Адамзаттың жабайы аңдардың ішінде ең бірінші қолға үйреткен жануары – ит. Адам өз тамағымен итпен бөлісті, ал ол аң аулауда адамға көмектесті. Содан бері ит адамның досы. Қазақтар жеті қазынаның бірі деп итті ерекше бағалайды. Иттердің есту, көру, иіс сезу мүшелері өте жақсы жетілген. Егесі итке жақсы қараса, иттер егесі үшін өз өмірін құрбан етуге дайын. Өмірде ондай оқиғалар көп, мысалы Хатико деген иттің адалдығы туралы фильм түсірілген. Жақында мен әлеуметтік желіде темір жол бойында, мас болып құлап жатқан егесін, ит өлімнен аман алып қалғанын көрдім. Соңғы кезде адамдар итке немқұрайлы қарайтын болды. Кез келген уақытта итті өлтіріп немесе көшеге тастай салады. Мүмкін иттер адамдардың опасыздықтарына ренжіп, кейде олар да адамдарға шабуыл жасайды.