Дәм татыру (салт). Қазақтар асты дәм деп атайды. Халық арасында біреуді еске алғанда дәмдес болып едік, үйінен дәм татып едік деп, ренжігенде, өкпелегенде дәм тұзым атсын, дәм тұзыма салдым деген сөздердің ұлт тұрмысы мен өмір жолы мен таным-түсінігінде, наным сенімінде өзіндік дара орны бар. Өйткені әр қазақ өздерінің жақын-жуығы мен ілік-жекжаттарына ғана емес, ел сыйлаған белгілі, құрметті азаматтарына, қадірлі ақсақалдарына, на-әжелеріне өз үйінен дәм татыруды үлкен мұрат, елдік, адамдық парыз деп санаған және ол жолдан күні бүгінге дейін тайған жоқ. Тек таныстар емес кез-келген жолаушы , үйге келген бейтаныс кісіге де дәм татырай жібермеген. Себебі, ұлт ұғымында дәмде, аста, тамақта, кие, қадыр, қасиет,ырыс,береке, тірлік бар деген терең түсінік тым ертеден-ақ қалыптасқан. Дәм татырудың қоғамдық, әлеуметтік, елдік істерде қызметі өте зор болған. Ең алдымен, әдейі шақырып дастарқаннан дәм татыру- ата салт, қазақи тәртіп әрі жол жоралғы, әдеп. Екіншіден ол сыйлаудың, аса құрметтеудің, жақсы көңілдің айғағы. Үшіншіден қай жерде де, қай күнде сыйласа, қорған0қамқор, тілектес бола жүрудің кілті. Дәмдес болған адамдар бір-біріне ел дәстүрі бойынша қиянат жасамайды, жоғалғанын іздеседі, табысына және қуанады. Қуаныш, қайғысынада да ортақтас болады. Бұл ғасырлар бойы санаға сіңген салиқалы салт, бұлжымас әдет. Демек дәм татыру, дәм тату таза адамгершілік, длстық, бірлік белгісі және куәсі. Бұл жақсы үрдіс халықпен бірге жасайды. Мақсат үстеулерді теріп жазындар
Әнші құм
Қазақстанның кең байтақ дархан даласы әлі күнге дейін толық зерттелмеген, сыры ашылмаған құпияларға толы. Кең байтақ жеріміздің аумағында табиғаттың көз тартар небір құбылыстары мен қайталанбас өзіне тән ерекшеліктері бар. Солардың бірі «әнші құм» (кейбір деректерде Айғай құм) – Алматы облысы Кербұлақ ауданы жеріндегі Іле өзенінің аңғарын бойлай орналасқан Үлкен Қалқан тауы және Кіші Қалқан тауы етегіндегі құмды төбе, Алматы қаласынан 250 шақырым қашықтықта орналасқан. Биіктігі 150 м-дей, ұзындығы 8 км, ені 3 км-ге дейін жетеді. Қалқан тауларынан соғатын желдің бағыты үнемі өзгеріп отыруы нәтижесінде құм түйіршіктері електеніп, бірегей құм қо тұратын төбеге айналған.
«Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі «Айғай құм немесе Әнші құм» атты құмды төбені өз қамқорлығына алған. Кейбір деректерге сүйенсек, «Алтынемел» ұлттық қорығы кезінде Шоқан Уәлихановтың Қашқарияға сапарында пана болған деседі.
Ал енді бұл өңір неліктен «әнші құм» атанып кетті екен? Осыған тоқталып көрейік. Бұл құмның бір ерекшелігі – құрғақ күндері әуенді дыбыстар шығарады. Оның әуені бірнеше шақырымдарға жайылып, алыстан да естіліп тұрады.
Кейбір пікірлерге сүйенсек, құмның ұсақ бөлшектері бір-біріне үйкелген кезде осындай әуенді дыбыстар шығады екен: жеңіл самал жел шиқылдаған дыбыстар шығарса, қатты жел орган дыбысына ұқсас әуен шығарады. Алайда, желсіз күнде де құмның әуенін тыңдауға болады. Осы сиқырына байланысты, құм жайында көптеген аңыздар пайда болған. Құмның тағы бір ерекшелігі – ол басқа құмдар сияқты орнын ауыстырып, көшіп жүрмейді, керісінше, мыңдаған жылдар бойы Алтынемел аумағында, бір орында тұр.
Осындай табиғи ерекшелік әлемнің басқа жерінде жоқ деп айтсақ та болатын шығар. Тіпті кезінде Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан бұл табиғат ескерткішіне жолаушылар әдейілеп ат басын бұрған деседі.
Сыйласу екі кісіге бірдей. Дружба крепка взаимностью.
Татулық — табылмас бақыт. Дружба — богатство бесценное.
Достық жоқ жерде табыс жоқ. Где нет дружбы, там нет успеха.
Туысы жақын жақын емес, Қонысы жақын жақын. Доброе соседство прочнее родственных уз.
Дұшпаныңнан бір сақтан, Жаман достан мың сақтан. Врага остерегайся один раз, плохого друга тысячу раз.
Ерегескен ел болмайды, Есептескен дос болмайды. Где нет взаимности, там единства нет где корысть, там дружбы нет
Досың дос болғанға шаттан, Дұшпанмен дос болудан сақтан. Гордись настоящим другом, остерегайся стать другом врага.
Көршің қолайлы болса, қораң кең. Когда сосед по душе, в тесном дворе просторно.
Досы жоқ адам – Тұзы жоқ тағам.