Болжалдық сан есімдер - белгілі бір заттар мен құбылыстың сан мөлшерін дәл атамай, тұспалдап қана шамамен атайтын сөздер. мысалы: салтанатты басқосуға үш жүздей мейман келеді деп күтілуде; базаралының қасында бес-алты кісі қалған (мұхтар омарханұлы әуезов).