Табиғат. Табиғаттың адам өміріне маңызы туралы реферат. Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар — осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді.Адам табиғатқа мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарап, үйлесімділік сақтағанда, а үшін табиғат – кең сарай, мәңгі тозбас құтты қоныс болады. Жер бетіндегі барлық тіршілік атаулы табиғат-анаға қарыздар. Сондықтан да Табиғатқа немкетті қарау, онымен санаспау – ана сүтін ақтамағанмен пара-пар. А Табиғаттың ең ұлы перзенті болумен бірге, ең ұлы қамқоршысы да екенін ешқашан естен шығармауымыз керек.
Құрамында еліктеу сөздері бар жұмбақтар
Маң-маң басып келеді,
Тапырақтап желеді.
Мойны ұзын, үсті тау,
Ертеден елге бел еді.
Түйе
Жылт-жылт етеді,
Жылғадан етеді.
(Су)
Үлп-үлп етіп тымағы,
Желп-желп етіп құлағы,
Суды кешіп тұрады.
(Құрақ)
Маң-маң басқан, маң басқан,
Шудаларын шаң басқан.
Екі өркешін қом басқан,
Алабота, теріскен,
Мұрындығы келіскен,
«Шөк!»- дегенде, «бық!» -деген,
Шешіп үйін жүктеген,
Бұл не деген жануар?
(Түйе)
Балпаң-балпаң басады,
Адамнан қатты сасады.
Саусақтары салалы,
Қыста жылыға қашады.
(Қаз)
Айдаһар аузын ашса, арс етеді,
Гауһары жерге түссе, жарқ етеді.
(Найзағай)
Қара бием қалт етті,
Қабырғасы жалт етті.
(Шалғы)
Беті үлкен тым-ақ өзге денесінен,
Бұлаңдап түсіп шығар кемесінен,
Ішіне қарын-қарын суды құйып,
Шығады сүңгіп-сүңгіп денесімен.
(Ожау)
Бас аяғы теп-тегіс боп біткен,
Селкілдесе денесі дір-дір еткен.
Өзіне қандай жуан кез келсе де,
Күшімен қақ айырып бөліп кеткен.
(Темір ара)
Былқ-былқ ,былқ семіз,
Қабырғасы жоқ семіз.
(Қамыр)
Сулы жерді мекендеп,
Құрлықта да секеңдеп,
Шыбын-шіркей аңдиды,
Жемге қашан жетем деп.
(Бақа)
Топтанып келе жатыр қара қабан,
Ойлаған жерлеріне тынбай барған.
Аузынан қара көбік бұрқ-бұрқ шығып,
Болдырып шаршамайтын сондай айуан.
(Паровоз)
Елу тентек тып-тыныш,
Бір сарайда жатады.
Тысқа шықса біреуі,
Жарқ етіп от шашады.
(Сіріңке)
Жылт-жылт етеді, ұстасаң еріп кетеді.
(Мұз)
Аяғы жоқ жүреді, сылқ-сылқ етеді.
(Су)
Көк көйлекті жеңешем көлбең-көлбең етеді.
(Түтін)