Менің ең сүйікті әншім мен кино актерларым бар. Мен оларды жан тәніммен жақсы көремін. Олардың әні шықса бірінші болып тыңдауға тырысамын. Ал жаңа киносы шықса ең бірінші қараймын. Олардың фотоларын жанымда ұстаймын. Менің ең сүйікті әншім бұл қазаққа аты шыққан Қайрат Нұртас. Оның барлық әні хит. Мен оны сүйіп тыңдаймын. Патриоттық әндеріне күніне 1 рет болсын тыңдауға тырысамын. Ол қазақ мақтанышы, қазірдің өзінде Қазақ елін сырт мемлекеттерге таныстырып жүр. Ол әр қырынан танылуда. Ал сүйікті актерге келсек ол әрине Ануар Әлімжан. Ол тек актер ғана емес,ол әнші,тележүргізуші. Ең ұнаған рөлі ол елбасын сомдағаны. Оның актерлік шеберлігін тіпті елбасымыз жоғары бағалаған. Мен оларға тек қана шығармашылық табыс,зор денсаулық тілеймін.
Берілген сөз тіркестерін жекеше және көпше түрде жіктеп жазу: қонақ шақыру, қарсы алу, есікті ашу, үйге кіргізу, қонаққа бару, шығарып салу.
Жекеше.
Мен қонақ шақырдым.
Сен қонақ шақырдың.
Сіз қонақ шақырдыңыз.
Ол қонақ шақырды.
Көпше.
Біз қонақ шақырдық.
Сендер қонақ шақырдыңдар.
Сіздер қонақ шақырдыңыздар.
Олар қонақ шақырды.
Жекеше.
Мен қарсы алдым.
Сен қарсы алдың.
Сіз қарсы алдыңыз.
Ол қарсы алды.
Көпше.
Біз қарсы алдық.
Сендер қарсы алдыңдар.
Сіздер қарсы алдыңыздар.
Олар қарсы алды.
Жекеше.
Мен есікті аштым.
Сен есікті аштың.
Сіз есікті аштыңыз.
Ол есікті ашты.
Көпше.
Біз есікті аштық.
Сендер есікті аштыңдар.
Сіздер есікті аштыңыздар.
Олар есікті ашты.
Жекеше.
Мен үйге кіргіздім.
Сен үйге кіргіздің.
Сіз үйге кіргіздіңіз.
Ол үйге кіргізді.
Көпше.
Біз үйге кіргіздік.
Сендер үйге кіргіздіңдер.
Сіздер үйге кіргіздіңіздер.
Олар үйге кіргізді.
Жекеше.
Мен қонаққа бардым.
Сен қонаққа бардың.
Сіз қонаққа бардыңыз.
Ол қонаққа барды.
Көпше.
Біз қонаққа бардық.
Сендер қонаққа бардыңдар.
Сіздер қонаққа бардыңыздар.
Олар қонаққа барды.
Жекеше.
Мен шығарып салдым.
Сен шағарып салдың.
Сіз шығарып салдыңыз.
Ол шығарып салды.
Көпше.
Біз шығарып салдық.
Сендер шығарып салдыңдар.
Сіздер шығарып салдыңыздар.
Олар шығарып салды.