Дабыл әңгімесінде қандай ғылым салалары туралы айтылады? Əңгімеде айтылатын көне түркі жазуының тарихы туралы не білесің?
Шығарма кім туралы?
Өзге ғаламшарлықтар Төленмен не себепті көне түркі тілінде сөйлесті ?
Шығарманың ең қызық жері (сен үшін) ? неліктен?
Сіз Жасағанның орнында болсаңыз қайтер едіңіз?
Шығарма кейіпкерлері : Төлен, Таңатар, Қызыкен, Жасағандарға тəн қасиеттерді атаңыз.
Күллі алаш жұртының даңқты перзенті, күрескер тұлғалы кемеңгер ақыны – Мағжан Жұмабаев (Әбілмағжан Бекенұлы). «Ақынның ақыны» атанған ойшыл қаламгер болашақ жайлы жиі ой қозғайтын. Бар болғаны қырық бес жыл ғұмыр кешкен (1893 жыл 25 маусым – 1938 жыл 19 наурыз) данышпан ақын барлық тақырыптарда өлеңдер мен ой- толғаулар жазған аса көрнекті дауылпаз азамат екені даусыз.тар заман, тайғақ кешуде» ғұмыр кешкен ұлы бабамыз барлық арман- тілегін келешекке артып, болашақ жастардан ғана үміт күткен секілді.
«арыстандай айбатты,
жолбарыстай қайратты,
қырандай күшті қанатты –
мен жастарға сенемін»- деген өлең жолдарынан үлкен ғұламалықты байқаймыз. біздің ойымызша, өлмес өлең жазып, күндер, жылдар өтсе де құндылығын жоймайтын жырларды ескерткіш етіп қалдыру нағыз ақынның бақыты болса керек.
«жұмсақ мінез жібектер,
сүттей таза жүректер,
қасиетті тілектер –
мен жастарға сенемін!».
Оркестр[1](грек. оrсhestra – ежелгі грек театры сахнасы алдындағы шағын алаң) – музыкалық шығарманы әртүрлі аспаптарда қосылып орындайтын музыканттар ұжымы. Оркестрдің қалыптасуы 17 ғасырдың бас кезінде гомофония музыкалық жанрларының (опера, оратория, концерт) пайда болуымен сәйкес келеді. Оркестр аспаптық құрамына (біркелкі немесе аралас) және қолдануына (әскери, эстрадалық, т.б.) қарай топталады. Құрамына қарай оркестр: симфониялық (ішекті ысқылы, ағаш және мыстан жасалған үрмелі аспаптар, соқпалы аспаптар, т.б.), ысқышты (тек қана ысқышты аспаптар), үрмелі (үрлеп ойнайтын және соқпалы аспаптар), бэнд (тек қана мыстан жасалған аспаптар), халықтық музыка аспаптар, камерон, джаз, т.б. түрлерге бөлінеді. Қазақстанда кәсіби халық аспаптар оркестрі 1934 жылы құрылды. Республикада: Халық аспаптар оркестрі, Симфониялық оркестр, Қазақ телевизиясы мен радиосының эстрадалық және камералық оркестрі, “Отырар сазы” фольклорлық-этнографиялық оркестрі, Қазақтың мемлекеттік академиялық опера және балет театрының симфониялық оркестрі, Ұйғыр, Корей музыкалық комедия театрларының оркестрлері, т.б. бар.[2]