это сор! Мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат - Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы.
Біздер, қазақстандықтар - бір халықпыз! Біз үшін ортақ тағдыр - бұл біздің Мәңгілік Ел, лайықты әрі ұлы Қазақстан! Мәңгілік Ел - жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы. Егеменді дамудың 22 жылында барша қазақстандықтарды біріктіретін, ел болашағының іргетасын қалаған басты құндылықтар жасалды. Олар көктен түскен жоқ. Бұл құндылықтар - уақыт сынынан өткен Қазақстандық жол тәжірибесі.
Бірінші - Қазақстанның тәуелсіздігі және Астанасы. Екінші - бірлік, бейбітшілік пен келісім.
Үшінші - зайырлы қоғам.
Төртінші – экономикалық өсім.
Бесінші - жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы.
Алтыншы - тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы.
Жетінші - еліміздің ұлттық қауіпсіздігі және бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысу.
Осы құндылықтар арқасында біз әрдайым жеңіске жеттік, елімізді нығайттық, ұлы жетістіктерімізді еселедік. Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің идеялық негізі осы мемлекет құраушы, жалпыұлттық құндылықтарда жатыр. Біз өз халқымыздың игілігі жолында ұлы мақсаттарды алға қоямыз, сондықтан мен барлығыңызды белсене қатысуға шақырамын! Әсіресе, стратегия жастарымызға арналады.
Ел болашағы кімді толғандырады?
А) президентті
В) қоғамды
С) жастарды
Д) ұстаздарды
Берілген ақпараттарды мәтін мазмұнына сай сәйкестендіріңіз.
р/с
Ақпараттар
р/с
Ақпараттар
Сәйкестендіру жауабы
А
22 жылда
1
Стратегия мақсатына жетуге шақырды.
В
Президент
2
Басты құндылықтар жасалды.
шақырды шашақырады.
С
Мәңгілік ел
3
Ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы.
Мәтіндегі ақпараттарды ретімен орналастырыңыз.
Мәтіндегі ақпараттар
Реті
Экономикалық өсім
Зайырлы қоғам
Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы
Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы
Еліміздің ұлттық қауіпсіздігі
Қазақстанның тәуелсіздігі және Астанасы
Бірлік, бейбітшілік пен келісім
4.Тыңдалым. Өзіңіз таңдаған айтыскер ақынның бірімен сұхбат мәтінін жазыңыз(8-10 сұрақ)
Жеңге
Жеңге деген – ол менің ағамның сүйген жары. «Жақсы жеңгең - жарты анаң» дегендей, менің жеңгем өте асыл жан. Біздің үйге келін болып түскелі екеуміз апалы - сіңілі адамдардай болып кеттік, менің бүкіл сырларымды білетін, маған үнемі ақылын айтып, білмейтінімді үйрететін – осы жеңгем. Жақсы жеңге ғана болып қоймай, қайынжұртына инабатты келін, балаларына сүйікті ана.
Қазақ халқының сан ғасырлардан бергі тәлім – тәрбиесінде жеңгенін орны ерекше. Қашанда өзінен кіші қайындары мен қайынсіңілдеріне әзілі мен қалжыңы араласа жүретін сыйлы, әрі сүйкімді адам болған. «Қызы бар үйдің жеңгесі сүйкімді» деп айтылғандай, әсіресе қайынсіңілсінің тәрбиесінде ерекше орын алатын, сырласатын осы жеңге болған. Жақсы жеңге кенжелерді атймын атамай, оларды еркелетіп қайындарына «төре бала», «ерке бала», «төрем», «еркем», «кенже бала», «мырза жігіт», «төре жігіт», «мырзатай», ал қайынсіңілдеріне «шырайлым», «кекілдім», «арайлым», «сырғалым», «шашбаулым», «күлімкөз», «шашбаулым», «еркем», «ерке қыз» деп ат қояды. Менің жеңгем мені еркелетіп «Сырғалым» деп атайды.
Бұл дәстүр бүгінгі күні де жалғасын тауып келеді. Бұл сыйластық пен құрметтің ерекше белгісі. Ер адамдар ақсақалдар мен өзінен үлкенді «ата», «әке», «ереке», «жәке» деп құрмет көрсету осы дәстүрден туындаған. Осы бір әдет — ғұрыптан жасы үлкен адамды сыйлаудың озық мәдениетін көруге болады.