Абай (Ибраһим) Құнанбаев (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер[1], либералды көзқарасын исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.[2]
Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» - тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды.[3]
Объяснение:Ахмет Риза мешіт-медресесі, мешіт-медресе. 19 ғасырдың 50-жылдарында Семей қаласынан ашылған. Мешіттің имамы Қазанның «Маржани» медресесін бітіріп келген Ахмет Риза деген оқымысты адам болған. Ол мешіттің қасынан шәкірттер түрақты жатып оқитын медресе ашады. Бұл медресенің өзге діни оқу орындарынан өзгешелігі - ислам мен түркі ғылыми әлемінде аса үлкен реформаторлық-жәдидтік ілімді қалыптастырған ғұлама Шаһабуддин Маржанидің ағартушылық бағытын ұстанады. Ахмет Риза имам «Шариғат», «Тарихат», «Мағрифат» атты үш негізден тұратын тарихи, философиялық қоғамтану ғылымдарын тереңдетіп оқытты. Түркі, араб, фарсы тілдері және шығыс поэзиясы мен сөз өнерінің заңдылықтары, математика, жағырафия, жаратылыстану пәндері негізгі дәріс ретінде жүргізілді. «Алланы - ғылым мен ақыл-сана арқылы тану керек» деген үрдісті оқу бағдарламасына енгізді. Құнанбайдың әуелде Абайды Ғабдұлжаппар деген имамға беріп, артынан Ахмет Ризаның мешіт-медресесіне ауыстыруы да мұндағы ғылым жолын тереңдетіп оқытатынына көзі жеткендіктен болса керек. Оның үстіне Құнанбай Софы Аллаярдың діни уағызын өте құрмет тұтып, балаларына үйретіп отырған. Ал Ш. Маржани сол Аллаярдың ілімін одан әрі дамытуды мақсат еткен ғұлама еді. Абай бұл мешіт-медреседе шамамен 1855-1858 жылдардың арасында дәріс алды. Жәдидтік бағыттың аса ықпалды болғаны сондай, Абай осы үш жылдың ішінде шығыс тарихы мен философиясын, тілін, поэзиясын жетік меңгеріп шығады.