В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
ДимаБум
ДимаБум
22.01.2022 22:27 •  Қазақ тiлi

ДАЮ 20 БЫЛЛОВ ЗА тапсырма. Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.
Ауыз әдебиеті – талай ғасырлар жемісі. Халық жыраулары, жыршылары, ертекшілері осы сонау ықылым заманнан рухани асыл қазына ретінде сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп, бүгінгі біздің дәуірімізге жеткізген. Онда халықтың ғасыралр бойы басынан кешірген тарихи оқиғалары, ерлік, батырлық, махаббат туралы ойлары, салт-дәстүрі жырланады.
Халық ауыз әдебиетінің өлең-жыр, ертегі, мақал мәтелдері, лиро-эпостық жырларында қарапайым адамдардың, еңбек адамдарының жасампаз күшіне, ақыл-парасатпен сенген, соларды мадақтаған. Сондықтан, ауыз әдебиетіндегі бұқара өкілдері тек жақсы жағынан ғана суреттеледі, олар тамаша қасиеттері арқылы оқушыны өзіне еліктіре біледі.
Халық ауыз әдебиеті әр салада, әр түрлі жанрда дамыған. Тұрмыс-салт жырларынан бастап, эпостық жырларға дейінгі бай мұра халық ауыз әдебиетінің жанрлық өрісін танытады. Тұрмыс-салт әдебиетінің негізгі түрлері:
•​тұрмыс салт жырлары;
•​мақал-мәтелдер мен жұмбақтар;
•​лиро-эпостық жырлар;
•​айтыс өлеңдері;
•​тарихи жырлар, шешендік сөздер.
Лиро-эпостық жырлар- ауыз әдебиетінің мол әрі рухани қазынасы. Ғашықтық туралы жырларда тек екі жастың арасындағы махаббат, сүйіспеншілік қана айтылмайды, сонымен бірге халықтың тұрмыс-тіршілігі, әлеуметтік, тұрмыстық жағдайлары, әдет-ғұрпы, өмірге деген көзқарасы да жырланады. Эпостық жырларда халық өз батырларының ерліктері жайында жырласа, сүйіспеншілік, махаббат туралы туралы жырларда арманына жете алмаған екі жастың махаббаты, ішкі сезімдері, қарапайым адамдардың тұрмысы-тіршілігі бейнеленеді. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Айман-Шолпан», және тағы басқа туындылар лиро-эпостық жырларға жатады.
1) Халық ауыз әдебиеті қандай мұра?

2) Халық ауыз әдебиетінің түрлерін атаңыз.

3) Халық ауыз әдебиеті нені жырлайды?

4) Лиро-эпостық жырдың батырлар жырынан айырмашылығы неде?
5) Ғашықтық туралы жырлардың тақырыбы қандай?
6) Ғашықтық туралы жырлардың кейіпкері кімдер?


Жазылым [ ]

1-тапсырма. Төменде берілген бір тақырыпты таңдап, аргументативті эссе жазыңыз. [ ]
Эссе жазуда мына талаптарды ескеріңіз:
• Кіріспе бөлімінде тақырыптың өзектілігін анықтап, тезис жазыңыз.
• Негізгі бөлімінде өз көзқарасыңызға мысалдар мен дәлелдер келтіріңіз.
• Қорытынды бөлімінде өз көзқарасыңыздан, ой-пікіріңізден қорытынды шығарыңыз.
• Эссе көлемі – 10 -12 cөйлем.
• Эссе мәтінін құрастыру барысында сан есімдер, етістіктің рай тұлғасын және демеулік шылауларды ұтымды қолданыңыз.
Ұсынылған тақырыптар:
1. Алаштың ардақты азаматтары
2. Ахмет Байтұрсынұлы – ұлт ұстазы
3. Қыз бала қандай болуы керек?
4. Әкеге қарап ұл өсер...
5. Халық ауыз әдебиеті – халықтың асыл мұрасы
6. «Қозы Көрпеш -Баян сұлу» жыры – махаббаттың символы

2 – тапсырма. Мақал-мәтелдерді түсіп қалған сөздермен толықтырыңыз. [ ]
• Атаның баласы , а
• Ер жігіт елі үшін , елі үшін
• Қызға үйден тыю.
• Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс .
• Қыз - қылығымен , ұл - әдебімен .

Показать ответ
Ответ:
ka013382
ka013382
03.05.2020 16:41

жайлау – жазғы қоныс. жайлауды суы мол, шөбі шүйгін, маса-сона, шыбын-шіркейі аз жерлерден таңдайды. қазақ елінің дәстүрлі жайлауы сарыарқа атырабы мен орманды, желді өлкелерде, қазақстанның солтүстік-батысында (мұғалжарда), солтүстік-шығысында (алтай, сауыр және тарбағатай өңірінде), оңтүстік-шығысында (жетісу алатауы, іле алатауы және тянь-шань тауының солтүстік атырабында), оңтүстігінде (қаратау өңірінде) болды. қазақстанның әр өңіріндегі жайлауды рулы ел, қала берді жеке ата ұрпақтары пайдаланған. халық қыстаудан көктеуге, көктеуден жайлауға, жайлаудан күзеуге көшіп отырды. жайлау мен қыстау малға тиімді, тіршілікке қолайлы, көшіп-қонуға ыңғайлы жерлерден таңдап алынды. мысалы, жетісу өлкесінде қыстау қаш көлінің оңтүстігіндегі құмды, қамысты аймақта орналасса, жайлаулардың көбі оның солтүстігіндегі таулы атырабында жатты. қазақстан жеріндегі жайлау мен қыстау арасының қашықтығы да әр түрлі болды. мысалы, көшпелі өмір сүрген адай – табын, шөмекей – шекті, бағаналы – руларының маңғыстау түбегінен мұғалжар тауларына, қызылқұмнан торғай даласына, шу өзенінің төмен алабынан ұлытау төңірегіне дейінгі көш жолдарының арақашықтығы 1000 км-ге дейін жететін. ал қазақстанның солтүстік бөлігіндегі жартылай көшпелі қауымның көш жолдары 10 – 20 км-ден 40 – 80 км-ге дейін болды. бұл төңіректегі жайлаулар құдықтар мен көлдердің айналасына орналасты. жетісудағы жайлаулар мен қыстаулардың арасы солтүстіктен оңтүстікке қарай 100 – 200 км-ге жететін. қазақстан жеріндегі жайлаулардың ға да, малға да ең қолайлысы – тау алаптары. солтүстіктегі жазық даладағы жайлауларда мал, негізінен, құдық суынан суарылатындықтан қол еңбегін көп қажет етеді. қазір де малшылар жазғы жайылымды жайлау ретінде пайдаланады, жайлауға көшеді. қой, түйе, сиыр жайлауға шығарылады

0,0(0 оценок)
Ответ:
Zeus41
Zeus41
29.10.2020 21:05

ертеде бір шал мен кемпір болыпты. кемпір бір күні қаймаққа нан илеп, оны майға қуырып бауырсақ пісіріпті. оны терезенің алдына суытып қойыпты.

бауырсақ суып тұрып тұрып, бір кезде домалай жөнеледі. домалап келіп терезе алдындағы орындыққа, орындықтан еденге, еденнен дәлізге, дәлізден аулаға, ауладан сыртқа, одан әрі, одан әрі домалай береді, домалай береді.

бір кезде оған қоян жолығып:

-     бауырсақ, бауырсақ! мен сені жеймін! – дейді.

-   қоян, сен мені жеме. мен саған өлең айтып беремін: «менің атым бауырсақ, бауырсақ! қаймаққа иленгем, майға пісірілгем, терезеде суығам. ұстатпай кеттім атама, ұстатпай кеттім әжеме. ұстатпаймын қоян саған да! ».

содан бауырсақ қара жолмен домалап кете барады. оған қасқыр кездесіп, оның да жегісі келеді.

бауырсақ өзінің әнін қасқырға айтып беріп, одан әрі домалай береді.

бір кезде аю жолығады:

-   бауырсақ, бауырсақ! мен сені жеймін! – дейді ол.

-   сендей майтабанға мені жеу қайда? ұстатпай кеттім атама, ұстатпай кеттім әжеме, қоян менен қасқырға ұстатпағам ендеше.

-     ал сендей ұстатпаймын мүлде де!

сөйтіп домалай жөнеледі. аю тек көзімен шығарып салады.

бауырсақ домалағаннан домалап келе жатса оған түлкі жолығады:

-   бауырсақ, бауырсақ, қайдан домалап барасың? - дейді ол.

-   жолмен домалап барамын.

-   бауырсақ, бауырсақ, маған өлең айтып берші

-  содан бауырсақ: «менің атым бауырсақ, бауырсақ! қаймаққа иленгем, майға пісірілгем, терезеде суығам. ұстатпай кеттім атама, ұстатпай кеттім әжеме. ұстатпай кеттім қоян менен қасқырға. ұстатпай кеттім аюға, ұстатпаймын саған мүлде де! » деп өлеңін айтып береді.

түлкі оған:

-  әнің өте жақсы екен. бірақ жөнді ести алмай тұрғаным. бауырсақ, сен менің тұмсығыма шық та, әніңді тағы бір рет қаттырақ айтшы, - дейді.

бауырсақ түлкінің тұмсығына домалап шығып алып бар даусымен әнін айтады. сол кезде түлкі ұстап алады.

-  түлкі, сен мені жеп қайтесің! – дейді бауырсақ. жүр одан да біздікіне, атам мен әжеме барайық. олар сені тойғызады.

түлкі келіседі. жолшыбай өздерімен бірге қоян, қасқыр мен аюды ертіп алады. олар келсе әжесі көп қаусырма пісіріп қойыпты. қоянға орамжапырақ салған, қасқыр мен түлкіге ет салған, аюға таңқурай салған қаусырма тиеді. ал бауырсақ терезенің алдында өзінің әнін айтып отырады.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота