Етістіктерді тиісті формаға қойыңыз. 1. Мен қазір достарыммен бірге киноға …бара… жатырмын.
2. Олар ертең орталық саябаққа қалалық сенбілікке
(қатысу).
3. Отандық компаниялар өткен жылы Қазақстанда қоршаған ортаны қорғау бойынша бірнеше жобаларды іске (асыру).
4. Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күні дүниежүзі бойынша жыл сайын 5 маусымда (атап өту).
5. Орталық кеңседе жиналыс жоқ, (басталу) жарты сағат болды, ал олар болса әлі жоқ.
«Масғұт» - Абайдың 1887 ж. жазған дастаны.Бұл поэма туралы Абайдың өзі атап көрсеткен деректері жоқ. Бірақ шығарманың ішіндегі кейбір белгілерге қарағанда, бұның оқиғасы, тақырыбы шығыс халықтарының аңызынан алынғаны байқалап тұр.
Ең әуелгі басты кейіпкердің аты - Масғұт.Ақынды шығарманың ішінде қызықтыратын бір-ақ геройдың - Масғұттың ғана жайы. Сол Масғұтты бірнеше ерекше халдерге, уақиғаларға ұшыратып барып, Абай оған үлкен сапалы адамгершіліктің қасиеттерін бітірмек болады. Абай геройының және бір ерекшелігі - ол өзгеше көрнекті күшті ортадан шыққан адам емес. Орташа көптің бірі. Әдейі дәулет, өмір, құдірет, ақыл-өнермен асырып шығарған адам емес. Халық ішіндегі, қатардағы қалың көптің жас өкілі. Масғүтқа осындай сипат, қасиеттер беру арқылы, Абай оны өзінің жоғарыдағы атап берген Бағдатынан, Һарон-Рашидінен, Қызырынан да аулақтап бөліп шығарады. Өзі үгіттеп жүрген жақсы жастардың өз заманындағы мінез-құлқына, арманды адамгершілігіне Масғұтты үлгі етеді.2) Дастан 11 буынды қара өлең үлгісімен жазылған. Алгаш рет 1909 ж. С.-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбай ұғылының өлеңі» атты жинақта толық емес күйінде, кейін толық түрінде 1939 жылғы басылымда жарияланды. Шығарма басылымдарында аздаған текстологиялық өзгөрістер кездеседі.Поэма ағылшын, азербайжан, араб, қарақалпақ, қырғыз, қытай, латыш, орыс, өзбек, татар, үйғыр тілдеріне аударылған.
1)Дулат Бабатайұлы (1802, Шығыс Қазақстан облысы,Аягөз ауданы Сандықтас қонысы — 1874, сонда) — көрнекті ақын. Өлеңдері ел ішінде көп тараған. Дулат шығармалары негізінен дидактикалық негізде жазылған. 1880 жылы Қазанда жарық керген «Өсиетнама» деген жинағына ақынның заманы туралы толғаулары енген.
2)Дулаттың арнау өлеңдері ішінде «Ақтанға» деген өлеңінің сипаты өзгешелеу. Жетім бала Ақтанның өмірі ақынның аяушылық сезімін қозғап, жүрегін тебірентеді. Ал Дулатты баланың болашағы көбірек толғандырады. Ол осы Ақтан баланың бойынан ел тілегін арқалап, халық басына өз еркі өзіндегі өткен дәуренін қайта оралтар ерді, батырды көргісі келеді.
3)