Если на месте автора, то как лучше закончить роман? Выпиши 10-12 предложений. Отправь Аудио. - Вместо многоточия поставь нужные слова. Вопросы составила лето разговорные фразы. » Письмо герою " Напиши письмо Робинзону Крузо. Рисуем А4 про Робинзона Крузо
Менің анам – жер бетіндегі ең аяулы жан. Мен оны шексіз жақсы көремін. Оны белгілі бір нәрсе үшін жақсы көремін деп айта алмаймын. Оған бар болғаны менің өмірімде бар болғаны үшін алғыс айтамын. Мен оны мақтан тұтамын. Одан асқан маған жақын жан жоқ. Ол өте сұлу. Оның сылдырлаған күлкісі мен қоңыр көздерін жақсы көремін. Аялы алақанындағы жылуын сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Менің анам өте мейірімді. Ол барлық адаммен тіл табыса алады. Қиын-қыстау кезеңде алақанымен аялап, қолдау көрсете біледі. Анам шыр етіп осы дүниеге келген сәттен бағып-қағып келеді. Анама маған осы күнге дейін жасағандарының барлығы үшін алғыс айтамын. Өзім де оған көмек қолын созып отыруға тырысамын. Әдетте үй ішін жинап, ауыр сөмкелерді көтерісуге көмектесемін.
(1912 - 2003)
Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының академигі Шапық Шөкіұлы Шокин 1912 жылы Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты С. Торайғыров атындағы ұжымшарда дүниеге келген. Болашақ Халық қаһарманы, академиктің балалық шағы өте қиын жағдайда өткен. 1918 жылы 6 жасында әкесі Шөкіден айырылады. 1920 жылы ағасы Риза Шапықты бастауыш мектебіне оқуға береді. Шапық кейін жастар мектебін, содан соң педагогикалық техникумын бітіреді. 1930 жылы Ташкентте Орта Азия Мемлекеттік университетінің қоғамдық ғылымдар факультетіне қабылданады. Университетті 1937 жылы бітіріп, еңбек жолын Алматыдан бастайды. 1943 жылы Ш. Шокин Ғылым Академиясының энергетика секторына басшылық қызметке тағайындалады. Оның негізгі зерттеген тақырыбы энергетика және су шаруашылығының болашақ дамуы мен отандық энергетиканың баланс мәселелері.
Ш. Шокин 450 - ге жуық ғылыми еңбек жазған. Ғалым Мемлекеттік сыйлықтың иегері; көптеген медальдар және ордендермен марапатталған.