В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
thymbalovajulia
thymbalovajulia
16.01.2023 00:41 •  Қазақ тiлi

Элимде биринге музеалашык кайда пайда болган не ушин музкалашык салган ? казир музкалашыгы каи жерлерде бар ? астананын музкалашыгы туралы не билдын ?

Показать ответ
Ответ:
caramel1701
caramel1701
05.10.2020 14:19

Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары биыл қыста төрт мұз қалашығын қызықтай алады, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің мәдениет басқармасы.

Қаладағы мұз қалашықтарының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Мұз қалашық еліміздің бас шыршасы жағылған 18 желтоқсаннан бастап ашылады.

Биыл Астанада Жаңа жыл мерекесіне арналған бас шырша Тәуелсіздік күнінен кейін, 18 желтоқсанда «Хан шатыр» ойын-сауық орталығының жанында жағылады. Жыл сайын шырша 1 желтоқсан күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен жанатын. Биыл Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай, қала алдымен Тәуелсіздік мерекесіне дайындалып жатыр.

Елордада Жаңа жыл мерекесіне орай барлығы 17 шырша орнатылады. Бір ғана Есіл ауданы мен Үркер, Қаламаңы тұрғын алқаптарында 10 шырша орнату жоспарланған. Биылғы жаңажылдық безендірудің басты нышаны — Тауық қана емес, еліміздің басты оқиғасы — ЭКСПО көрмесі де болады.

Айта кетейік, Астанада ашық аспан астындағы ең үлкен мұз айдыны «Арай» саябағында салынып жатыр. 250 адамға арналған мұз айдынының жалпы аумағы — 5 мың шаршы метр.

Қалалық мәдениет басқармасының хабарлауынша, биыл мұз қалашықтар «Хан шатыр» ойын-сауық орталығының жанында, қалалық әкімдік жанындағы алаңда, Есіл өзенінің жағалауында, «Студенттер» паркінің жанында орналаспақ.

«Былтырғы тәжірибеге сүйенек, қала халқы мұз қалашықтарға өте көп барған. Сондықтан, биыл да мереке күндері мен демалыс кезінде халыққа арнап әр түрлі көңіл көтеру бағдарламаларын, флешмобтар мен жарыстар ұйымдастырмақпыз. Бұл шаралардың мақсаты – елорда халқының демалысын көңілді ету әрі салауатты өмір салтын қалыптастыру», – дейді мәдениет басқармасының ба з қызметі.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота