Ең бірінші кітапханалар қашан пайда болған? Ең бірінші кітапхана осыдан сегіз мың жыл бұрын пайда болған. Ежелгі Мысырлықтар
папирус қағаздарға жазған. Қазақстанда ең бірінші кітапхана 1883 жылы Семейде
ашылған. Кітап қорында 260 том кітап болған.
Қазақстан Республикасындағы ең ірі кітапхана — Ұлттық кітапхана. Ол Алматы
қаласында орналасқан. Кітапхана 1931 жылы ашылған. Кітапхананың алғашқы директо-
ры - мемлекет қайраткері Ораз Жандосов. О.Жандосов кітапханаға Қазақстан туралы,
қазақ тіліндегі басылымдарды жинаған. Кітапхана - рухани байлықты сақтаушы ұлттық
кітап қоймасы. Кітапханаға 1991 жылы «Ұлттық кітапхана» деген ат берілді. Кітапханаға
1 жылда 1 миллионнан астам оқырман келеді, 2 миллиондай кітап қолға беріледі. Ұлттық
кітапханада 14 оқу залы жұмыс істейді. Қазақстан Республикасының Ұлттық кітап-
ханасы - әлемдегі ірі кітапханалардың бірі. Ұлттық кітапхананың ғимараты 1971 ЖЫЛЫ
арнайы жобамен салынған. Ол — Алматы қаласындағы отандық сәулет өнерінің туынды-
СЫ. Кітапхана - Қазақстандағы тарихи, мәдени ескерткіштердің бірі. Ұлттық кітапхана
Мемлекеттің қорғауында.
Сен қандай кітапханаларды білесің?
e составить вопросы по этому тексту
Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз.
Еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі 25 жыл. Жиырма бес жыл ішінде Қазақстан етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес зайырлы ел болды. Бұл атадан келе жатқан ұлы жеңістің жемісі. 1991 жылы 16 желтоқсанда егемендігін алған еліміздің өз президенті, ұлты мен ұлысы, салты мен дәстүрі, мәдениеті мен экономикасы болды. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет болып қалыптастық.