Что значит лучший друг? лучший друг-это человек с которым всегда весело и интересно.мой лучший друг-настя.с ней мне всегда интересно проводить время.у меня от неё нет никаких тайн или секретов,потому что я знаю и уверена в том,что этот человек никогда не предаст и не расскажет мои тайны.она всегда уделяет мне внимание и умеет поддержать меня в трудную минуту и важным советом.она умеет,то ,что не могут большинство моих друзей.я её люблю и горжусь тем ,что у меня есть такая ! переведите на казахский
Отбасы – сенің туғандарың,ең жақын жандарың.Отбасыда қанша адам бары маңызды емес.Маңыздысы отбасы ішіндегі қарым-қатынас."Отбасының өнегесі – Отан өнегесі" демекші,отбасындағы тәрбие ертең ел болашағында үлкен рөл атқарады.Сондықтан да,отбасының бақытты болуы аса маңызды.Осы кезде "бақытты отбасы қандай болуы керек?" деген сұрақ туындайды.
Бақытты отбасында,ең алдымен,түсіністік пен сыйластық болуы керек.Отбасындағы адамдар бір-бірімен түсініспесе жанжалдар тууы мүмкін.
Екіншіден,әрине,отбасы мүшелері бір-біріне қол ұшын созуға,қолдауға дайын болуы қажет.Бала сабақ оқудан қиналса,барынша көмектес,түсіндір.Ана жұмыстан шаршап келіп,үй шаруасына кірісіп жатса,оған да қол ұшын соз.Және отбасы мүшесі алысқа кетсе,хабарлап,жағдайын сұрасып тұру керек.
Үшіншіден,отбасында үндестік орнаса,ол отбасы бақытты саналмақ.Яғни,жағдайлары жақсы болса және жоғарыда аталып кеткендей қағидалардың бәрі сақталып,үндессе отбасы нағыз бақытты отбасы болады деп білемін.
Оқушы бойында адамзаттық қндылықтарды қалай қалыптастырамыз?
Әрбір қазақ отбасында ата – ана қашанда балаларына ізгі де өнегелі тәрбие беріп, жамандықтан аулақ болуды айтып отырады.
Қазақ халқында «Отан отбасынан басталады» деген терең мағыналы сөз бар. Шындап келгенде, әрбір отбасы қоғамның бір бөлшегі, шағын Отан. Отбасы – әрқайсымыз үшін сүйіспеншілік, сыйластық, жарастық, татулық орнаған қасиетті мекен. Осы кішігірім «Отанымызда» бойымызға дарыған тәлім – тәрбие, елімізге, жерімізге деген сүйіспеншілік, ар – намыс қағидалары өмір бойы бізді жетелеп жүреді. Себебі, отбасының бала тәрбиесінде алар орны ерекше, баланың қалыптасуы отбасынан бастау алады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Ата мен ананың тәрбиесі қатар жүрген жерде жақсы азамат қалыптасатыны сөзсіз.
Сондықтан да оқушы бойында адамзаттық құндылықтарды қалыптастыруда отбасының алар орны ерекше. Сонымен қатар оқушылар көп уақытын мектепте өткізетіндіктен отбасы мен мұғалімнің қарым-қатынасы да маңызды. Бала ортасына қарап өсетіндіктен баланың кіммен дос болып, бос уақытын қалай өткізетінін де жіті қадағалап отырған абзал.
Отбасында жылулық пен сүйіспеншілікке оранып өскен баланың бойында адамгершілік пен жағымды қасиеттер басым болары анық. Адамгершілік басқа сөзбен айтқанда, адамшылдық дегенді білдіреді, яғни бұл қасиет адам бойында ең алдымен отбасында, атап айтқанда ата – ананың үлгісі мен тәлім – тәрбиесінің арқасында қалыптасады.
Объяснение: