В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
Любчик908
Любчик908
12.08.2020 03:38 •  Қазақ тiлi

Денсаулық саяхат кезінде ерекше күтімді қажет етеді. Адам ағзасына демалыс кезінде жол
ауыртпалығын көтере алмау, жаңа ортаның климаты, тамағы, уақыттың ауысуы әсер етеді. Сондай-ақ,
халық көп шоғырланған жерде түрлі бактериялар мен инфекциялар көп болады. Сол себептен де саяхат
кезінде денсаулығыңызға салғырт қарамаңыз. Жолға шықпас бұрын дәрігерге барып, тексеріліп алыңыз.
Саяхат кезінде денсаулығыңыз сыр бермесін десеңіз, дәрігер кеңесіне ескеріп, өзіңізді күтіңіз.
Саяхатқа шықпас бұрын барар мекеннің климаты, салты, тамағы жайлы алдын ала ғаламтордан біліп
алыңыз. Қандай егу шараларын жасау керектігін сұрап, ақыл-кеңес алу өте пайдалы Жолға жиналғанда
қажетті заттармен бірге дәрі-дәрмек салынған қобдишаны алуды ұмытпаңыз.
Саяхат кезінде беті-қолыңызды жиі-жиі жуып тұрыңыз. Өзіңізбен бірге орамал алып жүрген абзал. Су
болмаған жағдайда ылғалды сүлгілерді пайдаланыңыз. Дәріханадан антибактериалды сабын я сұйықтық
сатып алыңыз. Тек қана таза су, кофе, көк немесе қара шәй ғана ішіңіз. Газдалған сусындарды
пайдаланбаңыз. Жеміс-жидектер мен көкөністерді жуып жеңіз. Ет, балық, тауық, нан, сүт өнімдерін тек
қана дүкендерден ғана алыңыз. Көшеден, базардан тамақ сатып алмаңыз.
1.Берілген тұжырымдардан бір «жалған» ақпаратты анықтаңыз.
Шын
Жалған
Тұжырым
A Саяхат кезінде беті-қолыңызды үнемі жуып тұрыңыз
в Өзіңізбен бірге орамал алып жүрген дұрыс
с Заттарды жинастырғанда қажетті дүниелермен бірге дәрі-дәрмек салынған
қобдишаны алудың қажеті жоқ
2-3. Мәтіннен берілген сөздердің антоним, синонимдерін табыңыз.
зиянды (антоним) —
жиналған (синоним) —
4. Сөйлемдерді мәтін мазмұны бойынша рет-ретімен орналастырыңыз (1, 2, 3).
Реті
Мәтіндегі ақпараттар
Ет, балық, тауық, нан, сүт өнімдерін тек дүкендерден ғана сатып алыңыз
Дәрігерге жолығып, қандай егу шараларын жасау керектігін сұрап, ақыл-кеңес алсаңыз өте пайдалы
Жолға шыкпас бұрын дәрігерге барып, денсаулығыңызды тексертіп алыңыз
5. Сұраққа толық жауап беріңіз. Саяхат кезінде қандай сусындар ішкен жөн?
Жазылым
Берілген екі тапсырманың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Сөздерді орфографиялық нормаға
сай жазып, себеп-салдарлы қатынасты білдіретін жалғаулықтарды қолданып, қосымшаларды дұрыс жалғаңыз,
сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолданыңыз.
1. Қазақ ұлттық қолөнері
Қазіргі кезде көпшілік қазақ ұлттық қолөнер бұйымдарына қызығушылық танытуда. Қазақ ұлттық қолөнеріне
нелер жатады? Ойыңызды эссе түрінде жазыңыз.
2 Саяхат және туризм
Сіз саяхаттағанды өте жақсы көресіз. Биыл жазда да еліміздің көптеген аймақтарына саяхат
жасадыңыз. Саяхат өте тамаша болды. Сол уақытта қандай көрікті жерлер көрдіңіз? Қандай қызықты
оқиғалар болды? Ойыңызды сипаттама мәтіні түрінде жазыңыз.
3. Абайды оқы, таңырқа!
Сіздер сабақта Абай туралы ақпаратпен таныстыңыздар. Мұғалім Абайдың өмірбаянын жазуды тапсырды.
Өмірбаян стилін сақтап жазыңыз.​


Денсаулық саяхат кезінде ерекше күтімді қажет етеді. Адам ағзасына демалыс кезінде жолауыртпалығын к

Показать ответ
Ответ:
marusja82
marusja82
03.06.2021 23:42

Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров - бұл Қазақстан шыққан тұңғыш ғарышкер және ұшқыш. Тоқтар Әубәкіров 27 шілде 1946 жылда туған. Ол 7 күн 22 сағат және 12 минут үшті .

1991 Юрий Гагарин атындағы ғарышкер дайындау орталығында әзірлігін бастады. "Союз ТМ " ғарыш кемесінде және "Мир"орбиталды кешенінде сынаушы ғарышкер-ұшқышы жылдамдатылған машықтауын ұшу бағдарламасы бойынша өтті.

1991 жылы қазанның 2-інде Тоқтар Әубәкіров зерттеуші ғарышкер есебінде , Александр Волков және Аустрия ғарышкері Франц Фибөк , "Союз ТМ - 13" ғарыш кемесімен ғарышқа ұшуға кірісті.

0,0(0 оценок)
Ответ:
bramekanep0akn0
bramekanep0akn0
02.04.2023 12:00

4.Қазақ әдебиеті мен өнерінің алтын ғасыры - ХIXғасыр жыраулар мен сал - серілердің ,ақын - әншілердің өнерлерінің өркендеген кезеңі.Халқымыздың асыл қазынары ғасырдан ғасырдан өтіп бізге жетті.Біржан сал,Ақан сері,Жаяу Мұса,Үкілі Ыбырай,Балуан Шолаұ,Естай т.б. сол ғасырдың бір туар тұлғалары.Бұл ақындар өздерінің сөз құдіретін пайдаланып сол замандағы ел мен жерге,сүйген жарға деген сүйіспеншілігін,сол қоғамға деген ашу -ызаларын өлең - ән арқылы білдірген.Халқымыз сол кездегі ақын - әншілерді еркелетіп,сал - сері деп атаған.Ақын - серілер әндерінде сұлулар,ғашықтықты көптеп жырлаған.Олардың дені аруларды аялап,жақсыны дәріптеу негізінде жазылған.Сал -серілер өлеңдерін ару қызға арнағанда табиғаттағы сұлулықты теңей суреттеген.Мысалы:аққу,лашын,бұлбұл құсқа,маралға,гүлге теңеп,олардың өз ерекшеліктерін айқын аша білген.Ақан серінің "Жайықтың ақ түлкісі", "Ақ көйлек" өлеңдерінде көрсе көз сүріндірер сұлуиқазақ қыздарын суреттеген.Мысалы:

Жайықтың ақ түлкісі аралдағы,

Алдымен сен бір қашқан маралдағы.

Ертістің құба талы секілденіп,

Жаудырап екі көзің отырасың,

Тұндырған шәй секілді құмандағы,- деп суреттеген.Ежелгі серілер қазақ қызының инабаттылығын ерекше атап айтқан.Қыз жүрісінен оның тәрбиелілігін аңғарып,тыйым салып өсірген қыздың ұяңдығын,мінезін ашып бинелеген.Ақша маңдай,перизат,оймақ ауыз, сумбіл шаш, қарақат көз,жазық маңдай,-деген теңеулерді әсем қолдана білген.Ақындар сол замандағы бас бостандығы жоқ қазақ қыздарының мұңы мен мүддесінде жырлай білген.Мысалы :Жаяу Мұсаның "Әйелдер сипаты" өлеңінде қазақ әйелінің сипатын қайғы - қасіретпен,мұңын айта келе әйелді сыйлауға,бағалауға шақырады.

Гүл жүзді,сырлы көзді жақсы қатын,

Әйелді сыйлау керек ескеріп біз.

Оларға айту керек орынды сөз,

Жақсы әйелге көз салып бір қарасаң,

Шығып кете жаздайды бойыңнан жан,-деп жырлаған.Сал - серілердің әсем әндері ғасыр аралап,қазақ қызының сұлулығын,тәрбиесін дәріптеп бізгежеткізді.

5.Салт - дәстүр әр халықтың өзіндік ерекшелігі,рухани байлығы.Саяхатқа шыққан әрбір саяхатшы жолға шыққанда барар елінің салт - дәстүрін білгені дұрыс.Бөтен елде салт -дәстүрін не басқа нәрсесін білмей бұзып, ыңғайсыз жағдайға душар болмаудың қамын істеген дұрыс.Саяхаттайтын елдің заңын,салт - дәстүрін білу міндетті себебі өз еліңдегі заңға,салт - дәстүрге ол жақтығы сәйкес келмеуі мүмкін.Жүре берсең көре бересің дегендей әр елдің салты әр түрлі.Тіпті заңдарыда қызықты көрінеді. Мысалы, Сингапурда сағыз шайнауға тыйым салынған.Әр елдің салты басқа,иттері ала қасқа,- деп атам қазақ айтпақшы,қанша халық болса сонша салт - дәстүр бар.Сауд арабиясы мен Иранға саяхатқа шықсаңыз ашық - шашық киінуге,әйел заты орамалсыз болмайды.Бұл мемлекеттер мұсылмандар мемлекеті болғандықтан ішімдік,доңыз терісінен істелген заттардыда сыйлыққа таратуға мүлде болмайды.Гүл сыйлағандада қандай гүл,неше тал екендігіне көңіл аудара біліңіз.Мысалы,Қытайда тірі гүлдерді мүлде сыйламайды екен.Саяхатқа шыққан адам барған елінің заңын,салт дәстүрін сыйлағаны дұрыс.Шетелге шыққанда заң мен салт -дәстүрінен басқа ол ел бейбітшілік,тынышпа соныда білген дұрыс.Саяхатшы саяхатыңыз көңілді өтсін.

8.Астана - тәуелсіздік жемісі.

Қазақ елін ел мен жер тағдыры үнемі елеңдетіп келеді.Себебі біздің болашақ ұрпаққа ұстатар мұрамыз бен байлығымыз еліміз бен жеріміз.Тәуелсіздік алғалы елімізде қаншама жақсы жаңалықтар болды.Солардың елеулісі тәуелсіздігіміздің тәтті жемісі - Астана қаласы.Қаланың сұлулығы бар адамды таңқалдырады.Кең дариға далада Есіл,Нұра өзендерімен,сұлу қала Астана алыстан көз тартады.Астана қазақ үшін - салтанаттың қаласы.Астана - әлемдік іскерліктің байланыстың күре тамыры.Астана - елбасының ізгі саясаты,көрегендігі мен кеменгер ойының жемісі.Астанамыздың керегесі мықты,шаңырағы биік.Азиядағы ең европалық қалалардың біріне айналған қала.Астана - өскелең қала.2001 жылы " Астана жаңа қала" деген экономикалық аймағы құрылып,Есілдің сол жағалауына жаңа құрылыстар салынды.Көшелері тап -тұйнақтай,қазақ даналарының атымен аталады.Астананың өркендеуі - еліміздің өркендеуі.Келер ұрпақтың болашағына Астана қаламыз өсіп -өркендей берсін.Астана өркендесе қазақ халқым,елім өркендейді.Келешегі жарқын болып,тәуелсіз елімнің тәтті жемісі,халқымның ақ ордасы Астанам көркейіп,биіктерден көріне бер!

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота