Климаттың ғаламдық өзгеруі туралы шектемелі конвенция – климаттың жаhандық өзгеруі салдарынан туындайтын проблемаларды шешуге арналған халықаралық келісім. 20 ғ-дың 80-жылдары адамның іс-әрекетінің нәтижесінде бөлінетін булану газдарының (“парник газдарының”) әлемдік ауа райының өзгеруімен байланысын дәлелдейтін ғылми деректер қоғамды қобалжытатын ой-пікірлер туғызды. Үкіметаралық деңгейде ұйымдастырылған бірқатар халықараралық конференциялар жедел түрде климаттың өзгеру мәселесі туралы жаїандық келісім жасауға шақырды. Осы жайға байланысты БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 1990 ж. “Климаттың ғаламдық өзгеруі жөнінде шектемелі конвенция” туралы келіссөздер жүргізетін халықар. комитет құрды. Комитетшектемелі конвенцияның жобасын жасап, оны 1992 ж. 9 мамырда Нью-Йорктегі(АҚШ) БҰҰ-ның штаб-пәтерінде бекітті. Конвенция 1992 ж. маусым айында Рио-де-Жанейрода (Бразилия) жоғары деңгейде өткен дүниежүзілік кездесуде қабылданды. Оған 154 мемлекет және Еуропалық одақ басшылары қол қойды.