Екі мәтінге ортақ тақырыпты көрсетіңіз. a) Үйірін тапқан бөлтірік
b) Қараадыр қасқыры
c) Ауылдың аңыз-әңгімесі
d) Қасқырлардың қырылуы
1-мәтін
Қыс қатты. Қар қалың. Қасқырды қар көтереді. Атты көтере алмайды. Мұның бәрі екі қасқыр
жайындағы Қараадыр елінің аңыз-әңгімесі еді. Жиын болып көпшілік бас қосса, көп әңгімелері екі
қасқыр жайында болатын. Көксерек семіргенде, ірілеп өскенде — осындай даңқ, атақ ішінде
семіріп, өсіп келе жатыр еді. Осы күйлердің бәрімен қатар, Көксерек оңашада елсізде қатты
ойыншы болатын. Түс кезінде, я таңертең бір малды тасада аунатып жеп алып, елсіздегі қашандау
жатақтарына қайтады. Сондайда ақ қасқыр жүрістен талып келіп тынығып жатса, Көксерек
айналасында қар боратады. Жүгіріп екпіндеп кеп тістеп өтеді. Басынан асып аунап түседі, кейде
ақ қасқыр ырылдап тісін сақылдатып, құлағын жымитып, ашумен тап береді. Ондайда Көксерек те
қатты қорылдап гүр-гүр етеді. Кейде секіріп кеп ақ қасқырдың желкесінен қапсыра тістеп алып,
қысып тұрып-тұрып барып қоя береді. Екеуі осыдан әрі ұзасып барып таласпайды. Артынан
Көксерек қайта ойнайды.
2-мәтін
Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» әңгімесінде ауыл баласы Құрмаштың қасқырдың күшігін
асырап алуы жайында. Қаламгер туындысында табиғаттағы тағылық заңы, адам мен жан-жануар
арасындағы шекараны шебер суреттейді. Көксеректі күшік кезінен қамқорлықпен құшағына алып,
мәпелеп өсірген Құрмаш сүйкімді бөлтірігін кімнен де болсын қорғаштағанымен, ауыл
ақсақалдары қасқырдың бөлтірігінен секемденіп, тағылық заңның өзгермейтінін бала Құрмашқа
түсіндіруге тырысады. Әйткенмен, өсе келе далаға қашып, бірнеше күн қатарынан бой көрсетпеуге
дағдылана бастаған Көксерек арада біраз уақыт өткен соң бір топ қасқырды бастап, өзге
ауылдармен қатар Құрмаш ауылының қойларына да шабуыл жасай бастайды. Мұның арты
Көксеректің қой бағып жүрген Құрмашқа шауып, қамқор болған иесін өлтіруіне ұласады. Адамзат
пен жануар әлемінің заңы басқа және ол тоғыспайды да. Тоғысқан жағдайда, артының жақсылыққа
апармасын әңгімеден ұғынғандаймыз.
Алып мүсіндер қирағанын көрдім,
Сұлаған жаудай жебеден.
Менің ойымша, бұл жерде автор тәуелсіздіктің оңай келмегенің айтуда. Яғни, туған еліміз азат болмағанда қазақ елінің көп нәрсені бастан кешіргені туралы айтады.
Темір шымылдық түрлерін көрдім,
Сахнаға шықты жас өмір
Темір шымылдық дегеніміз-соғыс, келіспеушілік пен наразылық көп болған кездер. Яғни автор тәуелсіздік алу жолында көптеген кедергілер мен қиыншылықтар болғаның айтады.
Тәуелсіздік мен,
ол менің асқақ аңызым,
Болмысы ол ұлдың өзіңнен туған,
Жарық Күн!
Менің ойымша, бұл өлең жолдарында автор тәуелсіздікке деген бақытын, аңсауын білдіреді. Қазақ жерінің тәуелсіздігі мақтанышымыз екенің айтады.
Туған халқын төрткүл дүниеге танытқан ұлы суреткер Мұхтар ӘУЕЗОВ – кемел ойдың кеніші, кенен сөздің өрісі. Қазақ әдебиетінің қарымды қаламгері, дарынды ғалым. Ұлы жазушының туғанына биыл 120 жыл толып отыр.Әуезов өмірі мен еңбегінің халық үшін қаншалықты маңызды болғанын кейін тарихтың өзі дәлелдеді. Ол аласапыран кезеңдерде халқымыздың талай рет үзіліп қала жаздаған мәдени-рухани арқауына, ұлттық болмысына аман жетуіне үлкен үлес қосты. Осы мақсатта №5 жалпы білім беретін орта мектепте «Әлем таныған Әуезов» тақырыбындағы танымдық кеш ұйымдастырылды.
Жазушының негізгі тақырыптары – әлеуметтік теңсіздік, әділетсіздік, әйел басындағы ауыр тағдыр туралы. Осының бәрі М.Әуезовтің ұлы эпопеяға барар жолдағы әрекеттері болатын. «Абай жолы» – Әуезовтің бас кітабы. Осы шығармасы арқылы бүкіл дүние жүзіне, өз отандастарына қазақтың кім екенін танытты. 5 сынып оқушыларымен өткізілген «Әлем таныған – Әуезов» кешінде қазақ тілі пәні мұғалімі Б.Адамбаева оқушыларды ұлы тұлғаның шығармашылығымен таныстыра отырып, шығармаларынан үзінді оқып, сұрақтар қойды. Кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқушылар жазушы шығармаларымен танысты