В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
Даниад
Даниад
04.08.2021 12:01 •  Қазақ тiлi

Болашақтағы климат
Климаттың ғаламдық жылынуы фантастика ретінде қабылданатын. Бүгінгі күні
ғаламдық денгейде болып жатқан климаттың өзгеруіне көптеген дәлелдер бар.
Қазақстанда ауаның орташа жылдық температурасы 1936 жылдан бастап 2 005
жылдар арасында әрбір 10 жыл сайын 0,31 С градусқа жоғарылап отырған. Соңғы 50 жылда
Іле Алатауының солтүстік бөктеріндегі мұздықтардың ауданы 41 пайызға қысқарған.
Үкіметаралық сарапшылар тобының (КӨҮСТ) болжамдары бойынша егер климаттың өзгеруі
мен күннің жылынуы осы қарқында өрбитін болса, XXI ғасырдың ортасында орташа
температура 6 градусқа жоғарылауы мүмкін.
Бұл өз кезегінде 2 градусқа жылынудың өзі кері салдарға әкеп соғатын күрт
континенталды Қазақстан үшін орасан зор апат болып табылады. Бүгінгі күннің өзінде
еліміздің территориясының 75% экологиялық тұрақсыздық тәуекеліне ұшырап отыр. Алапат
ыстық, құрғақшылық. Тіршіліксіз шөл даланың аумағы солтүстікке қарай 300-400
шақырымға жылжиды. Су ресурстарының жетіспеушілігі мал жайылымдарының азаюына
әкеліп соғады және ауыл шаруашылығына ауыр соққы болып табылады. «Қазақстанда
климаттық тәуекелдерді басқару» БҰҰЖЖ жобасы мамандарының пайымдауынша
табиғаттағы процестердің белгілі бір циклға бағынатынына қарамастан температураның
жаһандық жоғарылауы нақты дәйек болып табылады. Қазақстанда температураның
жоғарылауы жауын-шашын мөлшерінің артуымен өтеліп отырған жоқ, бұл белгілі бір
тәуекелдерге алып келеді. Бізді алда өзендердің ағысының өзгеруі күтіп тұр, экстрималды
табиғи құбылыстары көбейеді, жаңа табиғи аномалды құбылыстар пайда болады.


Болашақтағы климатКлиматтың ғаламдық жылынуы фантастика ретінде қабылданатын. Бүгінгі күніғаламдық д

Показать ответ
Ответ:
катя4802
катя4802
25.08.2021 01:53
Тыйым сөздердің қоғамдағы орны ерекше.Әсіресе балалар осы тиым сөздер арқылы тәлім-тәрбие алады десек қателеспейміз.Тыйым сөздер арқылы жаман әдеттен арыла аламыз. Мысалы: "Тізеңді құшақтама"-,деген сөздің мағынасының өзінде үлкен мән жатыр.Ол бұрынғы ата-әжелеріміз ырымдап "жалғыз қаларсың"- деген сөзді астарлап түсіндіріп өткен." Үйге қарай жүгірме"-. деген сөзде де жаманшылыққа бет бұрмай асығыстық жасама деген. Әрбір адам өз ұлытың,өз салтының айтып кеткен әдет-ғұрып,тыйым-ырым сөздерін ұмытпауы тиіс.
0,0(0 оценок)
Ответ:
SomikBOOM
SomikBOOM
03.06.2022 10:32
Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз. Әр маусымның өзіне тән қызығы мен сейіл-серуені бар. Соның ішінде қыс мезгілі де өзіндік кіршіксіз аппақ қарымен, қаһарлы мінезімен, сықырлаған аязымен ерекше. Бұл мезгілде адамдар табиғаттың құпиясын, ерекше бір ұмытылмас сәттерін тамашалайды. Қара жердің бетін басқан аққұба ару сияқты үлпілдеген ақ ұлпа қар айналаға сән бергендей. Әркім бұл мезгілді асыға күтетіні рас. Бірі шаналарын арқалап, биік жоталарға, таулы қыраттарға бет түзейді. Дала төсінде қолдан сырғанақ жасайтын қызықты кездерде өз алдына бір бөлек әңгіме. Қолдарына шана сүйреген балалар, жүздері күлкіге толы адамдар барлығы бейне бір қыстың суығын емес, оның жылы нұрын, ыстық тартар сәулесін тауып алғандай қуанады. Даланың табиғаты тып-тыныш қалпынан, маужыраған күйінен серпіле түскендей күйде. Алатаудың сілемдері мен биік жоталарындағы қыс көріністері көздің жауын алады. Басында қашанда қар жататын қарт Алатау ару Алматының көркіне көрік қосып тұрғандай көрінеді. Ақындар жырға қосқан, әншілер әнге қосқан Алатау қыс мезгілінде ерекше сұлу ғой, шіркін! Қыс мезгілін тағы да асыға күтуіміздің бір себебі - Жаңа жыл. Сірә, бұл мейрамды еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін күтетіні айдан анық. Бүлдіршіндер аппақ қардан аққала жасап, шырша безендіріп, аяз ата мен ақша қарды көруге асығады. Барлығы ақ тілектерін білдіріп, сыйлықтарын береді. Қылышын сүйретіп жеткен қаһарлы қыстың бізге берер қызығы мен қуанышы көп. Осындай естен кетпес оқиғаларға толы қыс мезгілін керемет деуге толық негіз бар. Қыстың ғажайып ұмытылмас шақтары адам жанына шуағын шашып, нұрын төге түскендей, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. 
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота