызу пікірталас өткізіп жатыр екен. Мистер Фоггтың танысы мистер Стюарт оған «Жер шарына саяхат жасауға сексен күн жетеді» деп жазылған газеттегі мақаланы көрсетеді. Мистер Стюарт: — Теория тұрғысынан мүмкін болғанымен, іс жүзінде әлемді шарлап шығуға сексен күн жетпейді, — деп езеуреді.
Бірақ мистер Фогг:
— Бұны орындау қиын емес, — деп, оның ойымен келіспейтінін айтты.
Филеас Фоггтың тосын пікіріне таң қалған мистер Стюарт:
— Онда сіз 80 күн ішінде әлемді аралап келіңіз, — деді.
Фогг қарсылық білдірмеді. Сол жердегі мырзалардың көзінше екеуі бәстесіп, мистер Филеас Фогг саяхатқа шығатын болды. Бәске 20 миллион фунт стерлинг ақшатігілді.
Сұрақтар:
• - ФилеасФоггкім?
•
• - ФилеасФоггкімдіжұмысқаалды?
• -
• - Кім мен кім миллион стерлинге бәстесті?
• -
• - Қандай клуб мүшесі?
• -
• - Нешесағ?
• -
• - ФоггӘлемдішарлауғакімдіертіпалды?
• -
- Бастыкейіпкерлердіатаңыз.
• -
• - Фоггқандайадам?
• -
Ұлтымыздың ұлы ақыны, ойшыл Абай Құнанбайұлы «Дүние де өзі, мал да өзі, Ғылымға көңіл бөлсеңіз» деген. Хәкімнің ұлағатқа айналған осы сөзінің мәні уақыт өткен сайын көмескіленбей, есесіне мағынасы артып келе жатыр. Жаңалығы желмен жарысқан бүгінгідей заманда ғылым саласына мемлекет тарапынан зор көңіл бөлініп, елеулі қолдау көрсетіліп келе жатыр. Қазақстанның бұл тараптағы мақсаты – ғылымның дамуына жаңа қарқын беру, оның дамуы үшін дұрыс бағыттарды қабылдау және отандық бизнестің ғылыммен тығыз...