Менің өмірім Мен еш нәрсеге таң қалмаймын, себебі өмірімді түске ұқсатамын. Ал түсте нелер болмайды?!.. Кей кездері өмірімде дәл түсімдегідей ғажайып оқиғалар болып тұрады. Сондай ғажайып сәттер… тіпті өзім сенбей қаламын! Мен үшін өте қымбат адамдар жанымда аз ғана уақыт болып, түсімдегідей қас-қағым сәтте ғайып болады. Олардың кейбірі «Өмір-түсімде» қайта кездесуі мүмкін. Ал кейбірін мәңгілік көрмеймін.Оларды сағына еске алудан басқа амалым қалмайды. Ал кейбірі түнде шошытып оятқан түстерімдей көңіліме қорқыныш ұялатады. Кейбір қуанышты сәттерде «Өмір-түсімнің» ұзаққа созылуын қалаймын. Ал көңілсіз сәттерде тез аяқталғанын тілеймін. Болып жатқан әр оқиға: мейлі қуаныш, мейлі қайғы-мұң түсімдей өткінші екенін білемін.Сол үшін қуанамын, сол үшін өкінемін. Өмірім- түс сияқты… Қашан басталатынын білсем де, қашан, қалай, қайда аяқталатынын және алдымда не күтіп тұрғанын білмеймін. Өмірім сонысымен қуанышты, сонысымен мұңды. Бұл «ӨМІР-ТҮСІМНІҢ» ұзақ немесе қысқа болуы мен үшін маңызды емес! Ең бастысы- қуаныш пен қайғымды бөлісе білген АДАМ- КЕЙІПКЕРЛЕРІМЕ айтар алғысым шексіз, солар аман болсын! Әр адам өз өмірінің басты кейіпкері. Менің де «түс- өмірімдегі» әр кейіпкер бақытты болуға лайықты! Ал сіздің өміріңіз неге ұқсайды?
Әрбір халықтың өзіне тән салт – дәстүрлері, әдет – ғұрыптары, халық ауыз әдебиеті, мәдениеті, тәрбиелік ұстанымдары бар. Міне, осы асыл қазынамыз бізге ұрпақтан ұрпаққа сан ғасырлар бойы аманат ретінде ұласып, ұлттық болмысты жоғалтпай, өзгелерден ерекшелеп тұратын айна секілді. Қазақ халқының екі жүзге жуық салт – дәстүрі, сенім – ырымдары, ұлттық ойындары бар, олардың әрқайсысының тәрбиелік те, танымдық та маңызы зор.
Осы салт – дәстүрлердің ішінде сүйіншіні алар орны ерекше, себебі бұл басқа халықтарда кездеспейді. Жалпы, сүйінші - қуанышты хабар әкелушіге берілетін сыйлық. Дүниеге жас нәресте келуін, келін түскенді, алыстағы сағынған адамның келгендігін, жоғары атақ, үлкен сыйлық берілуін, т.б. қуанышты сәттерді алғаш хабарлаушы сүйінші сұрайды. Сүйіншіге бағалы зат немесе ақша береді.
Әдетте, қуанышты хабар жеткізуші адам «сүйінші - сүйінші» деп үйге келеді. Мұндайда қуанышты үй иесі «қалағаныңды ал» дейді. Немесе оған риза болатындай сыйлық ұсынады. Бұл қуанудың, ризалықтың белгісі. Сүйінші сұраудың да, оның сүйіншісін алудың да ешқандай сөкеттігі жоқ.
Сүйінші сұрау - күні бүгінге дейін сақталған салт – дәстүрдің бірі. Ал сіз сүйінші сұрайсыз ба?
Мен еш нәрсеге таң қалмаймын, себебі өмірімді түске ұқсатамын. Ал түсте нелер болмайды?!.. Кей кездері өмірімде дәл түсімдегідей ғажайып оқиғалар болып тұрады. Сондай ғажайып сәттер… тіпті өзім сенбей қаламын!
Мен үшін өте қымбат адамдар жанымда аз ғана уақыт болып, түсімдегідей қас-қағым сәтте ғайып болады. Олардың кейбірі «Өмір-түсімде» қайта кездесуі мүмкін. Ал кейбірін мәңгілік көрмеймін.Оларды сағына еске алудан басқа амалым қалмайды. Ал кейбірі түнде шошытып оятқан түстерімдей көңіліме қорқыныш ұялатады.
Кейбір қуанышты сәттерде «Өмір-түсімнің» ұзаққа созылуын қалаймын. Ал көңілсіз сәттерде тез аяқталғанын тілеймін. Болып жатқан әр оқиға: мейлі қуаныш, мейлі қайғы-мұң түсімдей өткінші екенін білемін.Сол үшін қуанамын, сол үшін өкінемін.
Өмірім- түс сияқты… Қашан басталатынын білсем де, қашан, қалай, қайда аяқталатынын және алдымда не күтіп тұрғанын білмеймін. Өмірім сонысымен қуанышты, сонысымен мұңды. Бұл «ӨМІР-ТҮСІМНІҢ» ұзақ немесе қысқа болуы мен үшін маңызды емес! Ең бастысы- қуаныш пен қайғымды бөлісе білген АДАМ- КЕЙІПКЕРЛЕРІМЕ айтар алғысым шексіз, солар аман болсын! Әр адам өз өмірінің басты кейіпкері. Менің де «түс- өмірімдегі» әр кейіпкер бақытты болуға лайықты! Ал сіздің өміріңіз неге ұқсайды?
Сүйінші сұрау туралы жалпы мәлімет.