В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
Polinadonut
Polinadonut
01.09.2020 01:31 •  Қазақ тiлi

Ертеде Балқаш деген бай болған екен. Оның көркіне ақылы сай Іле деген қызы болыпты. Іленің көріктілігі мен ақылдылығы жан-жаққа аңыз болып тарайды. Ілеге құда түсушілер келе бастайды, бірақ Іле олардың бірде-біреуіне өз сезімін алдырмайды. Сол елде Қаратал деген батыр, кедей жігіт болады. Ол үнемі жарлы-жақыбайлардың сөзін сөйлеп, оларға көмек беріп жүреді. Бірде Балқаш бай үлкен ас береді. Бұл аста ақындар айтысып, жауырыны жерге тимеген палуандар белдеседі. Осы аста Іле мен Қаратал кездеседі. Бір көргеннен бірбіріне тәнті болған екі жас тек іштей ұғысады. Сегіз қырлы, бір сырлы Қаратал бұл аста ерекше көзге түседі. Балқаш бай қызы Іленің Қараталға ерекше ілтипат көрсетуінен қатты шошынады. Қараталды қызына тең көрмейді. Балқаш бай бақыт тек байлықта деп ұғады. Қаратал Ілеге қанша ынтызар болғанымен, арада алынбас қамал барын ұғады. Ол – өзінің кедейлігі еді. Іле Қараталды шын сүйетіндігін айтып, әкесінен рұқсат сұрайды. Балқаш бай рұқсат бермек түгілі жігіттің атын атауға тыйым салады. Ақыры ебін тауып, Іле мен Қаратал ауылдан қашып шығады. Қызының кедей жігітпен қашып кеткенін білген Балқаш бай өзі бас болып арттарынан қуады. Іле мен Қаратал қуғыншылардан құтылмасын біледі де, әкесін тосып алады. Әкесімен бір ауыз сөзге келеді. Іле: «Әке, мен тек Қараталды сүйемін. Өмірде байлықтан жоғары күш бар. Ол – махаббат. Өзіңнен соңғы өтінер жалғыз тілегім: тіршілікте бірге болмаған тәніміз о дүниеде бірге болсын, Қаратал екеумізді бірге жерле», – дейді де, биік құздан етекке құлайды. Қызының парша-парша болған жансыз денесін көрген Балқаш бай есінен танып құлайды. Арада біраз уақыт өтіп, өзі-өзіне келген Балқаш бай жанындағыларға: «Мен өмірде үлкен қателік жібердім. Адам үшін бар байлық та, бақыт та бала екенін енді түсіндім. Тірлігімде жіберген қателігімді о дүниеде жуайын, Іле мен Қаратал екі сағам болсын», – деп екі баласының ортасына жатып, өзіне-өзі қанжар салады. Міне, Балқаш көлі Балқаш байдың көз жасынан пайда болып, үнемі екі сағасынан келіп құятын Іле мен Қаратал демімен толығып отырады екен. 4. Мәтіннің композициялық құрылымын анықтаңыз​

Показать ответ
Ответ:
Tribbl2201
Tribbl2201
17.01.2023 16:15

Елге құрмет - жерге құрмет.

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем... деп Фариза Оңғарсынова апамыз жырлағандай менің кіндік қаным тамып, алғаш тәй-тәй басқан, алғаш «ана» деп күлім қаққан, апама еріп қой баққан елім, киелі жерім, ата мекен Жерұйығым – тәуелсіз Қазақстан. Халық даналығы «Әркімге өз туған жері Мысыр шаһары» деп бекерге айтпаған.

Туған жерін жырға қоспаған, туған жері жайлы толғанбаған ақын-жазушылар жер бетінде жоқ шығар.

Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен. Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын.Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау әрбір азаматтың бірінші міндеті. Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген.

Әрбір азамат туған өлкесін, елін, жерін, салт-дәстүрін, тарихын құрметтейтін, сүйетін, мақтан тұтатын, Ұлтжанды азамат болу керек. Ол үшін өткенін біліп, бағалау керек. Өзі туған қасиетті Отанын оттан да ыстық бағалау, сүю керек деп ойлаймын.

Мен өз Отанымды сүйемін және мақтан тұтамын!

0,0(0 оценок)
Ответ:
dogtor20
dogtor20
15.05.2021 11:53

Зат есім сөз таптарының бірі. Мен зат есімнің не екенін түсіндім. Зат есім - заттың, құбылыстың атын білдіріп, кім? не? деген сұраққа жауап беретін сөз табы. Күнделікті өмірде кездесетін, әдеттегі жай нәрселерді ғана емес, табиғат пен қоғамдық өмірдегі ұшырасатын әр алуан құбылыстар мен уақиғаларды, ұғымдар мен түсініктерді де қамтиды.  Мысалы:құс, тас, су, шыны, адам, қол деген сөздермен қатар, жаңбыр, найзағай, сайлау, жүріс, капитализм, эволюция, ұғым, ақыл, сана деген сөздер де зат есімге жатады.Зат есім сөз таптарының бір түрі. Маған зат есімді зерттеп, оны түсіну өте қызықты болды. Жәнеде зат есімнің рөлі өте маңызды болып келеді.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота