Это СОЧ ⊙﹏⊙ Мәтінді мұқият тыңдап, төменде берілген тапсырмаларды орындаңыз. Қазақстан — қорықтар мен ерекше аймақты табиғатқа бай өлкс. Қорық аумағындағы
барлық табиғи кешен толығымен шаруашылыққа пайдаланылудан алынған және үкіметтің
қорғауында болатын арнайы қорғау режимі бекітілген ерекше қорғалатын табиғи аумақ.
Қорық — қорғалатын аумақ қана емес, сонымен қатар табиғатты қорғау жөніндегі
мемлекеттік ғылыми мекеме болып табылады. Мұндай жабайы хайуанаттарға санақ
жүргізу әдістері, оларға әсер ететін факторлар анықталып, саны сиреп бара жатқан
жануарлар мен қоры азайып кеткен өсімдік түрлерін қалпына келтіру мәселесі терең
зерттеледі. Қорықтағы табиғи ресурстарды сақтаудың жолдары белгіленеді.
Қазақстанда Ақсу-Жабағылы қорығы, Алматы қорығы, Барсакелмес қорығы,
Қорғалжын қорығы, Марқакөл қорығы, Наурызым қорығы, Үстірт қорығы, Алакөл, Батыс
Алтай қорықтары бар.
(117 сез)
1-тапсырма. Тірек сөздерін анықтаңыз.
Мәтіндегі тірек сөздерді анықтаңыз. (3 сөз немесе сөз тіркесі)
2-тапсырма. Сұрақтарға жауап берініз.
Қорықта қандай зерттеулер жүргізіледі. Бір сөйлеммен жауап беріңіз.
(1)
3-тапсырма. Мәтіннің негізгі ойы қандай?
Қазақ – намысшыл халық. Қонақтан тамақ үшін ақы алу деген оның әдетінде мүлдем жоқ. Бұл көргенсіздік саналып, ырымға жаман деп есептелген. Расында да қазақ «дастарханы қурап тұр» дегізбеу үшін, өзінің ең дәмді асын қонағына сақтап отырады да, реті келгенде, оны дастарханға қояды. Қазақтың ұзақ сақталып, тек қонақ келгенде ғана дастарханға салатын сыйлы асы – сүрленген ет, қазы, шұжық, жент, құрт, қарынға салынып сақталған сары май, тәтті, тары, қант, шай, өрік-мейіз т.б. «Қонақ асы – қазақтың бөлінбеген еншісі» деген сөз бұрынғыдан қалған. Ерулік, қымызмұрындық, сірге мөлдіретер, соғым басы, көңіл шайы, келін шайы т.с.с. бас қосулардың мақсаты, тілек мүдделері қазақтың меймандостық ниетінен туындаған.
Қазақ – қонақжай халық., көңіл табуға шебер, дос жинауға құмар. Қазақта келген қонақты «құдайы қонақ», «сый қонақ», «арнайы қонақ» деп түрліше атаған. Бұлардың қайсысына болмасын, қазақ, ең алдымен, мал сойып, қан шығарған. Дастарханның қадірлі асы жаңа сойылған малдың бас-сирағы деп есептелген. Өте қадірлі адамға қазақтар тай да сойған.