ДЗЫЛЫМ -тапсырма. Мәтіннің мазмұнына сүйене отырып, «Туған жерім -
рым» тақырыбы бойынша эссе жаз.
Талаптар:
. Нақты айқындалған кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды бөлімнен құралуы
арт.
. Тақырыптан ауытқымаған дұрыс.
.Тезистерді ұтымды дәлелдермен растау қажет.
. Өмірмен байланыс болуы тиіс.
Өзіндік тың пікірлер келтіру керек.
• Баяндау стилі нақты болуы шарт.
• Көркемдеуіш құралдарды ұтымды қолдану қажет.
- Көлемі – 150-170 сөз.
#
Тарихқа үңілсек ежелгі заманда да мемлекеттер халқының саны мен оның әскерге жарайтын бөлігінің санын анықтау, мал санын, жердің көлемін білу мақсатында есеп жүргізіп отырған. Бұл мәліметтерді салық жинау, соғыс жүргізу және т.с.с. жағдайларда пайдаланған. Қоғамның өзгеруі мен дамып отыру нәтижесінде есепке алып отыратын жаңа бағыттар пайда болған. ХVII ғасырдың ортасында Англияда «Саяси арифметика» деген ғылыми бағыт пайда болған. Бұл бағыт қоғамда болып жатқан түрлі өзгерістерді есепке ала отырып, оның дамуына талдау жүргізуге бағытталған. «Саяси арифметика» бағытымен қатар, Германияда «Міндетті статистика» мектебі пайда болды. Осындай мектептердің арқасында ғылымда жаңа бағыт - статистика пайда болды. Статистика латын тілінде status – жай-күй, құбылыстар реті деген мағынаны береді. Бүгінде статистика деген үлкен ғылым.
Объяснение:
Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының тіршіліктану ғылымының бөлімі 1946 жылы ұйымдастырылды. Қазақстанда тіршіліктану ғылымының дамуына ірі жетістіктер енгізгені үшін көптеген ғалымдар әр түрлі сыйлықтардың иегерлері атанды. Қазақстан ғалымдары мал шаруашылығын дамытуда, малдың жаңа тұқымын шығаруда көрнекті нәтижелерге жетті. Малдың 10 жаңа, атап айтқанда: қойдың - 4: сиырдың 3, жылқының - 2, шошқаның - 1 қолтұқымдары шығарылды. Мал санын көбейтуде зоотехник, профессор, ВАСХНИЛ академигі, В. А. Бальмонт (1901- 1971) алғашқы отандық етті-жүнді қой тұқымы - қазақтың биязы жүнді қойын шығарды (1946). М. С. Бутарин, Е. А. Большакова, Ә. Е. Есенжолов және А. Ы. Жандеркиндердің басшылығымен отандық етті-биязы жүнді қой тұқымы қазақтың арқар-меринос қолтұқымы өмірге келді (1950). Қазақтың оңтүстік мериносын шығарған бір топ ғалымдар: А. И. Петров, О. Есалисн, Н. А. Маллицкий, Л. И. Цой, A. М. Якушкинаны атауға болады. Республикамызға кең таралған сиырдың етті - тұқымы қазақтың ақбас сиырының авторлары: Б. М. Мусин, Н. 3. Ғалиакберов, М. Ф. Гордиенко, К. А. Акопян: С. Я. Дудин. Қостанай қолтұқымды жылқысын шығарудағы ауыл шаруашылық ғылымының докторы, профессор Г. Г. Хитинковтың 6 еңбегін ескермеуге болмайды. Биолог-генетик, биология ғылымдарының кандидаты Н. С. Бутарин (1905-1961) будандастырылған шошқаның қазақ қолтұқымы топтарын шығаруда үлкен үлес қосты. Республикамыздағы ботаника ғылымының және ботаниктер мектебінің негізін қалаушы және ұйымдастырушы, ботаник, биология ғылымының докторы, профессор ҚазССР FA-ның академигі Н. В. Павлов (1893-1971) Ресейдің еуропалық бөлігіне, Кавказға, Байкал сыртына, Камчаткаға, Монғолияға, Орта Азия мен Қазақстанға экспедиция (қосын) жасады. Ол «Қазақстанның өсімдік шикізаттары» еңбегін жазды. Қатал климатқа төзімді өсімдіктерді зерттеген, ауыл шаруашылығы ғылымының докторы, профессор, ҚазССР FA және ВАСХНИЛ академигі, ауыл шаруашылық дақылдарының 17 іріктемесін шығарған В. П. Кузъмин( 1893-1973) егістікдақылдардың жаңа іріктемелерін шығарды.
Қазақстанда өсімдік физиологиясын зерттеу ісі ерекше жолға қойылып, өсімдіктің тұзбен улануының биохимиялық тетігін (Л. Қ. Қылышев және оның шәкірттері), кексағыз бен таусағызды физиологиялық тұрғыда зерттеу (А.А. Прокофьев, К. М. Мыңбаев), бидайдың қолайсыз жағдайға төзімсіздігі, түсімділігі, сондай-ақ физиологиялық белсенді заттардың өсімдікке тигізетін әсерін зерттеу (Ф. А. Полымбетова, Л. К. Маманов), темекі будандарының ата-енелік формаларына қарағанда сапасының артық болатынын дәлелдеу (М. Ф. Тамаровский, Ж. Қ. Калекенов, т. б.), жабайы алманың сұрыптау барысында құнды тектік қор екені дәйектеліп, таулы жерлерде алма өсіру жолдарын зерттеу (А. Ж. Жанғалиев, Ж. Жатқанбаев, т. б.) мәселелері жан-жақты тексерілді.
Республикамызда микробиологияны дамытуға Д. Л. Шамис, X. Ж. Жуматов, Н. Қ. Шоқанов, Ү. А Сартбаева, К А. Тілемесова, М. X. Шығаева, A. Н. Илялетдинов, т. б. көп еңбек сіңірді және зерттеу жұмыстарын жалғастыруда. X. Ж. Жуматов Қазақстанда вирусологиялық зерттеулерді алғаш ұйымдастырып, одан әрі дамытты.
Хамза Жұматұлы Жұматов (1912-1972) вирусолог, медицина ғылымының докторы, профессор, КСРО Медицина ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, ҚазССР ҒА академигі, «Тұмау миксовирустарының молекулалық биологиясы» еңбегін жазды.
Қазақстанда жануарлар дүниесін зерттеу ХVІІІ ғасырдың орта кезінен басталды, соның нәтижесінде сүтқоректілердің 179 түрі, құстардың 479 түрі бар екені анықталып, омыртқалы жануарлардың 125 түрі мен түршелері, сондай-ақ бунақденелілердің - 96, шаянтәріздестердің - 1, былқылдақденелілердің - 6, құрттардың 2 түрі қорғауды қажет ететіні белгілі болып, Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелді. «Қазақстанның қансорғыш кенелері» монографиясын паразитолог, биолгия ғылымының докторы, ҚазССР ҒА академигі И. Г. Галузо (1899-1977) жазды. Ол Қазақстандағы протозоологиялық ғылымының дамуына тікелей үлес қосты. Қазақстанда ондатрды жерсіндіруде A. А. Слудский, И. А. Долгушин еңбек етті. A. А. Слудский, А. Бекенов, В. А. Фадеев «Бөкендердің санын қалпына келтіру және қорғаудың биологиялық негіздері, оларды Қазақстанның халық шаруашылығына тиімді пайдалану» атты еңбегі жоғары бағаланды. И. А. Долгушин (1908-1966) - орнитолог, биология ғылымының докторы, профессор. Э. И. Гаврилов, A. Ф. Ковшарь, М. Н. Корелов. М. А. Кузьмина, B. Ф. Гаврин, И. А. Долгушин 5 томдық «Қазақстан құстары» монографиясын басып шығарды.
Ғ. Қ. Ерғалиев - геология-минералогия ғылымының докторы, Ақсай мемлекеттік геологиялық қорықшасым (қаумалын) ұйымдастырды (1985). Ғ. X. Ерғалиев, Н. К. Ившин, И. Ф. Никитин, P. А. Борукаев: С. М. Бандалеmoe, В. Ф. Беспалов «Қазақстан төменгі палеозойының стратиграфиясы және палеонтологиясы» еңбегін жазды.
Объяснение: Осы бола ма?