В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
Vika556965
Vika556965
14.12.2020 21:48 •  Қазақ тiлi

Әбо
5. Қазақ тіліне қатысты сөздердің сөздігін құрастыр​

Показать ответ
Ответ:
stived
stived
02.09.2022 05:21

Көктем

«Көктемде табиғат ана оянады, қыстың қары еріп, құстар жылы жақтан оралады. Ағаштар бүршік жарып гүлдейді.»деген сарында басталатын. Одан бері талай көктем келді кетті. Әр көктем ерекше, бір керемет, сыры бітпес бір тылсым. Әсіресе қызығы, мына көктем алды мезгіл. Қыс пен көктемнің алмасар уақыты. Бір – бірімен сықылықтап қуаласпақ ойнаған балаларды есіме салады менің. Біресе қыс көрінеді, біресе жылы көктем лебі. Ақыры соңында қыс шаршап тынады дағы, ал көктем жадырап келеді. Бұл кезеңде табиғат жаңарып, жан - жануарлар көбейеді. Көктем айларында көптеген мерекелер аталып өтіледі. Соның бірі НАУРЫЗ мерекесі. Бұл мереке қазақ елінің жаңа жылы болып саналады. Сондай - ақ тағы бір айтарлық мереке ол АНАЛАР мерекесі.

Биылғы көктем ерке көрінді маған. Сыңғырлаған күлкісін, жылт еткен жанарын бір көрсетіп ғайып болатын ерке бір қызды еске салды. Жүректі қобалжытады, бірақ сонымен адамды баурайды. Ішіңнен сол бір тәтті сәтке деген қуанышты сезесің, асыға күткендей боласың. Табиғаттың бұл құбылысы мен ішкі құбылыстың сәйкес келуі де байқалды биыл. Көктем жылы күндердің, жаз шырайының хабаршысы болса, өмірдегі жаңа белестерге деген бет бұрыстың, жаңа бір беттің ашылуы, бір өзгерісті, бір кезеңнің алмасуының хабаршысы сияқты, екеуі де а асықтырады, тағатсыздыққа душар етеді. Ендеше әр біріміз өз қаламыз бен оқитын мектебімізді, ауылымызды көгертуге атсалыссақ нұр үстіне нұр болары сөзсіз! Сондықтан көктем айын жақсы көремін! Менің көктем туралы ойға түйгенің осындай. Көктем айы бәрімізге денсаулық, береке бірлік, тыныштық әкелсін! Бір жылда төрт жыл мезгілі болады. Олар; жаз, күз, көктем, қыс. Әр жыл мезгілінің өз ерекшелігі бар. Соның ішінде маған ұнайтын жыл мезгілдерінің өз ерекшелігі бар. Соның ішінде маған ұнайтын жыл мезгілдерінің бірі көктем. Себебі біз күн жылысы мен мектеп ауласын тазалап, бүкіл қалалық сенбілік күні әрқайсымыз өз ауылымызды тазалаймыз. Ағаштар отырғызамыз, түрлі гүлдер егеміз.

Тазалық денсаулық кепілі, деп қазақ атам тегін айтпаған. Сол себепті мен осы жыл мезгілін ұнатамын.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
яяя615
яяя615
11.10.2020 19:49

Менің ана тілім – шексіз бай, шұрайлы, тегеуріні мықты тіл. Өйткені өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіме басты себепкер - сол ана тілім! Мынау жарық дүниеге келгеннен бастап, ананың әлдиімен бойыма сіңіріп келе жатқан тілім мен үшін ең қастерлі, ең қымбат тіл.  Ақын С.Торайғыров ана тілімді: Сүйемін туған тілді – анам тілін, Бесікте жатқанымда-ақ берген білім. Шыр етіп жерге түскен минутымнан, Құлағыма сіңірген таныс үнін, – деп жырға қосқан.  Ана тілім-ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан баға жетпес мұра. Демек әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның тазалығын сақтауға тиіс. Амал не, туған тілімізді шұбарлап, басқа тілдің сөздерімен араластырып сөйлейтіндерді жиі көремін. Тіпті, туған тілінен безетін сорақыларды да, менсінбеушілікпен қарап, қазақша сөйлеуге ұялатындарды көргенде, белгілі орыс жазушысы К.Г.Паустовскийдің «Туған тіліне жаны ашымаған адам – жәндік» деген сөзі ойыма еріксіз оралады. Ана тілі - ар өлшемі. Олай болса, тілді шұбарлау – арды шұбарлау, көңіл тұнығын майлау. Ең жақсы адам – ана тілін құрметтеген адам. Бұл сенің басқа тілді меңгеруіңе бөгет болмайды, қайта сені адамгершілікке, шын патриот болуға жетелейді. Ана тілдің терең иірімдеріне бойлай білу – саналы адам болғысы келетін жас адамның бірінші парызы. Ол – туған жеріңді, еліңді, сүйікті Отаныңды сүйе білу деген сөз. Ақиық ақын М.Мақатаев «Отан» атты өлеңінде: Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем. Мен оның қасиетті тілін сүйем   Мен оның құдіретті үнін сүйем, – деп Отанды сүюдің, ана тілін сүюдің құдіретті биік сезім екендігін білдіреді.  Менің елім – көп ұлтты Қазақстан. Қанша ұлттың баласы бір анадан туғандай тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Қазақстанда ұлттар арасында татулық  пен бірлік, ынтымақтастық пен достық орнағаны - бәріміз үшін мақтаныш. Бұл - біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының, дана ойларының жемісі. Елімізді жарқын болашаққа жетелейтін, халық мүддесін ғана ойлайтын Елбасының арқасында біз, қазақ елі, мәңгілік ел болып қала бермекпіз.

Толығырақ: https://massaget.kz/okushyilarga/shyigarma/22506/

Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота