Ерте заманда Әлім деген бала өмір сүріпті. Оның әкесі қайтыс болып, жалғыз анасымен қалады. Олар кедей отбасынан еді. Күн артынан күн өте береді. Баланың мектепке барып, оқитын уақыты келеді. Бірақ оны мектепке апаруға еш мүмкіндік болмайды. Алайда Әлім « Мен оқуым керек» деп арланады.
Кішкентай Әлімнің көршілері өте бай адамдар еді. Әлім көршісіне келіп: « Сіз үйіңізге қызметші іздеп жүр екенсіз, мені алыңызшы! Еңбегіме көп ақы сұрамаймын, тек қана анда-санда сіздің ұлдарыңыз қалай оқып жатқанын көрсем, жеткілікті», - дейді. Бай тегін жұмысшы тапқанына қуанып, келісе кетеді.
Бала байдың үйінде таң атқаннан кеш батқанға дейін бел жазбай жұмыс істейді. Бірақ Әлім мұғалімге көрінбей, оның айтқандарын тығылып тұрып тындап алатын еді. Сөйтіп, Әлім оқу мен жазуды үйреніп алады.
Бір жылдан кейін өз бетінше сөздерді ажырата алатын болды. Бірақ қайда, немен жазарын білмей, басы қатады.
Әлім өзінің анасымен теңіз жағасындағы кішкентай үйде тұратын еді. Теңіз толқыны құм бетін шайып, тегістеп кететін. Әлім қолына таяқ алып, теңіз жағасына келіп, құм бетіне әріптерді жаза бастады. Теңіз толқыны шайып, жазғандарын өшіріп кетеді. Әлім ерінбей қайта жазудан жалықпайды. Жазуы тайға таңба басқандай болып шықты.
Енді оған оқитын кітап керек болды. Бір күні байға келіп: «Сіз маған өз кітаптарыңызды оқуға рұқсат етсеңіз, мен тағы да бір жыл ақысыз жұмыс істеуге келісер едім», - дейді.
Бай мұндай тегін жұмысшыдан айырылғысы келмей, келісе кетеді.
Әлімге ертеден қара кешке дейін жұмыс істеп, түнде оқуға тура келді.
Одан бері көп жылдар өтті. Әлім өз мақсатына жетіп, үлкен ғалым болыпты. Адамдар кішкентай Әлімнің табандылығын әлі күнге дейін еске алып отырады екен.
1) Мәтін не туралы? Мәтінге атқой./1/
2) Мәтін арқылы автордың не айтқысы келді? Мәтіннің негізгі ойын тұжырымдап жаз./1/
3) Мәтіндегі қарамен берілген сөз тіркестерінің мағынасын түсіндір Сөз тіркестері
Мағынасы
бел жазбай
тайға таңба басқандай
4) Мәтіннен мына сөз таптарын тауып жаз./6/
Сөз таптары
І жақта тәуелденіп септелген зат есім
Болымсыз етістік
Сын есім
Сан есімді тап және реттік сан етіп өзгерт
Мезгіл үстеуі
Шылау
Мұғалім: Сəлеметсіңбе
Оқушы: қалыңыз қалай
Мұғалім: Шүкір жақсы. Қандай шаруамен келген?.
Оқушы: Мен Қазақ тілі сабағынан қосымша сабақ алғым келеді?.
Мұғалым: оның дұрыс. Бырақ неге менын сабағымнан( оқушыны сынау үшін сұрады)
Оқушы: мен қазақ жерынде тұрып қазақ тылын былмегеным ұят болады. Əрбір оқушы қазақ тылын жоғарғы дарежеде былу керек деп ойлаймын сондықтан үйренгім келеды.
Мұғалім : сенын ойың маған ұнады. Мен саган қуана қуана қосымша сабақ беремін. Қай кезде бос болсаң сол кезде келе гой.
Жиренше шешен жөнінде өзге халықтардың шығармаларында да сөз болады. Түркі-моңғол, үнді-еуропа халықтарының біразының фольклорында да ол туралы әңгіме бар. Қазақ фольклорында бар Жиренше шешен жайындағы аңыз әңгімелердің кейбір нұсқалары негізгі кейіпкердің атымен, мысалы, қарақалпақ (Жиренше), қырғыз (Жээренче чээчен), түрікмен (Йикренче) фольклорына ауысқаны байқалады.
Жиренше шешен туралы ертегілер, әңгімелер қазақ фольклорында шамамен XV ғасырдан басталады. Онда шешендік сөздің үлгілерімен қатар, тұрмыс-салт ертегілер де бар.
Жиренше шешен атымен байланысты әңгімелердің ішінде ең көп тарағаны – оның көркіне ақылы сай, дана қыз Қарашашқа үйленгені. Жалпы зерттеулер Жиренше шешеннің атына қатысты аңыз әңгімелерді үш топқа бөледі. Біріншісі - Жиренше шешенді Жәнібек ханның ақылшысы әрі досы етіп көрсететін әңгімелер. Мұнда Қазақ хандығын құрысуға белсене қатысқан Жәнібек ханға деген ел ілтипатының әсері айқын аңғарылады. Екіншісі – Жиренше шешенді әлеуметтік теңсіздікке қарсы күресуші етіп көрсететін әңгімелер. Мұнда ол ханды әшкерелеуші, ханның зорлығына өзінің ақыл-парасатын қарсы қоюшы, тапқыр ақыл иесі ретінде бейнеленеді. Үшіншісі – Жиренше шешеннің көпшілік арасындағы күнделікті қақтығыстарда айтатын тапқыр әзіл-қалжың сөздері. Осы шығармалардың арасында Жиренше есімі ұмыт болмай, ғасырдан ғасыр асып, бүгінгі ұрпаққа жетіп отыр.