В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
SherlockloveMoriarty
SherlockloveMoriarty
16.10.2021 10:57 •  Қазақ тiлi

Эссе саяхат мен туризм 90 слов​

Показать ответ
Ответ:
ЛераТян2000
ЛераТян2000
09.02.2022 01:39

                                             Қыздың жолы

     

        Біздің қазақ «қыздың жолы жіңішке» деп айтады. Иә, қыздың жолы жіңішке де, ауыр болып келеді. Себебі, қазақ тәрбиесіндегі қыз баласының бойында артық жүріс-тұрысы болмау керек. Қыз баласына аяғын аспанға көтеруге, аузын ашып айқайлап күлуге болмайды. Кіндігін көрсетіп, денесін жалаңаштау сияқты  іс-әрекеттер оғаш қылықтарға жатады. Қыз болып жаратылған соң, өзіңді ұқыпты ұстап, ізетті, ибалы, сабырлы болу керексің. Әйтпесе, сен ата-анаңның атына кір келтіресің.

       Сол жіңішке ғана жолмен келе жатқан қыз, ертең бір шаңырақтың келіні болып шыға келеді. Бөтен біреудің шаңырағына судай сіңіп, тастай батудың өзі – ауырдың ауыры. Әрине, айтқанға оңай. Ата-енеңнің қабағына қарай, өскенше баққан әке-шешеңді де ойлай ортада тепе-теңдікті сақтау керексің. Мұнда қыздың дәурені аяқталып, келіннің міндетін атқарасың. Сол шаңырақты өз үйіңдей қабылдап, ата-енені екінші әке-шешеңдей көресің. Осылай бәрінің көңілінен шығуға тырысып жүргенде, күндердің күнінде Ана атанасың. Бұл ең үлкен жауапкершіліктің бірі. Сол балаң үшін жақсы ана, жақсы дос, жақсы тәрбиеші болу керексің. Баланы дұрыс тәрбиелеп, оны бағып-қағу сенің мойныңда болады. Кез келген бала үшін ең жақын адам – Анасы. Сол балаң үшін отқа да талай түсерсің. Бала ер жетіп, өз таңдауын жасап, мінез көрсеткенде де бар сұрау анадан болады.  Балаңмен бірге мың өле, мың тіріле солардың қамымен болашақ өмірлеріне араласа кетесің. Бір күні қызыңды қияға, ұлыңды ұясына қондырасың. Сол кездегі байғұс Ананың толқулары, уайымдары, баласы үшін шырылдаған жүректері-ай десеңші!

        Міне, осылай қыз болып дүниеге келген сен тар жол, тайғақ кешумен басыңды тік көтере мына қысқа қана ғұмырмен арпалысқа түсесің. Қыз бала әйел атанып, ана болып, көптеген жауапкершіліктерді мойнына алып, өмірдің бар ағысы тек өзіңнен басталатынын сезесің.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Тэт11
Тэт11
30.04.2023 21:14

қорқыт ата шығарма нақыл сөздері

Қорқыт атаның кеңестері далалықтардың қоғамдық өмірінде үлкен рөл атқарды, олар күні бүгінге дейін халық даналығы шоғырланған мақал мен мәтелдер ретінде қабылданады. Оның қанатты сөзге айналған нақыл сөзі мынадай: «Қар қалың жауса да, көктемге дейін қалмайды, жайқалып өскен көк майса күзге дейін қалмайды. Ескі мақта мата болмас, ескі жауың дос болмас. Сулар тарам-тарам болып, қаншама тасып аққанымен, теңіздерді толтыра алмайды. Менмен, тәкәппар адамды тәңірі сүймейді. Басқалардан өзін жоғары ұстаған адамға тәңірі бақ бермейді. Қара есектің басына жүген таққанмен тұлпар болмас. Қар қаншама қалың жауғанмен- жазға бармас, гүлденіп өскен бәйшешек күзге бармас. Тозған мақта бөз болмас, ежелгі жау ел болмас болмас. Қайы ара балтасыз жау алынбас. Мыңғырған мал жиғанмен, адам жомарт атанбас. Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағлым алмаған ұл жаман. Ондай бала ел басын құрап, үйінен дәм беруге жарамайды».

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота