Допиши окончание Біздің мекеме ... Абай даңғылында . Сіздің бала ... бар ма ? Олардың қыз .. , студент пе ? Сіздің ат ... кім ? Сенің дәптер ... менің кереует..де жатыр . Сіздің дос ... кім ? Сендердің жолдас ... керемет адам екен . Қабыр ғадағы Сіздің сағат ... ба ? Біздің есік ... ашық . Оның кілем ... әдемі екен .
Сай бойында май айының салқын лебі еседі. Бастары көгеріп, бүрленіп қалған қалың қараған жел лебімен сыбдыр-сыбдыр қағып теңселіп, ырғалып қояды. Маңайдан жуалардың, жас шөптердің исі келеді.
Ұзын кең өлкені қаптай басқан қарағанның ортасында терең, құр жар бар. Соның бас жағында итмұрынды қалың жыныстың арасында қасқыр іні бар. Жақын елге мәлім ескі ін. Жазға салымнан бері соны екі қасқыр келіп мекен етті. Бұрын итмұрын жанындағы кішкентай аланда кеңдігі кісі сыйғандай үш үлкен ін болатын. Биыл жас топырағы жағасында дөңкиіп, тағы бір жаңа ін шыққан. Бәрінің ауданы бір, жер астынан қатынасы бар.
Маңайы қасқырдың ойнағы. Жас шөптер басылып, тапталып қалған. Жақындағы қарағандарда қасқырдың ақ жүндері көрінеді. Қыстан қалған түбіті кәзір де әр жерде сөйтіп жүлынып қалып жүр. Індердің орта жерінде екі қалың сасыр шайқалып өсіпті. Қазір соның түбінде қысқы жүні әбден түлеп болмаған ақ қасқыр жатыр. Баурында кішкентай көк күшіктері қыбырлайды. Жарқыраған қызулы күн бойын ерітеді. Көзі бір сығырайып ашылып, бір жұмылып қалғуға кетеді. Иіген емшектері жыбыр-жыбыр тартылады. Төбесінде сасыр шайқалып ырғалады. Маңайдағы қараған мен итмұрын бастары қозғалактайды.
Қарғысы ма қозы-лақтың ондаған,
Қапылыста қолға түсті оңбаған.
Құлыптаулы темір тордан — қапастан
Қайтып шығу бола қоймас енді оған!
Аузына алмас арыстаның қалдығын
Көкжал еді,
Уақыт одан алды құн.
Тор болмаса,
Селебе тіс — азу тіс
Кім-кімнің де шығарар-ды дал-дұлын!
Ғәріп болып көрінгенмен бүгінде
Қанша күш бар күдірейген түгінде!
Жалт-жұлт етіп
Бір тұтанып,
Бір өшіп,
Кек ұшқыны жатыр көздің түбінде.
Болмағасын өмірдегі дегені,
Бүйрегінен шаншиды ыза тебені.
Сөйте тұра,
Темір тордан көргенде,
Бәрін ұмытып,
Аяп кеттім мен оны.
О, жаратқан!
Желіктірсең желіктір!
Қасқырлармен тек осылай жолықтыр
Кіріптар деп аяғанмен мен оны,
Оның мені жеп қойғысы келіп тұр!
Аңшы тұтудың қанша амалын білсе,
Аю құтылудың сонша айласын жасайды.Оғы шалыс ұшпайтын аңшы болмас,
Жаңылыспайтын емші болмас.
Объяснение: