ДАМ БОЛЬШЕ НЕТУ Окушының аты
7 сынып. 2-тоқсан. №1«Қазақстанның ежелгі қалалары және Ұлы Жібек жолы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты Тыңдалымматериалдарыныңмазмұнынегізіндеөзпікірінөзгелердіңпікіріменсалыстыраотыры
. Эссе құрылымы мен дамуын сақтап, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Өз пікірін өзгелердің пікірімен салыстырады
• Мәтін төңірегінде сұраққа жауап береді
• Эссе құрылымын сақтайды
• Көтерілген мәселе бойынша өз ойынайқын жеткізе алады
Ойлау дағдыларының
деңгейі Жоғары деңгей
Оқушының аты-жөні
Сыныбы
1-тапсырма
Мәтінді мұқият оқып, не туралы айтылатынын анықтаңыз. Сұрақтарға жауап бер Ұлы Жібек жолы Байырғы заманда жердің түкпірінде тұратын адамдар бір-бірімен сауда жүргізген. Алғашында ол қажетті заттармен айырбас ретінде жүзеге асқан. Мысалы, асыл тастар, алтын, күміс, тұз, шипалы өсімдіктер мен хош иіс сулары, азық-түлік және басқа да тауарлармен алмасқан. Кейіннен ақшаға сауда-саттық басталып, базар, жәрмеңке, сауда жолдары ашылды.
Ұлы Жібек жолының Қазақстан жерінен өткен жолы Сауран қаласы болды. Қазақстан жеріндегі орта ғасырдағы ірі қалалардың бірі. Жібек жолындағы тағы бір тарихи қала – Иасы, кейіннен Түркістан атанған. Түркістан ертеден «екінші Мекке» деп аталып кеткен. Қожа Ахмет Иассауидің кесене ғимараты – бүкіл Орта Азиядағы сәулет өнерінің керемет үлгісі болып табылады.
Жібек жолындағы даңқты қалалардың бірі Отырар еді. Бүкіл Шығысқа аты әйгілі қала ең алғаш Фараб деп аталды. Әл Фараби атанған ұлы ғалым Әбу Насыр Ибн Мұхаммед шыққан қала.
Сұрақтар: 1. Сауда алғашында қалай жүзеге асқан? 2. Түркістан ежелден қалай аталған? ?3.Әл Фарабидің туған жері қай қала 4. Қожа Ахмет Иассауидің кесене ғимараты ненің үлгісі болып табылады?
2-тапсырма
«Төрт сөйлем» әдісін пайдаланып, «Ежелгі қалалар- тарихтың негізі» туралы айтыңыз.
• Пікір.«Ежелгі қалалар – тарихтың негізі» тақырыбы бойынша өз пікіріңді бір сөйлеммен жаз.
• Дәлел. Өз пікіріңді бір сөйлеммен дәлелде.
• Салыстыр. Жауап накты болуы керек
• Қорытынды. Тақырып бойынша бір сөйлеммен қорытынды жаса.
3-тапсырма
«Ұлы Жібек жолы – елдерді байланыстырған сауда жолы» тақырыбына 40-50 сөзден тұратын эссе жаз. Эссе кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды бөлімнен тұруы қажет.